В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік


Орманды дала ландшафттары



бет27/41
Дата14.05.2022
өлшемі2,81 Mb.
#34363
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Орманды дала ландшафттары

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының территориясын қамтиды. Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман және дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның климаты қоңыржай континенттік болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында. Жауын-шашынның 60%-ы жаз айларына сәйкес келеді. Ең мол жауын-шашын шілде айында жауады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы – 20-30% 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2100°-1900°. Ылғалдану коэффициенті – 0,77-0,56. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшеріне қарай орманды дала ландшафттары қоңыржай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктері мен техникалық дақылдардын өсіруге қолайлы болып келеді. Жаз кезінде оңтүстік-батыстан соғатын аңызақ желдер мәдени өсімдіктер үшін үлкен қауіп туғызады.



6-сурет – Орманды дала ландшафттары
Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін же­теді.

Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.

Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық және басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м-ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп келетін сазды және құмды жыныстардан құралған.

Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тән ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті және жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі.

Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тән емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік және эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарында әр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі.

Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т.б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет