В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата17.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#116942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
annotation15373

Жетекші ұғымдар мен тірек сөздер: 
әдеби байланыс, әдеби 
шығармашылық,
 
көркем шығарма,
 
көркем аударма, аудармашылық әдіс-
тәсілдер, еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама аударма, ұлттық 
бейімдеушілік, аударма емес, желісі бойынша еліктеу, аударма үдерісі, 
интерпретациялау (талқылау), сәйкестік, рецепция, «әдеби мәдениет», мәтін, 
түпнұсқа, коммуникация. 
Әдеби байланыстардың сан қырлы формалары әлемдік әдеби үдерісті 
қамтиды және оның белгілі бір заңдылығы саналып, формалары мен түрлері 
зерттеу нысаны бола алады. Көркем аударма – әдеби байланыстардың ең 
маңыздысы, өзара қарым-қатынастары мен формаларының арасында ең 
бастапқы түрі. Сонымен бірге жеке бір тілдегі туындылардың басқа бір тілде 
көрініс табу үдерісі ретінде әдеби шығармашылықтың жеке бір түрі болып 
саналады.
Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне 
аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет, экономика, 
білім беру, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина және т.б. аударма 
арқылы қанаттанып, қалыптасып отырған.
Аударма тарихы Ежелгі Антика дәуірінен басталып, осы күнге дейін 
қарқындап, құлаш жайып келеді. Қазақ халқы мен Шығыс халықтарының ауыз 
әдебиеті мен ертегілеріндегі сюжет ұқсастықтарын алсақ, мұны біз аударма 
туындысы ретінде қабылдауымыз керек. Мәселен: «Қалила мен Димна», 
«Шахнаме», «Ләйлә-Мәжнүн» және т.б. Қазіргі кезде әлем әдебиетінің тамаша 
үлгілері қазақ тіліне аударылған. Бұл жерде В. Шекспирдің, И.В. Гетенің, Ги де 
Мопассанның, А. Дюманың, сондай-ақ орыс классиктері А.С. Пушкиннің,
М. Лермонтовтың, Л. Толстойдың, Ф.М. Достоевскийдің, А.П. Чеховтың және 
т.с. сөз шеберлерінің туындыларын атауға болады. Аударма арқылы қазақ 
әдебиеті де әлемдік әдеби арнаға қосылып, өзін бүкіл әлемге танытты.
Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин,
І. Есенберлиннің және т.б. қазақ жазушыларының шығармалары түрлі тілдерде 
жарық көрді. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы ағылшын, болгар, венгр, 
вьетнам, грек, неміс, корей, поляк, румын, словак, түрік, француз, чех және т.б. 



тілдерге аударылды. Аударма халықпен халықты жақындатып, рухани 
қазыналарымен ортақтас етіп, әдеби байланыстардың нығайып, күшее түсуіне 
ықпал етті.
Көркем аударма әдеби үдеріс пен ұлттық мәдениеттің ілгері жылжып, дами 
түсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Осыған дәлел: қазіргі таңдағы жарық 
көретін әрбір үшінші кітап аударма туындысы болып табылады. Көркем 
аударма туындылары бүкіл көркем әдебиеттің жартысына жуығын құрап, 
ұлтаралық әдеби байланыстың дәнекеріне айналды.
Академик Н.И. Конрад: «Өзге тілде жазылған әдеби шығарманы өз тіліңде 
жаңғырту – әруақытта да шығармашылықтың шыңы. Аударманың пайда болуы 
– белгілі бір дәрежеде төл әдебиеттің баюына ықпал жасайды» (1, 67), – деп 
жазған. Әдеби шығармашылықты қажет ететін көркем аударма расында да 
әдебиеттердің өзара әсер етуіне, бірін-бірі байытуына жол ашты.
Аудармашылық әдіс-тәсілдер мен ұстанымдар ұлттық әдеби үдерісімізге өз 
әсерін тигізбей қойған жоқ. Аударма туындысын шығармашылық ретінде 
қабылдаушы әрбір жазушы мен оқырмандардың көркемдік таным-талғамын 
кеңейтті. Бұлай дейтініміз, «тілімізде жаңа сөз, жаңа термин, жаңа тіркес, тіпті 
жаңаша сөйлем құру дағдысы пайда болды» (2, 14).
Қай кезеңде болмасын аудармашылық әдіс-тәсілдер мен ұстанымдар 
біркелкі бола қойған жоқ. Осы әркелкіліктер аударма туындының әдеби 
үдерістегі орнын белгілеп отырды: көркем аударма төл шығармамен бірдей рөл 
атқарды ма, немесе тек «таза» аударма болып қалды ма? Бұл сауалға жауап 
беру үшін, ең алдымен, аударма туындының сапасына назар аударамыз. Көркем 
аударма тарихында аударманың үш түрі көрсетіледі. Олар: сөзбе-сөз аударма, 
еркін аударма, балама аударма. 
Сөзбе-сөз аудармада түпнұсқа тіліндегі әрбір сөз дәл аударылып, сөйлем 
тұтастығы мен мағынасы бұзылады. Аудармашы түпнұсқаның әрбір сөзін өз 
ұлтының сәйкес сөзімен тура мағынада аударуға талпынады. Бұл жағдайда 
түпнұсқа мен аударма нұсқаны салыстыра отырып, әдебиет пен тілдер 
жүйесінің әркелкілігін байқау қиын емес. Ресми және ғылыми тілді аударуда 
сөзбе-сөз аудару амалы жиі қолданылғанымен, көркем аудармада тиімсіз болып 
табылады. 
Сөзбе-сөз аударма ұстанымына қарама-қайшы келетін еркін аударма 
ұстанымы туды. Бұл ұстанымды жақтаушылар түпнұсқаның тек мазмұнын 
көрсетуге тырысады. Қазақ әдебиетінде көркем аударма еркін аудармадан 
бастау алды. Атап айтсақ, Ы. Алтынсарин мен С. Көбеевтің аудармалары еркін 
аударма қатарын құрайды.
 
Еркін аудармада аудармашы авторды сол қалпында 
стилін сақтай сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салады. Осы 
арада аудармашылар үшін қазақ тілді оқырманға аударылатын шығарманың 
мазмұнын жеткізу маңызды болды. Аударманың бұл түрінде мәтіннің 
көркемдігі беріледі де, оның көркемдік ерекшелігі сақталмайды. Соңғы кезде 
еркін аударма аударманың «желісі бойынша» еліктеу, ұлттық бейімдеушілік 
пен әдеби өңдеу сияқты жанрлық түрлеріне кіреді. Аударма ғылымының 
дамуымен аударманың бұл түрі «аударма емес», («неперевод» Жусойтының 
термині) әдеби өзара ықпалдастықтың жеке бір түрі болып қарастырылады.



Қай салада да ғылыми дәлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу 
талап етілетін жаңа заман көркем аудармаға өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. 
Балама аудармада түпнұсқаның ерекшеліктері мен мазмұнын аударма 
жасалатын тілдің құрылымын, стилін, лексикасы мен грамматикасын тілдің 
мінсіз дұрыстығымен үйлестіре отырып, ескеру арқылы дұрыс, дәл және толық 
беру талап етіледі. Дәлме-дәл немесе балама (адекватты) аудару тәсілін 
қолдануда аудармашы барынша түпнұсқаның коммуникативтік, мағыналық 
сәйкестігін сақтауды, оның стильдік ерекшеліктерін жеткізуді көздейді. Көркем 
аудармада аударманың осы тәсілі түпнұсқаның коммуникативтік белгілерінің 
тұтас жеткізілуіне, аудармашы үшін қаламгердің суреткерлік шеберлігін 
танытуға мүмкіндік беретін бірден-бір тәсіл болып саналады. 
Сөзбе-сөз және еркін аудармалар жетілдіріліп, балама аударманың 
дамуына әкелді. Бұл дегеніміз – аударма әдебиетте мазмұн мен форма бірлігінің 
сақталуы. Екіншіден, аудармашының түпнұсқаға деген адалдығы. Аудармашы 
түпнұсқаны терең түсініп, жетік меңгергенде ғана балама аударма дүниеге 
келеді. Яғни, «аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым 
болуға тиіс» (3, 172). Балама аудармада мәдениеті, салт-дәстүрі, діні мен 
көзқарасы мүлдем өзге халықтың әдебиетіндегі ұлттық-мәдени ортасының 
айырмашылығын, ерекшеліктерін көрсету – көркем аударманың басты 
мәселелерінің бірі болып табылады. Ә. Сатыбалдиев өзінің «Рухани қазына» 
атты кітабында аударма жайлы ойларын қорыта келе былай деп жазған: 
«Көркем аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, 
қарадүрсіндікке саяды, ол түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз етіп 
сірестіріп қою – тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағыз 
творчестволық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік ерекшеліктерін 
түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі 
қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана 
аударма көркем болады» (4, 171).
Аударма теориясы мен тәжірибесі балама аударманы қолдап 
қуаттағанымен, «аударма емес» – еркін аударманың пайда болуы мәселесін күн 
тәртібінен шығарған емес. Аударманың жанрлық түрлерінің пайда болу 
себептері қалай? Осы сұраққа жауап беру үшін аударма тарихына көз 
жүгіртеміз. Аударма тәжірибесі дәләлдегендей, бірыңғай шектеулі аударманың 
болуы мүмкін емес. Осыған орай, аударманың шығармашылық сипатын еске 
алсақ, әрбір шығармашының да даралық ерекшелігін ұмытпау қажет. 
Айтылғандарға өз заңдылықтары бар тіл жүйесінің әркелкілігін қоссақ, аударма 
түпнұсқаға сәйкес болып шықпайды.
Аударма – басқа бір тілде жазылған шығарманың екінші тілге көшіріліп 
қайта жасалуы, яғни интерпретациясы. Аударма мәні сәйкестікті іздестіруден, 
бейімдеуден тұратын шығармашылықтың ерекше бір формасы болып 
табылады. Бұл дегеніміз – аудармашының еншісінде шамалы қажетті 
еркіндіктің болуы. Еркіндік шамадан тыс болмай, түпнұсқа мазмұнын дәлме-
дәл беру ұтымды болмаған жағдайда ғана қажет. Аудармашы мәтінді 
қабылдаушы және талдаушы бастапқы коммуникант ретінде интерпретатор 
рөлін атқарады. Аудармашының біржақтылығы мен «ауа сілтеушілігі, өзінен 



сөз қосушылығы» «аударма емес» – «желісі бойынша» еліктеуге әкеп 
соқтырады. Ұлттық бейімдеушілік – бір ұлт әдебиетінің екінші ұлт әдебиетіне 
ену формаларының бірі. Жеке бір тілде жазылған шығарманың мазмұны мен 
желісін өзге тілде жаңғырту ұлттық бейімдеушілікке жатады. Аудармашының 
басты мақсаты – оқырманға түпнұсқаның мазмұнын жай әрі түсінікті тілмен 
жеткізіп, жұмысын жеңілдету. Ұлттық бейімдеушілік аудармаға жатпағанымен, 
онымен тығыз байланысты.
Халықтар арасындағы әдеби байланыстардың ерте кезеңінде рухани 
құндылықтармен алмасу аударманың өзі емес, оның жанрлық түрлерімен 
жүзеге асты. Аударма әдебиеттің сөзбе-сөздік, еркіндік дәрежесіне, оның 
аударылу тәсіліне және қабылдануына қарай аударманың жанрлық түрлері 
жайлы түсінік қалыптасады. Алғашқы аудармалар түпнұсқаның көркемдік 
ерекшеліктерін, автор стилін толық көрсете алмады. Осындай көптеген 
кемшіліктеріне қарамастан, бұл аудармалардың өз заманына 
сай, 
оқырмандарының мұқтажына лайықты көркемдік маңызын жоққа шығаруға 
болмайды.
Түпнұсқа аудармаға негіз болатыны белгілі. Ал осы аударма шығарманың 
өзі де келесі аудармаға негізгі қайнар көз бола алады. Бұл жағдайда дәнекер 
болушы тіл арқылы екі мәдениет арасында байланыс орнап, әдеби 
құндылықтармен өзара алмасу жүреді. Аударманың осы көпсатылығында 
түпнұсқа өзінің бастапқы бейнесін жоғалтады, өзгертеді немесе жаңа реңкке ие 
болады. Осы құбылыстар да әдеби шығармаларды түрлі ұлт арасында кеңінен 
тарату күрделі кезеңнен өтетінін айғақтайды.
Аударма көркем шығарманың өзге мәдениетке кірігуінің маңызды 
тәсілдерінің 
бірі 
болып 
табылады. 
Бұл 
үдеріс 
аудармашылық 
интерпретацияның қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Осы тәрізді 
тұжырымдардың болуы қалыптан тыс жайт емес. Оларды жоққа шығаруға 
болмайды десек, аударманы шығарма ретінде уақытта, кеңістікте және 
адамдардың санасында өмір сүру формасы ретінде бағалап, талқылаудың, 
термин тілінде айтқанда, интерпретацияның себептерін зерделеуге тырысу 
қажет. Қазіргі таңда аударманы зерттеуде аударма туындының әлемдік 
әдебиетте түпнұсқаның тең дәрежелі орынға ие бір нұсқасы болып 
табылатындығын ұғыну маңызды. Сондықтан да, «аударма туынды оқырманға 
қалай әсер етеді?», «оның түсініктемесі түпнұсқа мәдениетіндегі қалыптасқан 
түсініктемелерден айырмашылығы неде және ондағы өзгертулердің себептері 
қандай?» деген сауалдардың туындауы заңды құбылыс.
Аударманы әдеби тұрғыдан бағалау барысында оның түпнұсқаға 
эстетикалық сәйкестігі бағамдалады, аударманың рухани мәдениетті 
дамытудағы рөлі айқындалады, сондай-ақ аудармашының суреткерлік жеке 
тұлғасына, оның суреткерлік дара қасиеттеріне назар аудара отырып, оның 
таңдауын түсінуге талпыныс жасалады. Лингвистермен салыстырғанда
әдебиеттанушылар аударманы шынайы болмысты қайта жаңғыртудың, яғни 
шығармадағы образдарды игерудің бір тәсілі ретінде қарастырады.



Текст (мәтін) – латын сөзінен аударғанда «түзілім, өрілім, қосылым, тілдік 
бірліктердің мағыналық байланысы арқылы біріккен жүйесі» дегенді білдіреді. 
Ғалымдар мәтіннің басты қасиеті – орамдылық, тұтастық деп түсіндіреді. 
Көркем мәтін – мәтін теориясы, мәтін лингвистикасы, герменевтика, 
поэтика мен стилистика тұрығысынан зерттеуді қажет ететін күрделі де көп 
қырлы түзіліс. Тілдік материал ретінде көркем мәтін ұлттық менталитетке 
сәйкес келетін, сондықтан да ұлттық әлем бейнесіне сәйкестендіріле алатын, 
тілдік таңбалар мен мәтіндік құрылымдарда көрініс тапқан ұлттық 
құндылықтар жүйесін құрайды. Көркем мәтін белгілі бір мазмұнды жеткізу 
үшін тілдік құралдарды мақсатты түрде іріктеу мен айрықша ұйымдастырудың 
нәтижесі болып табылады. Көркем мәтінді интерпретациялау оны түсіну мен 
түсіндіруге апаратын үдеріс ретінде мәтіннің мазмұнын ашуды көздейді. 
Соңғы жылдары көркем мәтінді аудару мен интерпретациялау мәселесі 
түрлі аспектіде аударматану ғылымының басты назарында тұр. Осы мәселеге 
арналған еңбектер саны да күн сайын артуда. 
Бүгінгі таңда ғалымдар әрбір қос тіл мен әрбір мәтін түрі үшін 
аудармашылық нормаларды анықтауда. Мұндай тәсіл қазіргі заманғы 
лингвистикалық аударма теориясында қолданбалы сипатқа ие, сондай-ақ нақты 
бір міндеттің нақты шешімін табуға бағытталған. Әдебиеттанушылар, 
керісінше, аударманың рухани мәдениеттің дамуындағы рөлін анықтай отырып, 
оны 
түпнұсқаға 
эстетикалық 
сәйкестігі 
тұрғысынан 
бағалайды. 
Әдебиеттанулық тәсіл аудармашы тұлғасын, оның суреткерлік шеберлігін 
ескере отырып, оның таңдауын түсінуге көбірек көңіл бөледі. Ол аудармаға 
өнер ретінде, яғни шынайы болмысты қайта жаңғырту тәсілі ретінде қарауға 
мүмкіндік береді. Олай болса, аудармаға қойылатын бірнеше талаптарды атап 
көрсетейік: 

аударма түпнұсқа сияқты оқылып, түпнұсқа сияқты түсінікті болуы 
тиіс; 

аудармада түпнұсқаның ұлттық колоритін сақтау – маңызды 
міндеттердің бірі; 

аудару барысында түпнұсқадағы образдардың рухани-психологиялық 
әлеміне терең үңілу қажет; 

аударма үдерісінде көркемдік-бейнелеу құралдарын барынша дәлме-дәл 
беруге қол жеткізу; 

аударма стилі түпнұсқаның стилімен сәйкес келуі тиіс;

түпнұсқаның басты идеясын сақтау керек; 

аудармада толықтырулар мен қысқартуларға жол бермеу қажет. 
Тілдік ауыс-түйістерден айрықшаланатын аударма ерекшелігі түпнұсқаны 
толыққанды ауыстыруды мақсат тұтады. Сонымен қатар, аударманың 
түпнұсқамен дәлме-дәл болуы мүмкін еместігі ақиқат жайт, бірақ ол тіларалық 
байланыстың жүзеге асуына кедергі келтірмейді.
Түпнұсқа мен аударманы дәлме-дәл шықпайды дейтін болсақ, аударматану 
ғылымында түпнұсқа мен аударма мазмұны арасындағы қатынастың 
ортақтығын білдіретін, яғни түпнұсқа мен аударманың мағыналық 
жақындығын білдіретін «сәйкестік» термині енгізілді. Түпнұсқа мен аударма 


10 
мәтіндер арасында барынша сәйкес келу маңызды болғандықтан, әдетте 
сәйкестік аударманың негізгі белгісі мен шарты ретінде қарастырылады.
Аударманың анықтамасында сәйкестік шарты да қамтылады. «Сәйкестік» 
ұғымы бағалау сипатына ие: сәйкес немесе эквивалентті аударма ғана «жақсы» 
немесе «дұрыс» аударма болып табылады.
Соңғы уақытқа дейін аударматануда тілдің басымдығын білдіретін 
лингвистикалық теория жетекші рөл атқарып келеді. Осы ретте аудармашы 
түпнұсқа тілін аударма тілде толық көлемде, барынша дәл жеткізуді басты 
міндеті санайды. Аудармада түпнұсқаның мазмұны толықтай сақталуы тиіс 
деген тұжырымға келе отырып, аударманың кейбір анықтамалары 
эквиваленттілікті парапарлыққа ауыстырады. Мәселен, А.В. Федоров 
«эквивалентті» деген терминнің орнына «толыққанды» (полноценный) деген 
терминді қолдана отырып, осы толыққандылық термині «түпнұсқаның 
мағыналық мазмұнын мейлінше толық жеткізуді» (5, 33) қамтитындығын 
мәлімдейді. Дегенмен, осы пікірді ғалымдардың барлығы бірдей қолдамады. 
Мәселен, Бархударов «аудармада ... түпнұсқа мәтініндегі мағынаны толық 
жеткізу мүмкін емес» сәттердің болатындығын мойындайды. Осыған орай ол 
«аударма мәтін ешқашан түпнұсқа мәтіннің толық және абсолютті эквиваленті 
бола алмайды» (5, 34) деген қорытынды жасайды.
Аудармаға қатысты осындай көзқарас аударма мүлдем мүмкін емес деген 
пікірдің туындауына себеп болды. Әрбір тілдің сөздік қоры мен грамматикалық 
құрылымының ерекшеліктері, мәдениетінің әркелкілігі түпнұсқа мәтін мен 
аударманың толықтай парапарлығы мүмкін емес деген тұжырым жасауға 
болады. Дегенмен де, аударманың өзі де мүмкін емес деп мәлімдеу ақылға 
қонымсыз.
Аудармашылық сәйкестікке қатысты келесі көзқарас В.Н. Комиссаровтың 
еңбегінде келтірілген. В.Н. Комиссаров түрлі аудармаларда түпнұсқаға 
мағыналық жақындық деңгейі біркелкі еместігін, олардың эквиваленттігі 
түпнұсқа мазмұнының түрлі бөліктерін сақтауға негізделетіндігін тәжірибе 
жасау нәтижесінде анықтаған. «Аударма теориясы» атты кітабында
В.Н. Комиссаров эквиваленттік деңгей теориясын тұжырымдады, осы теория 
бойынша аударма үдерісінде түпнұсқа мен аударманың сәйкес деңгейлері 
арасында эквиваленттік қатынас орнайды. Ғалым түпнұсқа мен аударма 
мазмұны негізінде бес мазмұндық деңгейді атап көрсеткен.
Шынайы болмысты ұғыну өнері шығармашылық аударманың айнымас 
шарты болып табылады, өйткені тілдік әркелкілік салдарынан түпнұсқа мен 
аударма арасында семантикалық дәлдік болуы мүмкін емес. Лингвистикалық 
дұрыс аударма болмайды десек, интерпретацияның ғана болуын болжауға 
болады. Аудармашы мағынаның жартысын ғана беретін семантикалық 
бірліктің бірін таңдауы тиіс, ал бұл үшін мәтінге телінген ақиқатты білу керек.
«Интерпретация» сөзінің мағынасы сөздікте «түсіндіру», «түсінік беру», 
«мағынасын ашу» дегенді білдіреді. Ағылшын және француз тілдерінде 
«interpret» бір мезгілде «аудару» және өзінше «түсіндіру, талқылау» дегенді 
білдіреді. Мәтінді интерпретациялау – сол мәтіннің ішіндегі мазмұнды ашу 
деген сөз. Нәтижесінде, кез келген мәтінді оқу, жалпы кез келген сөзді 


11 
қабылдау акті (адам оқығанын немесе естігенін түсінген жағдайда ғана) 
интерпретациялау болып табылады. Мәтінді интерпретациялау қандай да бір 
дәрежеде терең, қандай да бір дәрежеде толық болуы мүмкін. Зерттеу қызметі 
немесе оқу практикасы ретіндегі мәтінді интерпретациялаудың негізгі міндеті 
мәтіннен барынша мол ақпарат алып, автордың мәтінге жүктеген мазмұнын, 
сонымен қатар, автордың еркінен тыс жүктелген мазмұнның мағынасын өзі 
үшін ғана емес, өзгелерге де барынша ұғындыруды көздейді. 
Көркем мәтін шектеулі кеңістікте тілдің мүмкіндіктерінен едәуір асып 
түсетін ақпарат көлемін шоғырландырады. Сондықтан да көркем шығарманы 
интерпретациялаудың мәні көркем мәтінді тұтас бірлік ретінде, сондай-ақ оның 
әрбір деталі бүкіл шығарманы көрсететін немесе бүкіл шығарма кішкене бір 
детальда көрініс табатын қандай да бір жүйе ретінде түсіну мен түсіндіруден 
тұрады.
Интерпретация шығарманың тілдік бірліктері семантикасында көрініс 
тапқан концептуалдық мазмұнының мағынасына үңілуге жол ашады. Аударма 
теориясындағы түпнұсқаны түсіну мәселесіндегі мына бір қағидамен барлығы 
дерлік келіседі деуге болады: түпнұсқаны дұрыс түсіну үшін аудармашы әлемге 
автордың көзімен қарай білуі тиіс. Әрине, егер де аудармашы өзінің 
дүниетанымына ұқсас авторды таңдаса, онда оның атқаратын міндеті 
жеңілдейтіні рас. Кері жағдайда, аудармашы авторды өз ыңғайына қарай қайта 
бейімдейді.
Түпнұсқаны дұрыс ұғыну үшін аудармашы ерекше сезімталдық 
(аңғарымпаздық) пен интуицияға ие болуы шарт. Осыған қоса аудармашының 
түпнұсқаға адалдығы мен талғамы маңызды рөл атқарады. Жеке даралық 
қасиеттерден тыс аудармашы терең білім мен эрудицияға ие болуы тиіс. 
Аудармашы ең алдымен түпнұсқа мәдениетін зерттеп, автордың өмірбаянымен 
және шығармашылығымен, сондай-ақ автордың әдеби бағытымен жете таныс 
болғаны абзал.
Профессор Т.О. Есембеков «Мәтінді аудару және интерпретация» курсы 
туралы» атты мақаласында түпнұсқаны интерпретациялаудың мәні мен 
маңызына, сондай-ақ интерпретациялау үдерісіне қатысты былай деп 
тұжырымдаған: «Аударматануда түпнұсқаны интерпретациялау туралы 
пікірлер бір ізге түспеген. Аударылатын мәтінді тәржімалауға дайындық көп 
сөз болғанымен, ол мәтінді қабылдау, түсіну, талдауға ғана негізделген, ал оны 
бағалау мен теңестіру (идентификация) сияқты әрекеттер сөз бола бермейді. 
Осы кезеңде қоғамдық, әлеуметтік, тарихи, адами факторлар мен ақпараттарды 
жинау, жүйелеу, талдау, қорыту сияқты аудармашы үшін өте бағалы әрекеттер 
жүзеге асырылуы тиіс. Түпнұсқада оқырманы мен аударманың оқырманының 
арасындағы білім мен біліктілік айырмашылығы өз алдына, олардың қабылдау 
жүйесінің ерекшеліктері де бар ғой. Түпнұсқаға интерпретация жасау 
барысында бұларды ескеру міндетті болғаны жөн» (6, 6). Автор аудармашылық 
интерпретациялау әрекеттеріне тоқталып, аудармашылық интерпретацияның 
аударма үдерісіндегі жетекші маңызын атап көрсеткен.
Аударма мақсаты – бастапқы мәтінді аудармашылық интерпретациялауға 
ұшырату негізінде өзге тілді және мәдени ортада оны ауыстыра алатын екінші 


12 
мәтін жасау. Көптеген зерттеушілер аударма үдерісінің бастапқы және екінші 
коммуникативтік жағдаятқа байланысты екі кезеңдік сипатын атап өтеді. Егер 
де мәтінді ана тілі мен шет тілінде қабылдау арасындағы психологиялық және 
үдерістік айырмашылықты елемейтін болсақ, онда аудармашы мәтінді 
қабылдаушы әрі, талдаушы бастапқы коммуникант ретінде интерпретатор рөлін 
атқарады. 
Бүгінгі таңда интерпретация ұғымы философия, өнер, тіл білімі, 
аударматану салаларында жиі қолданылып, ғылыми зерттеу нысанына 
айналған.
«Интерпретация» терминіне, оның аудармашылық тәжірибедегі рөліне 
тоқтала кетсек, «интерпретация» термині бастапқыда герменевтикада 
қабылданып, түсіну мен түсіндіру өнерін білдірген (7, 62). Аударма теориясына 
бұл терминді И.И. Резвин мен В.Ю. Розенцвейг енгізген. Бұл жерде түпнұсқа 
мәніннен аударма мәтінге түпнұсқа тілі мен аударма тілі арасындағы 
сәйкестіктер жүйесі арқылы емес, шынайы болмыстағы жағдаятқа жүгіну 
арқылы өту назарға алынады (7, 56-58). Аудармашылық қызметке қатысты 
«интерпретация» термині бірнеше мағынаға ие бола алады: 
1)
тілдік бірліктерді мәнмәтіндік (контекстілік) интерпретациялау, 
2)
сөздіктер мен анықтамалықтардың көмегімен интерпретациялау, 
3)
аудармашы суреттелуші шынайы болмысты ескере отырып, өзіндік 
шығармашылық акті арқылы интерпретациялауы, 
4) мәтінде айтылғандардың тікелей мазмұнын құрамайтын, бірақ та одан 
коммуникацияның 
нақты 
акті 
жағдайында 
туындайтын 
мағынаны 
интерпретациялау.
Аудармашы тілдік жүйедегі семантикалық қатардан әрбір тілдік бірліктің 
орнын түпнұсқа тілінің мағынасына қарай анықтайтын заңдылықтарды табады. 
Осы ретте мәтінді түсіну сәйкес тілдік бірліктерді түсінумен, олардың белгілі 
бір семантикалық мәнмәтіндегі қызметімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 
мәнмәтіндік интерпретациялау белгілі бір мағынада жеке сипатқа ие. Аударма 
кезінде интерпретацияның рөлі әрқалай бағаланады.
Көркем мәтінді аударудағы ең басты мақсат – өзге тілде көркем шығарма 
жасау. Кей жағдайда түпнұсқа мен аударма мәтіннің сәйкестігі тікелей 
аудармашының алдына қойған мақсатына да тәуелді. 
 
Интерпретацияның қаншалықты дұрыс шығуы немесе дұрыс шықпауы 
аударылатын мәтіннің түріне де байланысты. Көркем мәтінмен жұмыс істеуде 
түпнұсқа мазмұнын өзге тілдің құралдары арқылы жеткізіп қана қоймай, өзге 
тілде көркем шығарма жасау көзделуі тиіс. Чех компаративист-ғалымы
И. Левыйдың пікірі бойынша, «...түпнұсқа мен аударманың тілдік 
материалының сан алуандығы салдарынан олардың берілуі арасында 
семантикалық тепе-теңдік бола алмайды, олай болса, лингвистикалық дәл 
аудару мүмкін емес, тек интерпретациялауға ғана болады»
 
(8, 66). 
Автор өз ойын дамыта келе, аудармашы шығарманы интерпретациялай 
отырып, мәтінге субъективті тұрғыдан қарамай, оның «объективті мағынасына» 
иек артуы тиіс екендін жазады. Сонымен қатар, аудармашы шығарманы 


13 
аударуда өзінің «интерпретациялық ұстанымын» анықтайтын бірқатар 
алғышарттарға сүйенеді.
Қазіргі заманғы аударматану ғылымында «интерпретация» (қазақ тіліндегі 
баламасы «талқылау») терминінің көптеген анықтамалары бар. Мұндай алуан 
түрлілік зерттеушіні әр кезде осы сөздің мағынасын өз концепциясы 
шеңберінде нақтылауға мәжбүрлейді. Біз аудармашылық талқылауды түсінудің 
қайнар көзі, яғни мәтін мен аудармашы арасында диалог орнатудың негізі 
ретінде қарастырамыз. Ғ. Мұстафин аудару үдерісінің соншалықты қиындығын 
қос тілді меңгерген адамның бәрі аудармашы бола бермейтіндігін ескерте келе, 
«... Шығарманы аудару үшін, аударушы – автордың контекстері мен 
подтекстерін, оның стилін, творчестволық табиғатын түсінуі керек. Сол сияқты 
өзінің ана тіліне мейлінше бай болуы керек» (9, 83), – деп атап өткен. 
Аударма көркем шығарманың бір көрінісі болып табылатындықтан, оған 
әдебиеттануда кездесетін барлық талдау тәсілдерді қолдануға болады, соған 
қоса арнайы түпнұсқамен салғастырудың тәсілдерін атап айтқан жөн. 
Зерттеушіге түпнұсқа мен аударма мәтіндері арасындағы «саңлау» 
қызығушылық тудырып, негізгі зерттеу нысанына айналады. Алғашқы қадам – 
аудармашының интерпретациясына ықпал ететін фактор ретіндегі «әдеби 
мәдентиетті» қарастыру. Таза аудармашылық қабылдау болмайды. Аудармашы 
іске кірісе отырып, автор туралы фондық білімге қанық болады. Аударматану 
ғылымында аудармашының мұқият зерттеуші болуын талап етеді. Аудармашы 
рөлін көбінесе кәсіби әдебиеттанушылардың атқаруы да кездейсоқтық емес.
Рецепция, яғни қабылдау – компаративистиканың негізгі категориясының 
бірі. Жалпы аударманың өзі рецепцияның бір формасы ретінде қарастырылады. 
Әдеби туындыны қабылдау, интерпретациялау мәселелері М.П. Алексеев,
А.Н. Веселовский, Д. Дюришин, В.М. Жирмунский, И.Г. Неупокоева және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде ішінара айтылады. Көркемдік қабылдау көркем 
шығармашылық психологиясымен тығыз байланысты. Көркем шығарманың 
рецепциясы көп қырлы. Ол эмоционалдық күйзелісті, авторлық ойды дамыту 
логикасын ұғыну мен бағалау мәдениетін қамтиды.
Мәселен, Ф.М. Достоевскийдің Қазақстандағы рецепциясы мен оның 
шығармаларының интерпретациясы бір-біріне тығыз байланысты деуге болады.
 
Қазақ әдебиетінде де Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығы даралығы мен 
күрделілігі мол таусылмайтын қазына ретінде қарастырылады. Қазақ 
жазушылары Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығын өзіне үлгі тұтып, одан 
психологиялық талдау әдісін үйренді. Қаламгердің суреткерлік ерекшелігіне 
қызығушылық танытқан жазушы-аудармашыларымыз оның бірқатар көрнекті 
туындыларын аударды. Бұл жазушы шығармашылығының қазақ әдебиетінде 
қабылдануының оң нәтижесін көрсетеді. 
Автор туралы қалыптасқан рецепция, яғни оны қабылдау оның 
шығармаларын аудармашылық интерпретациясына әсер етеді десек, 
аудармалардың өзі рецепцияның бір бөлігі болып, «әдеби мәдениетті» 
қалыптастырады деуге болады. Көркем аударма аясындағы рецепция мен 
интерпретацияның арақатынасы мәселесі арнайы теориялық зерттеуді қажет 
етеді.


14 
Көркем аударманы зерттеу тәсілдері шеңберінде төмендегілерді атауға 
болады: 
– аудармашының жеке тұлғасын зерттеу. Бұл жерде оның мінез-құлқы, 
шығармашылық мәнері, әдеби қызығушылықтары, аудармаға, автор мен 
шығармаға деген көзқарастары туралы мәліметтер өте маңызды.
– шығарманың барлық аудармаларын кешенді зерттеу.
Түпнұсқаны аударған барлық аудармашылардың аудармаларын ескеретін 
осы талдау тәсілі шығарманың интерпретациялау ауқымын анықтауға септігін 
тигізеді. Мәселен, қазақ әдебиетінде А.С. Пушкиннің «Татьянаның хаты» атты 
өлеңінің Абай дәстүрінен басталған бірнеше аудармалары бар. Осы өлеңді
интерпретациялауда Қ. Аманжолов, Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев 
сияқты ақындарымыз да өз бақтарын сынаған. «Әрине, Пушкинді аударуда 
Қасым Аманжолов, Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин, Қуандық Шаңғытбаев 
аудармаларының кейбір үлгілері Абай дәстүріне кейде біршама жақын десек те, 
жалпы алғанда поэзины аударудағы Абай үлгілері – біздің әлі де жетпеген 
шыңымыз, алмаған, аспаған асуымыз. Аударма өнеріндегі болашаққа апарар 
мұрамыз. Оны Абайдың төл шығармаларымен қоса жасайтын мәңгілік мұра деп 
толық айтуға болады» (10, 6). 
Көркем мәтіннің интерпретациялық ауқымы кең. Сондықтан да оның 
интерпретациясы шектеусіз бола алады. Белгілі бір шығарманың бірнеше 
аудармасының болуы осының айғағы. Шығарманың бір тілде бірнеше 
аудармасының болуы қабылдаушы әдебиетте сол шығарманың ерекше 
ықыласқа ие екендігінен хабар береді. Осындай аудармалардың әрқайсысы 
түпнұсқадан, сол мәтіннің қалған басқа аудармаларынан ажыратуға болатын 
жеке дара белгілерге ие. 
Аударма мен әдебиеттердің өзара ықпалдастығының өзге (ұлттық 
бейімдеушілік, еліктеу және т.б.) түрлерінің аражігін ажырататын болсақ, 
түпнұсқаның аудармашы ұсынған қандай да бір интерпретациясының
сәйкестік дәрежесінің жоғары болуы ажыратудағы басты критерийдің бірі 
саналады. Алайда, әдеби ықпалдастықтың осындай түрлерін зерттеу нысанынан 
алып тастауға болмайды, өйткені олар да аударма заңдарына ұқсас заңдар 
бойынша дамиды. Осы тәрізді нұсқалар аудармашының шығармашылық 
санасының түпнұсқа болмысымен ұштасып, аудармада көрініс табатындығын 
көрсетеді.
Аударманы сыни тұрғыдан бағалау оқырманның талғамын қалыптастыруға 
ықпал етеді, алайда ол қандай да бір аударманы оқуға тыйым сала алмайды. 
Кей кезде сапасыз орындалған аударманың өзі мүлтіксіз әдеби тілде 
орындалған аудармадан гөрі түпнұсқа туралы көбірек мәлімет береді. Кейде 
аудармашы жіберген дәлсіздіктер оның сауатсыздығынан гөрі мәдениеттердің 
өзара түсіністігіндегі сәйкессіздіктерді көрсетеді. Атап айтсақ, «… көркем 
аударманың негізгі қиындығы – екі тілдегі ұғымның шалғайлығында. Сол 
шалғайлықты «қиядан қиыстырып» беру аударушының шеберлігін тілейді» (11, 
30).
 
Аудармашының аударма үдерісіндегі әрбір кезеңдік интерпретациясын 
ескеру дегеніміз – оқудағы қателіктерді табу, аудармашының түпнұсқаны 


15 
филологиялық талдау нәтижелерін зерттеу, аудармашының ана тілінде 
құрылған және түпнұсқаны қайта жасауда көрініс табатын «түсінудің 
алғышартын» ескеру.
Түпнұсқа мен аударманы салғастырудың негізгі бірлігі дегеніміз – 
шығарманың ішкі бірлігін құрайтын көркем образ. Аудармада көркем образды 
трансформациялау өзге бірлікті құрауды білдіреді, бұл жерде зерттеушінің 
басты мақсаты қандай бірлікті екендігін анықтап, образдың өзгеру тәсілдерін 
емес, оның өзгеру себептерін назарға алу болып табылады.
Қазіргі таңда аударматану ғылымында «интерпретациялау» терминінің 
көптеген анықтамасы кездеседі. Бұл терминмен кейбір ғалымдар аударманың 
ерекше түрін (И.И. Резвин, В.Ю. Розенцвейг) атаса, біреулері (Д. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет