8 «В» Ержанұлы Бекнұр
8 сынып
Физика пәні бойынша 1 тоқсан бойынша БЖБ тапсырмасы
1-нұсқа
1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы–
A) Жылулық тепе-теңдік.
B) Конвекция.
C) Броундық қозғалыс.
D) Жылулық қозғалыс.
2. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама–
A) Температура.
B) Конвекция.
C) Жылу берілу.
D) Дененің меншікті жылусыйымдылығы.
3. Вакуумда болатын жылу берілу–
A) Конвекция.
B) Сәуле шығару.
C) Жұтылу.
D) Жылу өткізгіштік.
4. Жылулық қозғалыстың кинетикалық ɷнергиясы мен дене бөлшектерінің өзара әрекеттесуі кезіндегі потенɰиалдық ɷнергиясының қосындысына тең шама –
A) Жылу мөлшері.
B) Меншікті жану жылуы.
C) Ішкі энергия.
D) Мен шікті жылусыйымдылық.
5. Отынның меншікті жану жылуы - массасы ... болатын отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері.
A) 2 кг.
B) 10 кг.
C) 12 кг.
D) 1 кг.
6. Денеге берілетін немесе алынатын жылу мөлшерін есептейтін ɮормула –
A) Q = c m (t2-t1)
B) Q = c m (t1-t2)
C) Q = c m - (t2-t1)
D) Q = q m
7. Заттың меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі–
A) Дж/кг*оС
B) Дж.
C) °С.
D) Дж/кг
8. 30оС температура мәнін кельвинде жазыңдар:
A) 243 К. B) 303 К. C) 203 К. D) 143 К.
9. 300МДж-ға тең энергия алу үшін таскөмірдің қанша мөлшері қажет екендігін анықтаңдар. Таскөмірдің меншікті жану жылуы 30*106 Дж/кг-ға тең.
A) 1 кг. B) 0,1 кг. C) 10 т. D) 10 кг.
10. 500кг массасы бар кірпіштен соғылған пеш 10оС-ге дейін суығанда өзінен қанша жылу мөлшерін бөледі? Кірпіштің меншікті жылусыйымдылығы 880 Дж/кг*оС .
A) 4,4 МДж. B) 44 кДж. C) 440 кДж. D) 4400 Дж.
11. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі-
А) Балқу.
В) Сублимация.
С) Кристалдану.
D) Кебу.
12. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу температурасы ... деп аталады.
А) Кристалдану температурасы.
В) Қайнау температурасы.
С) Салқындау температурасы.
D) Конденсация температурасы.
13. Заттың қатты күйден сұйық күйге түспей, бірден газ күйіне көшу процесі –
А) Десублимация.
В) Сублимация.
С) Кристалдану.
D) Конденсация.
14. Тұрақты температура кезінде сұйықтың тұтас көлемі бойынша бу түзілу процесі –
А) Кебу.
В) Буырқану.
С) Сублимация.
D) Қайнау.
15. Кебу кезінде сұйықтың ішкі энергиясы ...
А) Артады.
В) Өзгеріссіз қалады.
С) Кемиді.
D) Минималды мәнге дейін кеміп, содан кейін тұрақты болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |