В республикасы Білім және ғылым министрлігі


 Ең маңызды деген бір тапсырмаға ден қоя білу



бет43/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

4. Ең маңызды деген бір тапсырмаға ден қоя білу. Бірнеше істі бірдей алып жүру біреуін де толыққанды аяқтауға мүмкіндік бермейді. Егер сіз нақты бір жұмыспен айналысып жүрген болсаңыз, онда бар көңіліңізді соған бөліңіз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз.
5. Өз қабілетіңді дұрыс бағалау. Біз бар жағынан мықты, табысты бола алмаймыз, кейбір заттар қолымыздан келіп жатса, кейбір тұста әлсіздік танытамыз. Бұдан өзге, бәрін қамту мүмкін емес. Нақты бір салаға қатысты мүмкіндіктеріңізді, қабілетіңізді дұрыс бағалаңыз. Алдыңызға қандай мақсат қоясыз, соңында неге жетпек ойыңыз бар және сол бағыт бойынша жүріп отырыңыз.
6. Қолыңнан келетін істі жаса. Достарыңа ілесіп немесе сәнді болғаны үшін бір іспен айналысу, нәтижесінде қателікке және түңілуге әкелуі мүмкін. Қалауыңызға сай келмесе де, қолыңыздан келетін, жасай алатын істі жасаңыз.
7. Тиімді жолды іздеңіз. Табысқа жетелейтін ең қысқа жолды іздеңіз, артық күш, уақыт пен ақша жұмсамай-ақ оңтайлы шешім таба алатындай болыңыз. Әр нәрсенің бірнеше шешімі болады, соның ең табыстысын анықтай алатын болыңыз.
8. Ыждаһаттық. Жалқаулық табысқа жетелемейді. Әрдайым өзіңмен жұмыс істеп, шешімін іздеп, алға жылжып отыру керек.
9. Өз командаңды жасақтау. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, жалғыз жүріп тамаша нәтижеге қол жеткізу қиын. Сіздің ойыңызды қолдайтын, қызметіне адал адамдарды таңдап алыңыз.
10. Өзіңді сырттай бағалай алу. Өз-өзіңе сыни көзбен қарау өз кемшіліктерің мен қателіктеріңді көріп, уақытында түзеуге мүмкіндік береді.
Билл Гейтстің осы ережелерін пайдалану арқылы міндетті түрде өміріңіздің сапасын арттырып, таңдаған салаңызда табысқа жетесіз.
(https://bilim-all.kz/article/2595-Bill-Geitsten-tabysty-boludyn-10-erezhesi)

4-тапсырма. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңыз.


5-тапсырма. Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз, мәтін мазмұны бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

а) Мәтінде берілген пікірлермен келісесіз бе немесе келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеп айтыңыз.


ә) Сіз табысқа жетудің тағы қандай жолдарын ұсынар едіңіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет