14-тапсырма.Қазақстанның табиғаты жайлы шетелдіктердің айтқан пікірлеріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
15-тапсырма.Мәтінде айтылған ақпараттың шынайылығын нақтылау мақсатында Қазақстан өңірлеріне виртуалды саяхат жасаңыздар.
Жазылым
16-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
1)...........................................................................................................? Мен тұңғыш рет қобыз бен домбыраның сазын тыңдадым.
2)...........................................................................................................? Алуан түрлі жануарлар әлемі мен табиғи үйлесім мені таңғалдырды.
3)...........................................................................................................? Осы бай өлкені тағы да асықпай араласам деймін, соның ішінде Түркістанда болу – басты арманым.
4)............................................................................................................? Сапар барысында олар «Ақжайық» табиғи қорығы, 12-15 ғасырдағы батыстағы бас қала, қазақ хандығының алғашқы астанасы «Хан ордалы Сарайшық» қаласының орындарын аралайды.
Айтылым
17-тапсырма.Сұрақты топ болып талқылаңыздар. Қазақстанға көбіне қай жақтардан туристер көп келеді?
Сіз шетелден келген туристерге Қазақстанның қай жеріне баруға кеңес берер едіңіз?