В бөлімі 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы Жиынтық бағалауға шолу



бет3/5
Дата11.06.2023
өлшемі53,23 Kb.
#100449
1   2   3   4   5
Барлығы:

40 минут

30



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тіліТ2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Отырар
Отырар - қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс болған. «Бәрәб» -ежелгі түркі сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді, себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс - Арыстанбаб ғимараты.
Арыстанбаб - Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі. Ол туралы жазылған нақтылай деректер жоқ. Әйтсе де «Арыстанбаб - әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел... - деген деректі оқимыз. Арыстанбаб - Қожа Ахмет Яссауйдың ұстазы.
Ежелгі Отырар қыштан салынған тасболат тамдары бар, көшелері кең, керуен кіріп-шығатын қақпалары бар көрікті қала болған. Қала халқы қол өнермен айналысты. Осы қалада әлемнің екінші ұстазы Әбунәсір туған. Әбунәсір әл-Фараби жас кезінен зерек, алғыр, білімқұмар, дарынды бала болып өсті. Ол - көптеген тілдерді білген, кітап оқығанды, музыканы жақсы көрген, бүкіл өмірін ізденумен өткізген ғұлама адам.
Тағы да Отырар атын әлемге әйгілеген, әл-Фараби заманынан қалған ең бай кітапхана болды. Әбунәсір өз кезеңінде осы кітапханадағы барлық кітаптарды оқып шыққан деседі. 155 сөз http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/Kazak_tili сайтынан алынып, оқушының жас ерекшелігіне сай бейімделді)

  1. Ежелгі Отырардың халқы немен айналысқан?

А) егіншілікпен
B) қол өнермен
C) құрылыспен
D) мал шаруашылығымен [1]
2. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттың шын немесе жалған екенін табыңыз. [1]

р/с

Ақпарат

Шын

Жалған

1.

Арыстанбаб – Түркістан жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.







2.

Осы қалада әлемнің бірінші ұстазы Әбунәсір туған.







3.

Отырар - қазақ халқының ең көне қалаларының бірі.







3.Көп нүктенің орнына сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
А) Ежелгі Отырар қыштан салынған тасболат тамдары бар , ................, керуен кіріп-шығатын қақпалары бар көрікті қала болған.
(көшелері кең, үлкен) [1]
В) Әбунәсір әл-Фараби жас кезінен зерек, алғыр, білімқұмар, ...................... болып өсті.
(ғұлама, дарынды бала) [1]
4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

1. Отырар




А) қоныс

2. сулы

В) екінші ұстазы

3. әлемнің

С) салынған

4.қыштан

Д) қаласы

[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет