Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған 2-бжб тапсырмасы. ІІІ тоқсан. Бөлім «Синтаксис Қоршаған орта және энергия ресурстары.»



Дата09.03.2023
өлшемі18,43 Kb.
#72748

Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған 2-БЖБ тапсырмасы. ІІІ тоқсан.
Бөлім «Синтаксис Қоршаған орта және энергия ресурстары.»

Оқу мақсаты: 8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің


баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан
жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін
қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш
мүшелерді қолдана білу
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді оқып, әр бөлігінен алынған ақпараттарды ескере отырып жинақы мәтін (аннотация) жазыңыз
Жасалыну эволюциясына байланысты барлық пайдалы қазба магмалық, жауындық және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып есептелінеді. Магма Жер қыртысына дейін көтеріліп, қатты күйге өзгеріп отырады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер қыртысының әр қабатынан біркелкі көтеріле, Жер бетіне жақындайды.
Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген.
Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады.
Пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін береді. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгеретін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.
https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22934/
2. Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын дәлелдеңіз.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау кезінде болатын апаттар, экологияға үлкен зияның тигізеді. Мұнай судан жеңіл болғандықтан, жұқа қабықша түрінде үлкен аумаққа таралады. Оның теңізге төгілуі, сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың және балықтардың жаппай қырылуына әсер етеді. Жыл сайын Дүниежүзілік мұхитқа әртүрлі себептермен 2-10 миллион тонна мұнай құйылады екен. 2010 жылы Мексика шығанағындағы «Deepwater Horizon» мұнай платформасында техникалық ақаулардың кесірінен қатты жарылыс орын алды. Нәтижесінде платформа батып кетіп, 75000 км² су беті тығыз мұнай қабықшасымен жабылған. Апаттың салдарынан жануарлар мен құстардың шамамен 400 түріне жойылу қаупі төніп тұр.
https://faktiler.kz/munaj-ondirisinin-ekologiyaga-aseri-qandaj/
3. «Қоршаған орта» тақырыбына 3 сөйлем құрастырып жазыңыз



Критерий

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады

1

  • Мәтін бөліктеріндегі незізгі ақпараттарды ескереді;

  • Аннотация жазады.

2 бб
3 бб

Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды

2

1 бб

2 бб


Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелерді қолдана біледі

3

  • Тақырыпты ескереді;

  • Бірыңғай мүше қатысқан сөйлем құрастырады.

1
1

Жалпы бб 10 бб


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет