В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет61/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

БӨЖ тапсырмасы:
Эссе жазу: «Менің ең қызықты саяхатым» (ақпараттарды жинақтау; ақпараттарға талдау жасау; аргументтерді салыстыру, жинақтау; эссенің бастапқы нұсқасын жазу).



5.5. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙДА ДЕМАЛАДЫ?



Тыңдалым. Айтылым



1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Туристік нысан, аймақ, шатқал, елді мекен, сапар, көне ескерткіш, қорым, қорған.


2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Сіз Қазақстан туризмі туралы не білесіз?

  2. Қазақстанның қай өңірлерінде туризмді дамыту керек деп ойлайсыз?

  3. Сіздің туған өлкеңізде туристік нысандар бар ма?




Оқылым. Айтылым



3-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Әлемде жер көлемі жөнінен алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда туризмнің танымдық, тарихи-мәдени, экологиялық-сауықтыру бағыттарын, тіпті спорттық түрін дамытудың мол мүмкіншіліктері бар. Оған қоса ежелгі сауда-саттық жолы мен өркениеттің байланыстырушысы болған ортағасырлық «Ұлы Жібек жолының» бірнеше негізгі салаларының ел аумағынан өткенін қосыңыз. Қазір елімізге келген саяхатшыларға 700-ден астам туристік бағыттар бойынша қызмет көрсету ұсынылады екен.




4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Қазақстандағы туристік нысандар

Қазақстандағы туристік нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету, т.б. топтарға бөлінеді.


Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі VI – III ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам», 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған «Сақ патшайымы» туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып саналады.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сыйыну үшін келеді.
https://el.kz/news/archive/tarikhi_turistik_nysandar/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет