В республикасы Білім және ғылым министрлігі


ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ



бет2/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ







1.1. ӘУЛЕТ ДӘСТҮРІ



Тыңдалым. Айтылым



1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Туыстық қатынас, нағашы жұрт, көңілін жықпау, рухани байыту, кәмелетке толу, қара шаңырақ, көргенділік.




2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Әулет деген сөзді қалай түсінесіз?

  2. Ағайын, туысқан деп кімдерді айтамыз?

  3. Сіздің ағайын-туыстарыңыз көп пе?

  4. Туысқан туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

  5. Сіздің әулетіңізде қандай дәстүрлер сақталған?




Оқылым. Айтылым



3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.





Қазақ отбасы туралы


Қазақ отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар.


Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен әжелер ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің шаңырағы барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Билік, батырлық, әншілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен отбасында ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесін алған. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «шешесіне қарап қызын ал» деген.
(https://surak.baribar.kz/225308/)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет