В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет55/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Мәтінде автор адамның күнделікті өмір тіршілігін неше мезгілге бөлген?
ә) Бос уақытты дұрыс пайдаланудың үш қасиетін атаңыз.
б) Адамның адамгершілік парызы неде?
в) Сіздің пікіріңізше, бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады?


5-тапсырма. Уақыт туралы өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?


Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Өтеді ғой...Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына
Таң нұрына, адамның тағдырына.
(М.Мақатаев)


6-тапсырма. Төменде берілген пікірлерге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

1) Маңызды жұмыстар үшін уақыт табу – бұл табыс көзі.


2) Ойлану үшін уақыт табу – бұл күш-жігер.
3) Оқу үшін уақыт табу – бұл білім негізі.
4) Арман үшін уақыт табу – жұлдыздарға барар жол.
5) Достық үшін уақыт табу – бақыттың шарты.



Жазылым



7-тапсырма. Берілген тіркестерді сәйкестендіріңіз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.



уақытын белгілеу

время не ждет

уақыт зымырап өтіп барады

терять время; потерять время

уақыты келді

установить время

уақыт күтпейді

попусту тратить время

уақыт қымбат

находить время

уақыт озған сайын

время летит быстро

уақытты босқа өткізу

время дорого

уақытын жоғалту

настало время

уақыт табу

с течением времени




Грамматика
Есімше формаларының септелуі:
етістік+есімше жұрнақтары+жатыс септік
Мыс:бар+ған+да,бар+атын+да,бар+ар+да,барма+с+та





8-тапсырма. Берілген сөздерге есімше жұрнақтары+жатыс септігін жалғаңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Еңбек ету –


Білімін көтеру –
Уақытты дұрыс өткізу –
Денсаулығын нығайту –
Дұрыс ұйымдастыру –
Тиімді пайдалану –


9-тапсырма. Сіз уақыттың жауларын білесіз бе? Онымен қалай күресуге болады? Ой бөлісіңіз.


Уақыттың жаулары

  • Түсініксіз мақсаттар

  • Тыңдай білмеу

  • «Жоқ» деп айта алмау

  • Асығыс шешімдер

  • Бәрін бірден орындауға ұмтылу

  • Ұмытшақтық

  • Толық ақпараттың болмауы

  • Өзіндік тәртіптің жоқтығы

  • Жоспарлай білмеу

  • Тосын шешімдер

  • Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу



10-тапсырма. «Уақытты қадірлей білесіз бе?» тақырыбында интервью алу үшін сұрақтар дайындаңыз. Белгілі қоғам қайраткерлерінен сұқбат алыңыз.



Айтылым






11-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Блиц-сауалдың нәтижесі бойынша жастардың 40 пайызы – бос уақытын ғаламтор алдында, 20 пайызы – мәдени-сауықтыру, 30 пайызы – спортпен айналысып, 10 пайызы – түнгі клубтар мен ойын алаңдарында өткізгенді құп көреді. Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Әңгімелеп беріңіз.





    1. ЕСТЕ ҚАЛҒАН САЯХАТ




Тыңдалым. Айтылым



12-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Көрікті жерлер, насихаттау, сапар, туристік орындар, қорған, жәдігерлер, сақ мәдениеті, саф алтын, тәж, мөр, сақ обалары, қазба жұмыстары, тұмса тұнған табиғат.




13-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба? Қай жерлерде болдыңыз?

  2. Есіңізде қалған саяхат туралы айтып беріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет