В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата17.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#116942
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
annotation15373

 
Абай
А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан жеті үзіндіні аударған. Осы 
аудармалардың ішінен ол «Татьянаның хатына» ерекше мән берген.
 
Осылайша, 
бүкіл қазақ даласы Татьяна мен Онегин жайлы ән шырқады.
 
Ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Пушкинді бүкіл халықтың ақыны деп 
атаса, казақ әдебиетінің классик жазушысы С. Дөнентаев орыс ақынын 
«қазақтың халық ақыны» деп атаған. Шынында да, Пушкиннің «Евгений 
Онегин» шығармасы қазақ халқына Абайдың, басқа да ақын мен жыраулардың 
аудармаларында халық арасында кеңінен тарады. Сонымен қатар, ол Крылов 
мысалдарын, М.Ю. Лермонтовтың «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен», 
«Қараңғы түнде тау қалғып» (И. Гётеден) қазақ тіліне аударды. Абайдың 
аудармашылығы жайлы Р. Хайруллин былай деп жазған: «Абай қазақ 
топырағындағы шын мәніндегі аударма әдебиеттің, оның ішінде орыс әдебиеті 
классиктері шығармаларын аудару үлгісін жасаушы болды. Көркем аударманы 
өнер етіп тұңғыш таныстырушы да Абай» (13, 17). Абай 60 – 70 жылдардағы 
орыс әдебиетін, соның ішінде Лев Толстой мен М.Е. Салтыков-Щедрин сияқты 
прозаиктердің шығармашылығын үлгі тұтты.
Абай дәстүрін өз шығармашылығына тірек еткен Шәкәрім Құдайбердиев 
те ұлттық әдебиеттер арасын жақындату үшін аудармашылық өнермен 
айналысты. Ол Л.Н. Толстой, Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. 
А.С. Пушкин қаламынан туған «Дубровский» мен «Боран» атты прозалық 
шығармаларды қазақша өлең түрінде толық көрсете біліп, қазақ оқырмандарын 
жаңа үлгідегі орыс әдебиетімен таныстырды. Шәкәрім Құдайбердиевтің 
аудармаларының негізгі ерекшелігі – прозаны поэзиямен аударуы. Ол
А.С. Пушкин шығармасын дәлме-дәл аударуды мақсат тұтпай, сол кездегі 
оқырманның қабылдау дәрежесін ескерген. «Жазбаймын дәл өзінше Пушкин 
сөзін», – деген сөздерінде ақын аударманың еркін түрін қолданғанын 
мойындаған. 
Сонымен 
қатар, 
Ш. 
Құдайбердиевтің 
аудармасында
Л. Толстойдың «Асахардион Лаэли», «Криз патша», «Ұждан», «Қолшатыр 
бұйрығы», «Үш сауал» шығармалары қазақ тілінде жарық көрді. Л. Толстойды 
өзінің ұстазы санап, оның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық 
танытқанын Ш. Құдайбердиевтің мына өлең жолдарынан көруге болады: 
Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың, 
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. 
Жанымен сүйді әділет ардың жолын, 
Сондықтан ол иесі терең ойдың (26, 81). 
А. Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин бастаған өнегелі дәстүр өз жалғасын 
тапты. Қазақ әдебиетінен орын алған қаламгерлеріміздің көпшілігі 
аудармашылық өнеріне оралып отырды. ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде 
аудармашылық өнер одан әрі дами түсті. Батыс елдерінде аударма әдебиеттің 
көбеюіне байланысты ХХ ғасырды «аударма ғасыры» деп те атады. Осы үдеріс 
қазақ әдебиетінде де кеңінен көрініс тапты. Орыс тілінен қазақшаға өлеңдер 
мен қатар прозалық шығармалар да көбірек аударыла бастады. 1903 жылы


37 
М. Бекімовтың аудармасында А.С. Пушкиннің «Капитан қызы» повесі қазақ 
тілінде жарық көрді. М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Көбеев және т.б. ақын-
жазушыларымыз өздерінің мәдени-ағартушылық қызметін аудармашылықпен 
шебер ұштастырды. С. Көбеев И.А. Крыловтың 45 мысалын аударып «Үлгілі 
тәржіма» деген атпен бөлек кітапша етіп шығарды.
Орыс мысалшысы И.А. Крыловтың бірқатар мысалдарын қазақтың 
көрнекті ғалымы А. Байтұрсынов қазақ тіліне аударып, 1922 жылы «Қырық 
мысал» деген атпен жеке кітап түрінде бастырып шықты. А. Байтұрсынов 
мысалдарды аударуда еркін тәсіл арқылы оқырманның жұмысын жеңілдету 
мақсатында әрбір жайттың егжей-тегжейін түсіндіріп, соңында қорытынды 
жасаған. Ол осы «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» атты 
өлеңінде халқына басқа елдердің шығармаларындағы жақсылықтарды үлгі етіп 
алу керектігін айтқан: 
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, 
Әзірге қолдан келген осы барым. 
Қанағат азға деген, жоққа сабыр, 
Қомсынып, қоңырайма құрбыларым (27, 3). 
А. Байтұрсынов аудармаларында қазақ тұрмысына жат, сай емес есімдер 
қазақшаланған. Мәселен, орыс халқының Полкан, Барбос атты иттерін 
қазақтың Мойнақ, Жолдыаяқ есімдерімен ауыстырған. Ал, Васька, Степан, 
Демьян, Трофим, Клим есімдері қазақ өміріне бейімделіп, Құрамыс, 
Көпбергенбай, Қисықбас болып өзгертілген.
И.А. Крылов әр мысалындағы нақылын қысқа қайырса, А. Байтұрсынов әр 
жағдайдың егжей-тегжейін түсіндіріп, соңында қорытынды жасап отырған. 
Сонымен қатар, «Маса» жинағының басылымында А. Байтұрсыновтың 
А.С. Пушкиннен аударылған «Ат», «Данышпан Олегтің ажалы» өлеңдері мен 
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері жарияланды. 
Қазақ жазушылары Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаев та орыс классикалық 
туындыларын қазақ тілінде сөйлетуге атсалысып, қазақ-орыс әдеби 
байланыстарының жандануына ықпалын тигізді. Ж. Аймауытов Н.И. Гогольдің 
«Бақылаушы», А.С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», С. Чуйковтың 
«Тау еліндегі оқиға» атты шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Сондай-ақ 
сатылы аударма арқылы орыс тіліне аударылған француз жазушысы
А. Дюшенің «Дәмелі» («Тамилла»), Дж. Лондонның «Телегей теңіз» 
шығармаларын қазақшалаған. 
М. Жұмабаев М. Лермонтовтың «Сарғайып келген егін толқынданса», 
«Тұтқын» өлеңдерін, М. Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», 
«Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін, Вс. Ивановтың 
«Сай», «Темірбай», «Жолығу» әңгімелерін, Мамин-Сибиряктың «Ақбоз ат» 
әңгімесін қазақ тіліне аударды. Сатылы аударма әдісімен И. Гётенің «Орман 
патшасы», Гейненің «Күннің батуы» өлеңдерін тәржімалаған. 
Профессор Н.О. Жуанышпеков А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев,
М. Жұмабаевтың аудармаларына қатысты мынадай тұжырым жасайды: 


38 
«Абайдың, Шәкәрім мен Мағжанның аудармаларын нәзира жанрында 
орындалған және жоғары дәрежелі трансформацияға ие еркін аударма немесе 
Пушкиннің түпнұсқаларымен түрлі типологиялық қарым-қатынас арқылы 
байланысты рецепцияның бір түрі – өз бетінше авторлық шығарма болып 
саналады» (28, 63). Ағартушылықпен айналысқан ақын-жазушыларымыздың 
аудармалары да, ондағы сөздері де қарапайым, ұғымға жеңіл, үгіт-насихат, 
тәлім-тәрбие түрінде келеді. Олар барлық шығармаларында ел өміріндегі саяси-
әлеуметтік, оқу-ағарту мәселелерін қозғайды. 
Аударма өнерінің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы да зор ықпал 
етті. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде шыға бастаған «Түркістан уәлаяты» 
«Туркестансике ведомости» газетінің аудармасы еді. Газет беттерінде 
мақалалар, очерктер мен фельетондар мен қатар, орыс классик 
жазушыларының азды-көпті шығармаларының аудармалары да басылып 
шықты. «Айқап» журналы Қазақстандағы сол кезеңдегі ең ірі баспасөз болды. 
Оның беттерінде тіл мен әдебиет мәселелері жөнінде, оқу-ағарту, дін 
мәселелері туралы ойлар қозғалды, ақын-жазушылардың тұңғыш шығармалары 
басылып отырды. Ол, әсіресе, аударма шығармаларына көбірек көңіл бөлді. 
Оның беттерінде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов 
және басқа орыс ақын-жазушыларының шығармалары қазақ тілінде 
жарияланды. Сонымен бірге, «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттерінің беттерінде 
де аударма шығармалар жарық көрді. Аталған газет-журналдардың беттерінде 
аударма туындылар мен қатар аударма мәселесіне арналған мақалалар 
жарияланып отырды. Аударма жайында алғаш пікір айтқан – С. Сейфуллин. Ол 
1914 жылы «Айқап» журналында қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылған шығарма 
жөнінде: «Қазақшаға аударғанда, сөзбе-сөз аударыпты. Соның үшін сөз тәртібі 
нағыз қазақша болып шықпаған» деп жазған.
1936 – 1957 жылдар аралығында орыс тілінен аударылған шығармалар 
саны қаулап өсті. Бұл жерде М. Әуезовтің Н.В. Гогольдің «Ревизор»,
Л. Толстойдың «Той тарқар», Ғ. Ормановтың Л. Толстойдың «Анна Каренина» 
сияқты шығармаларының аудармаларын атап өту қажет.
Орыс әдебиетіне көбірек назар аударудың басты себебі: орыс классикалық 
әдебиетінің эстетикалық дүниетанымды молайтатын, азаматтық сезім мен 
рухани ізденіс тудыратын гуманистік, демократиялық сипатына негізделеді. 
Өйткені А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, И.А. Крылов, А.П. Чехов,
Н.И. Гоголь сияқты сөз шеберлерінің қазақ әдебиетіне тигізген көркемдік, 
идеялық, эстетикалық ықпал-әсері орасан.
Орыс әдебиетінде ХІХ ғасыр «алтын дәуірді» құрайды. Осы ғасырдағы 
орыс әдебиетінің жеткен жетістіктері мен табыстары талас тудырмайды. 
Классикалық орыс әдебиеті басқа әдбиеттерге қарағанда, қазақ тіліне көбірек 
аударылды. Әсіресе, ХІХ ғасырдағы орыс классикалық әдебиетіндегі
А.С. Пушкин, И.А. Крылов, М.Ю. Лермонтов, А.С. Грибоедов, Н.В. Гоголь, 
И.С. Тургенев, И.А. Гончаров, Ф.М. Достоевский, В.Г. Белинский,
Н.Г. Чернышевский, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Добролюбов, Л.Н. Толстой, 
В.Г. Короленко, А.П. Чехов, Г.И. Успенский, Д.Н. Мамин-Сибиряк және т.б. 
ақын-жазушылардың шығармалары қазақ тіліне тәржімаланды. Көркем аударма 


39 
шығармашылығымен арнайы айналысқан аудармашы-қаламгерлер аталмыш 
саланың нағыз кәсіби мамандары ретінде танымал болды. Олар: Қадыр 
Тайшықов, Б.... Кенжеғұлов, Хасен Өзденбаев, Ғазиз Оспанов, Қасым 
Тоғызақов, Сәйділ Талжанов, Ғалым Ахметов, Белгібай Имамбаев, Ысқақ 
Дүйсенбаев, Мұхтар Жанғалин, Жұмағали Ысмағұлов, Нығмет Ғабдуллин, 
Мүслім Базарбаев, Ісләм Жарылғапов, Әнуар Ипмағамбетов, Әбен 
Сатыбалдиев, Нияз Сыздықов және т.б. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
«Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс» атты 
баяндамасында былай деген: «Мәдени мұрадағы» маңызды бөлімнің бірі – 
бүкіл әлемдегі ғылым, мәдениет және әдебиеттің озық туындыларын қазақ 
тіліне аударып, бастыру. Рас, адамзат меншігіне айналған рухани алтын 
қазыналар бар. Ол қазыналарды жетілген елдер әлдеқашан өз меншігіне 
айналдырып алған. Оларды өз тіліне аударып, төл туындыға айналдырмай, 
әлемдік өркениеттің көшіне ілесу тағы қиын. Өйткені әлемдік классиканың 
ұлттық мәдениеттің дамуына қосар үлесі аз емес. Бірақ өз тіліңе аударған кезде 
сол шығарманың көркемдік құдіреті сақталуы керек». Қазақстан әлемдік 
өркениеттегі мемлекеттер қатарында танымал болған жаңа кезеңде ұлттық және 
жалпыадамзаттық мәдени құндылықтардың байланысын тұтас қарастырудың 
маңызы зор. Өйткені қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби байланыстар жүйесін 
құрайтын аударма шығармалары да халықтың рухани дүниетанымын байытуға 
елеулі үлес қосып келеді. 
Қазақ салыстырмалы әдебиеттануының теориясы мен практикасы қазіргі 
таңда да даму үстінде. Бұл бағыттағы салыстырмалы зерттеулердің бір бөлігі 
қазақ әдебиетін әлемдік әдеби контексте зерттеу мәселелерін көтерсе, тағы бірі
ұлттық әдебиетті тәржімалаудағы сәйкестіктерді талдауға арналған.
Ғалымдар қазіргі заманғы қазақстандық салыстырмалы әдебиеттану
Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаевтың әдеби мұрасынан бастау алатындығын 
атап өтеді. Осы кезеңнен бастап көркем аударма әдебиеттердің өзара қарқынды 
байланысының басты факторына айналды. Ш. Уәлихановтың әдебиеттанулық 
қызметі түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің шығармаларын («Манас», 
«Қозы-Көрпеш және Баян сұлу», «Едіге» туралы эпос) зерттеп, аударуға 
бағытталған. Ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийдің жеке өзара әсер-ықпалы 
да баршаға белгілі.
К.Ш. Кереева-Қанафиева ХІХ ғасырдың соңындағы және ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ-орыс әдеби байланысын зерттеуге назар аудара отырып,
Ш.Ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевский арасындағы шығармашылық 
байланыстардың орыс-қазақ әдеби байланыстар жылнамасының ең жарқын 
беттері болып табылатындығын атап өткен (29, 11).
Қазақ аудармашыларының еңбектері нәтижесінде қазақ әдебиеті орыс 
классикалық әдебиетінің шығармашылық тәжірибесінен сусындады. «Өнерлі 
деген ағылшын, француз, неміс әдебиеттері сияқты зор мәдениетті 
әдебиеттердің де бәрінен орыс әдебиеті басқаша қадір-қасиетке ие болып 
келген еді. Сол қасиетінің ең зоры: бұл әдебиет – өзінің халық анасының ақ 
сүтін адал ақтаған әдебиет» (30, 376). Орыстың ұлы жазушылары


40 
А.С. 
Пушкин, 
Н.В. 
Гоголь, 
Л. 
Толстой, 
А.П. 
Чехов 
сияқты
Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығы қазақ жазушыларына да мол әсерін 
тигізді. 
Ф.М. Достоевский реализмінің өзіне тән ерекшелігі мен оның үлкен 
маңызын атап өткен жөн. Жазушының реалистік шығармаларының негізі – 
адамзат қасіретінің әлемі, жәбірленгендер мен жәбір көрген тұлғаның 
трагедиясы. Психологиялық талдау әдісін шебер меңгере отырып,
Ф.М. Достоевский адам абыройының құлдырауы оның жанын құлазытып, 
санасын екіге айыратынын көрсетті. Ол өз суреткерлік шеберлігінің сырын 
«Адамның ішінен адам табу» деп түсіндірген. Жазушы шын мәнінде – шексіз 
гуманист, ол әрбір адамның бойынан мейірімділік пен ізгілік іздейді. Мәселен, 
жазушы «Ағайынды Карамазовтар» романындағы ағайындылардың әкесінің 
жағымсыз әрекеттерін суреттей келе, оның бойынан жақсы қасиеттерді көруге 
ұмтылады: «Көп ретте адамдар, тіпті зұлымдар да, біздің білетінімізден 
әлдеқайда аңқау, ақ көңіл болып келеді. Әрі-беріден соң, біздің өзіміз де 
сондаймыз» (31, 32). 
Ф.М. Достоевский романдарының осындай көптеген жетістіктері, соның 
ішіндегі әлеуметтік-психологиялық, Адам туралы романдары ХХ ғасырда
Л. Андреев және М. Горький, А. Платонов сияқты орыс жазушыларының
шығармаларында өз жалғасын тапты және алдыңғы қатарлы әлемдік әдебиеттің 
дамуына ықпалын тигізді. Осы арада жазушы мен одан кейінгі ұрпақ 
жазушыларының арасындағы шығармашылық сабақтастықты зерттеген 
еңбектердің саны да жетерлік. Атап айтсақ, соңғы жылдардағы зерттеулердің 
бірінде Ф.М. Достоевский шығармашылығының А. Платоновқа әсер етуі 
талданған: «Осы бағыт арнасында Достоевскийдің Платонов прозасына ықпал 
ету мәселесі жатыр. Платоновтың шығармашылығы бойынша сыни 
зерттеулерге мақсатты бағытта шолу жасау көптеген зерттеушілер үшін 
жазушының Достоевский дәстүрімен байланысы айқын деген маңызды 
тұжырым 
жасауға 
мүмкіндік 
берді. 
Платоновтың 
Достоевский 
шығармашылығымен мазмұндық ұқсастықтары жайлы, ХІХ ғ. классигі 
шығармаларының белгілі бір сюжеттік коллизияларына интуициялық және 
саналық жүгінуі туралы, поэтикасының ұқсас тәсілдері туралы болжамдар 
айтылуда»
 
(32, 17). 
Көптеген еуропалық зерттеушілер де Ф.М. Достоевский жазған 
романдардың біртума ерекшелігін атайды. Мәселен, М. Ремарк, А. Жид,
А. Сюаре, Ж. Ривьер, Г. Гауптманн, Т. Манн, Ф. Кафка, М. Пруст, Д. Джойс,
Э. Хэмингуэй, А. Камю, Г. Гессе, У. Фолкнер, Р. Акутагава және тағы басқа да 
атақты жазушылар Ф.М. Достоевскийді өзінің ұстазы санап, ерекше пір тұтқан. 
Бұған олардың айтқан сөздері мен қатар кейбір шығармаларындағы сарындар 
куә болады. Айталық, Ф. Кафка «Процесс» сияқты атақты романын жазуда 
Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының көп әсері болғанын 
мойындап жазғаны мәлім. Ф.М. Достоевский психологиялық романның пішіні 
мен композициясын кеңейту, тереңдету мен жаңарту үшін суреттеу мен 
психологиялық талдаудың жаңа тәсілдерін енгізді. Сондықтан да оның идеолог 
емес, суреткер ретіндегі ықпалы зор.


41 
Орыс жазушысының «Ағайынды Карамазовтар» романының шет тіліндегі 
аудармасы алғаш рет 1884 ж. Германияда, 1887 ж. француз тілінде, 1912 ж. 
ағылшын тілінде жарық көрді. Сонымен қатар Норвегияда (1890), 
Чехословакияда (1894), Италияда (1901), Румынияда (1915) басылып шықты. 
Романның ағылшын және жапон тілдерінде де бірнеше аударма нұсқалары 
жарық көрген.
Федор Михайлович Достоевский өмірінің бір кезеңін қазақ жерінде 
өткізеді. Петрашевшілер ұйымына қатысқаны үшін Ф.М. Достоевский қазақ 
даласына 1854 жылы жер аударылып келді. Ол қазақ жерінде өмірінің 5 жыл 
мерзімін өткізеді. Осы жылдар Достоевскийдің өмірінде үлкен маңызға ие 
болды. Өйткені, ол қазақ халқының тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, сондай-ақ 
оның жадында жарқын тұлға болып сақталған адаммен танысты. Жазушы 
қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократы Шоқан Уәлихановпен Омбы 
қаласында танысқан болатын. Осы таныстық қазақ жерінде әрі қарай жалғасып, 
үлкен достыққа ұласты. Ф.М. Достоевский Шоқанға жазған хатында: «мен сізді 
өзімнің жанымдай жақсы көремін. Мен ешқашан, ешкімге тіпті өзімнің бір 
туған бауырыма да дәл сізге білдіргендей сүйіспеншілік сезімін білдірген 
емеспін. Мұның неліктен бұлай болғанын бір құдайдың өзі біледі» (33, 200), – 
деп, жас ғалымның болашағына болжам жасап, оған үлкен сенім артқан. 
Қоғамның тепкісіне ұшыраған, жәбірленгендердің тұңғиық жыршысы атанған 
Федор Михайлович Достоевский қазақ даласында өткен сол жылдарын, 
Шоқанмен арадағы достығын ұдайы есінде сақтап өтті. Осы Даланы ол 
Шоқанға жазған хаттарында бас әріппен жазып, кейінгі шығармаларында сөз 
еткен. Жазушы түсінігінде Дала ұғымы – кеңдіктің, еркіндіктің, бостандықтың 
белгісі. Ф.М. Достоевскийдің қазақ даласындағы жылдарын зерттеуші
Л. Варшавский қазақ халқының еркіндікке құштарлығының белгісі – қазақ 
Даласының образы жазушының 3 романында («Өлілер үйінен табылған 
хаттар», «Қылмыс пен жаза», «Ойыншы») бейнеленгендігін жазған. Мәселен, 
«Қылмыс пен жаза» романының соңғы беттерінде Дала мынадай жолдар 
арқылы суреттеледі: «Раскольников сарайдан шығып, жағалауға келді, сарай 
жанындағы бөрене үстіне жайғасып, жалпақ та бос өзенге көз салды. Биік жар 
басынан бар маң айқын байқалады. Арғы алыс беттен талып ән естіледі. Ол 
жақта күн шұғыласына малынған сайын дала төсінде қараң-құраң етіп 
көшпелілердің киіз үйі қараяды. Онда бостандық самалы еседі және 
мұндағыларға ұқсамайтын мүлде басқа адамдар мекен етеді…» (34, 581).
Семейде өткізген жылдар – жазушының жан дүниесіндегі және орыс-қазақ 
халықтарының тарихындағы қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановпен арадағы 
жақын достастығы. Осы достық туралы Қалжан Нұрмаханов «Қазақ досын 
туысынан артық санаған жазушы» атты мақаласында айта келіп,
Ш. Уәлихановтың образы Достоевскийдің шығармашылығында елеулі із 
қалдырғанын жазды: «Достоевский творчествосындағы Шоқан Уәлиханов 
образы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, «Жасөспірім» (1875) 
романындағы Версилов образы өзіне ерекше көз тартады. Романда Версилов 
болашақ ұрпақтың бақытын ойлайтын, қорғансыздарға пана болуды көксейтін, 
олардың қайыршылық өміріне жаны ашитын ізгі ниетті, адал адам ретінде 


42 
суреттелген. Ш. Уәлихановтың образы жазушының басқа шығармаларында да 
кездесуі ықтимал нәрсе. Қазақ досының характеріне тән қасиеттерді
Ф.М. Достоевскийдің өз романдарында кейбір кейіпкерлердің образдарын 
жасау үшін белгілі дәрежеде қолдануы мүмкін жай» (19, 73-74). Ғалым 
Версилов Шоқан Уәлихановтың прототипі деген пікірінде жазушының 
мұрасын зерттеуші-ғалым А. Долининнің зерттеуіне сүйенген: «Потом в конце, 
когда жена умерла, Лиза повесилась, а мальчик сбежал, он (Версилов К.Н.) 
исповедывается сыну и говорит, что перенесть не может образов, все 
рассказывает, как заголивался (страшное простодушие, Валиханов, обаяние)» 
(35, 130).
Осы жылдар жазушының шығармашылық шабытына да ықпалын тигізбей 
қойған жоқ. Ол «Ағатайдың түсі», «Степанчиково селосы» повестерін аяқтап, 
«Өлілер үйінен табылған хаттар» повесін жаза бастады. Жазушының Семейде 
жазылған повестерінің сюжетіне осы қаланың тұрмыс-тіршілігі мен тынысы 
арқау болды.
Қазақ және орыс халықтары достастығының белгісіне айналған екі ұлы 
адамның арасындағы достық қарым-қатынас туралы М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, С. Бегалин сияқты белгілі қаламгерлер өздерінің көркем және 
деректі кітаптарында жазды. М. Әуезов өзінің «Әр жылдар ойлары»
 
деген 
кітабында Ф.М. Достоевский мен Ш. Уәлиханов арасындағы достықты екі 
халықтың арасындағы күрделі өзара байланыс үдерісінің ерекшеліктері арқылы 
көрсетеді. Ш. Уәлихановтың адамгершілік тұлғасы және оның орыс 
жазушысымен достығы жайлы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» атты кітабында 
тарихи тұрғыда шынайы суреттеген.
Әдебиеттердің өзара байланысы мен ықпалының күшеюі әдеби зерттеудің 
міндетін арттыра түсті. Әдебиеттер арасындағы байланысты компаративистика 
(француз тілінде la litterature comparee, салыстырмалы әдебиеттану) зерттейді. 
Қазіргі таңда компаративистика біртіндеп жеке бір халықтың әдебиетін жүйелі 
зерттеу қажеттілігінен ұлғайып, халықаралық әдебиет мәселелеріне көбірек 
назар аудара бастады. Салыстырмалы зерттеу біртіндеп жеке бір пәнге 
айналып, әдебиеттер, жазушылар, шығармалар және т.б. арасындағы байланыс, 
ұқсастық, қатынастарды зерттейтін болды. Н.И. Конрад, В.М. Жирмунский, 
И.Г. Неупокоева, Б.Л. Бушмин, В.И. Кулешов, Г.Д. Вервес және т.б. белгілі 
кеңес зерттеушілерінің жұмыстары әдеби байланыс заңдылығы туралы ғылыми 
ойды жаңа деңгейге көтерді, әдебиеттерді салыстырмалы тарихи және 
теориялық тұрғыдан зерттеуге ықпал етті. Мәселен, белгілі словак ғалымы 
Диониз Дюришин өзінің «Әдебиетті салыстырмалы зерттеу теориясы» атты 
еңбегінде әдеби байланыстарды сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Аударма бір 
тілден екінші тілге шығарманы таныстыру мақсатында аударылып, сыртқы 
байланысқа жатса, ал аударма арқылы сол жазушыдан творчестволық үйрену 
ішкі байланысты құрайды (36, 103).
Осы ретте Ф.М. Достоевскийдің шығармалары қазақ-орыс әдеби 
байланыстарында сыртқы және ішкі байланыстың үлгісін көрсетеді. Десек те, 
ішкі байланыстың басымдығы байқалады. Мәселен, қазақ есімін әлемге 
танытқан ақиық суреткер М. Әуезов «Қайта туған халықтың әдебиеті» атты 


43 
мақаласында «Абай жолы» эпопеясындағы әкелер мен балалар арасындағы 
тартысты жазуда Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романынан 
үйренгенін жазған: «Құнанбай Федор Карамазов болмасын, Абай да 
Карамазовтың балаларының бірі емес. Бірақ бұнда да әкенің баланы жою ойы 
туғаны анық қой. Құнанбайдың Абайға теріс батасын беріп, қарғап-сілеуі өз 
баласы Абайға «сен өл, жоғал» деген ниет емес пе?» (37, 486). Бұл екі ұлы 
суреткердің арасындағы ішкі байланысты көрсетеді. 
Сыншы Сағат Әшімбаев қазақ әдебиетінің даму үдерісі мен келешегіне 
бағыт-бағдар жасай келе: «…заманның өз Достоевскийлері болуы керектігі 
заңды құбылыс. Әзірге әлем әдебиетінде жалпы адам психологиясын беруде
адам бойындағы моральдық және рухани қарама-қарсы қайшылықтардың әр 
түрлі себеп-салдарын түп-тамырымен көрсетуде Ф.М. Достоевскийден асқан 
шебер суреткер жоқ екен? …психологтық шеберлікке жаттығуда, үйренуде бір 
Достоевскийдің өзі үлкен университет, жазушы үшін ең беделді творчестволық 
академия болуға тиіс» (38, 26), – деп, қазақ әдебиетінің дамуында орыс 
жазушысы шығармаларының үлгі тұтарлық рөлін атап көрсетеді. 
Әдеби компаративистика тұрғысынан алғанда, Ф.М. Достоевский 
шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі рецепциясы жайлы мәселе 
туындайды. Жазушы Ә. Нүрпейісов: «Тарихта ел алдындағы ересен еңбегін 
кейінгі ұрпақ қаншама қапысыз танып, дәл бағалаймыз деп тырысқанмен айтып 
тауыса алмайтын, бір құпиясын ашсаң, екіншісі әзір тұратын, табиғаттың 
өзіндей ұлы, табиғаттың өзіндей тұңғиық адамдар болады. Бұрынғы бабалар 
білмек түгілі ойлап та көрмеген көп құбылыстың құпия-сырларын сарқып біліп 
жатқан біздің сұңғыла ғасырларымыздың көп сырын әлі күмілжі танып жүрген 
санаулы жұмбағының бірі де – Достоевский творчествосы» (39, 5), – деп, орыс 
жазушысының шығармашылығын жоғары бағалайды.
Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығы қазақ-әдеби байланыстарын 
дамытуда айрықша рөл атқарды. Әлем әдебиеті сияқты қазақ әдебиетіне де ұлы 
жазушының суреткерлік шеберлігі ықпал етті. Қаламгердің адам жанының 
қайғы-қасіреті мен күйзеліске түсуін ашып көрсету шеберлігі қазақ оқырманын, 
соның ішінде қазақ жазушыларын селқос қалдырған жоқ. Жазушы 
шығармашылығы М. Әуезов, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, А. Жақсылықов,
Д. Исабеков және т.б. осы сынды көптеген жазушыларымыздың 
шығармаларына көркемдік-идеялық, жанрлық жағынан ықпалын тигізіп, қазақ-
орыс әдеби байланыстарын дамытуда маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, 
аудармашылардың 
жазушы 
шығармаларын 
аударуының 
өзі 
оның 
шығармашылығын қабылдаудың, қандай да бір дәрежеде одан шығармашылық 
үйренудің алғышарты болып, әдеби байланыстағы ауыс-түйіс үдерісінің жүзеге 
асуында маңызды рөл атқарды.
Орыс жазушысы шығармаларының күрделілігіне қарамастан, оның бес 
көрнекті туындысы қазақ тіліне тәржімаланды. Осы шығармалардың 
тәржімалануын қазақ әдебиетіндегі оның шығармашылығына деген 
қызығушылықтың бір көрінісі ретінде бағалауға болады. Жазушы 
шығармаларының қазақ тіліне аударылуы оның қазақ әдебиетіндегі қабылдану 


44 
үрдісінің бір көрінісі болып, компаративистикалық сыртқы байланыстың 
үлгісін көрсетті. 
Қазақ көркем аудармасы тарихында Ф.М. Достоевский шығармаларының 
өзіндік маңызы бар. Ф.М. Достоевскийдің қазақ тіліне аударылған 
шығармалары мен олардың аудармаларына тоқталар болсақ, көркем аударма 
тарихындағы бірқатар маңызды жайттарды анықтауға болады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында әдебиетімізге әлемдік әдебиеттің 
бірқатар озық үлгілері аударылып, аударма теориясының негізі қаланды. 
Алайда, аударма сапасына қатысты бірқатар кемшіліктер де болды. Осы орайда
филол.ғ.к. Л. Дәуренбекова аударма шығармалардың сапасының нашар 
болуының басты себебін атап көрсетеді: «...біріншіден, аударма ең алдымен 
оқырман мүддесін ойлаудан қарағанда, баспаның жоспарын орындау үшін 
жасалынатын. Екіншіден, аударма жұмысында науқаншылдық басым 
болғандықтан, «Жабылып аударту» дәстүрі кең етек алғаны байқалады» (40, 
117). 
Осы ретте, біріншіден, Ф.М. Достоевский сияқты өзіндік сөз құрылымы 
күрделі, теңдессіз туынды туғызған жазушыны аудару, оның ойын дөп түсіп 
жеткізу, қандай шебер аудармашыға болмасын қиын түсетіндігін атап өтсек, 
екіншіден, оларды аударуда жоғарыда аталған факторлардың ықпал етуі де 
едәуір маңызға ие екендігін есте сақтаған жөн.
«Бедные люди» – Ф.М. Достоевскийдің қазақ тіліне ең алғаш аударылған 
шығармасы. Бұл шығарманы аудармашы С.О. Талжанов аударған, ол 1956 
жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Бишаралар» деген атпен 
жарық көрді. С.О. Талжанов Ф.М. Достоевский мен қатар А. Горькийдің 
әңгімелерін (1927–1929 жылдардағы), В.Г. Белинскийдің, А.С. Пушкиннің, 
М.Е. Салтыков-Щедриннің, Н.А. Добролюбовтың, Г.И. Серебрякованың,
И.С. Тургеневтің шығармаларын қазақшалаған. Ол 1931 жылдан бастап әдебиет 
пен тіл, аударма мәселелерін өз жұмысының негізгі жоспары етіп алып
бірегей, тынымсыз, үзіліссіз зерттеді. Оның осы бағыттағы «Көркем аударма 
туралы» (1962), «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975) атты 
монографияларын атап өтуге болады. М. Серғалиев аудармашы туралы 
мақаласында былай деп атап өткен: «...аудармашы – өте талғампаз: кез келген, 
қолына түскен шығарманы аударуға құмартпайды; кезеңдік, дәлірек мәні бар, 
көркемдік, тәрбиелік қуаты мол классикалық дүниелерді өз халқына тезірек 
ұсынуға талпынады». Шынында, Ф.М. Достоевский сияқты әдебиет әлеміндегі 
алыптың туындыларын (мәселен, «Бишаралардың» қазақ тіліндегі бірнеше 
басылымы) аударудың маңызы өзінен өзі түсінікті болса керек» (41, 215).
Академик Ө. Айтбайұлы: «...ол мейлінше күрделі де терең толғанатын психолог 
жазушы Ф.М. Достоевскийдің “Бишарасына” (1935) баруын қалай түсіндіруге 
болады? Бұл да шығармашылық саласында жиі кездесе бермейтін жүректілік. 
Мұны аудару арқылы ол орыс ойшылының құдіретін танытса, екіншіден, сол 
құдіретті ойды бір де бір бәсеңдетпей қапысыз бере алатын қазақ тілінің 
қауқарын көрсетті» (42), – деп аудармашының орыстың кемеңгер 
жазушысының шығармасын аударуын жүректілікке балайды. Ал, профессор 
Қ.Қ. Алпысбаев осы кезеңдегі аударма әдебиеттің ұлттық әдебиеттің мол 


45 
саласы екендігін атай келе, аударылған кітаптарға, соның ішінде «Бишаралар» 
романының аудармасына қатысты қысқаша баға беріп өтеді: «Жекелеген 
кемшіліктеріне қарамастан, ... Ф. Достоевскийдің «Бишараларын» да негізінен 
сәтті аудармалар қатарына қосуға болады» (43, 198). 
Ф.М. Достоевскийдің «Белые ночи» романын жазушы Дулат Исабеков 
аударды. Ол 1971 жылы жазушының 150 жылдығына орай «Жұлдыз» 
журналының №11санында «Ақ түндер» деген атпен жарық көрді. Сондай-ақ 
осы романнан үзіндіні аудармашы Ж. Әбдірашев аударып, «Қазақ әдебиеті» 
газетінің 1971 жылғы 17 желтоқсанындағы санында да жарияланды. Аударма 
жеке кітап болып шықпаған соң, оқырман қауымның көпшілігі бұл 
шығарманың қазақша нұсқасымен таныс болмауы мүмкін. Д. Исабековтің орыс 
қаламгерінің шығармашылығына қызығушылық танытып, одан қандай да бір 
дәрежеде суреткерлік шеберлікті үйренгендігіне осы аудармасы куә болады.
Жазушының «Қылмыс пен жаза» романы – әлемдік әдебиеттің алтын 
қорына қосылатын шығарма. Осы романның жанры жайында зерттеуші
Н. Захаровтың: «Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасын» түрлі зерттеушілер 
психологиялық, философиялық, әлеуметтік, «әлеуметтік-қылмыстық» роман 
жанрына жатқызды – және де осы анықтамалардың әрқайсысы да белгілі бір 
дәрежеде дұрыс, өйткені ол осы ұлы романның шынайы мазмұнының қандай да 
бір шегіне тіреледі» (44, 121), – деген пікірімен келісуге болады. Себебі бұл 
романды көптеген зерттеушілер бірнеше атаулы романдарға бөледі. Оны 
«криминалды роман» деп атайды. Себебі, сюжеттің нақ ортасында қылмыс 
орын алғандықтан, Раскольниковтың кемпір мен оның сіңлісі Лизаветаны 
өлтіргендіктен, Свидригайловтың Раскольниковтың қарындасының жағдайын 
пайдаланып оған тіл тигізуі, кейінірек бопсалауы, мұның барлығы 
жоғарыдағыдай атауға ие болуға бірден-бір себеп. Шығармада әлеуметтік 
проблемалар мен жағдайлар орын алғандықтан, «әлеуметтік роман» деп 
аталады. Романның үшінші сипаттамасы – романдағы кейіпкерлердің жан-
дүниесін Ф.М. Достоевскийдің шебер сипаттауы. Романдағы әр кейіпкер 
интеллектуалды, өз идеясы, өз позициясы, өз ойлары бар. Сондықтан да бұл 
романды философиялық деп атайды.
Қылмыс тақырыбы – бұл романның орталық басты тақырыбы. Романда 
криминалды Ресейдің бет-бейнесі көрініс тапқан. Ф.М. Достоевский әрдайым 
газеттерді оқып, сот процестеріне қатысқан. Оны қылмыс, ішімдік, жезөкшелік, 
әлеуметтік құлдырау, қоғамдағы адамдардың материалдық айырмашылықтары 
сияқты сауалдар қатты қызықтырды. 1865 жылы Мәскеуде тамыз айындағы сот 
жайлы С. Белов былай дейді: «1865 жылдың тамызында Мәскеуде дінге сенуі 
бойынша ... (раскольник) 27 жасар бұйрық шығарушы, көпес ұлы Герасим 
Чистовтің үстінен әскери-далалық сот қозғалды. Қылмыскер Мәскеуде 1865 
жылғы қаңтарда екі үй қызметшісі мен кір жуушы кемпірді олардың үй иесін 
тонау мақсатында қасақана өлтіргені үшін айыпталды. «Петербург газеті» 
жазғандай, қылмыс кешкі сағат жеті және тоғыздардың арасында шамасы 
балтамен көптеген жарақат келтіру арқылы жасалды. Пәтерде ақша, күміс және 
алтын заттар, ұрланған темірмен қапталған сандықтан алынған заттар 
шашылып жатты» (45, 128). Достоевский осы қылмыстың стенографиялық 


46 
есебін оқыған болуы керек. Сондықтан да болар кейіпкер Раскольниковтың 
аты-жөнінің де символикалық астарының бір ұшы осында жатыр.
Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романын жазуға түрткі болған сол 
кездегі Ресей өмірі, қоғамдағы әр түрлі реформалар және өзінің 1849 жылы 24 
желтоқсандағы каторгаға айдалуы еді. Басты кейіпкер Раскольниковтың 
«дінсізден» «сенімге» өтуі Достоевскийдің өзінің басынан өткізген эволюциясы 
еді. Қаламгердің бұл туындысы ана тілімізге М. Жанғалиннің аударуымен 1972 
жылы жарық көрді. Мұхтар Жанғалин әдеби қызметін 30-жылдары қоғамдық-
саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Сондай-ақ соғысқа дейінгі 
жылдары ол А.С. Островскийдің «Мысыққа бәрі майтабақ емес», 1947 жылы 
Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», М. Горкийдің «Егор Булычев 
және басқалар» пъесасын, 1953 жылы К. Станиславскийдің «Менің өнердегі 
өмірім» мемуарын, 1953 жылы А.С. Макаренконың «Ұстаздық дастанын» 
аударған. Солардың 
ішінде 
Л. 
Леонтьевтің 
«Шапқын» 
пьесасын,
В. Василевскаяның «Шұғыла» повесін, Н. Никитиннің «Солтүстік Аврора» 
романын, Үндістанның классигі Прем Чанданың «Тха Хури құдығы»,
М. Горькийдің «Коноваловтар» әңгімелерін аударған. Оның аудармасында 1950 
жылы аударған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» үш рет 
қайталанып шығарылды. Жазушының көп жылдық еңбегінің өзгеше бір 
қорытындысы 1962 жылы аударылған Лев Толстойдың «Соғыс пен 
бейбітшілігі», 1972 жылы аударылған Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен 
жазасын» айтуға болады.
Қаламгердің бұл туындысы ана тілімізге М. Жанғалиннің аударуымен 1972 
жылы жарық көрді. Мұхтар Жанғалин әдеби қызметін 30-жылдары қоғамдық-
саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Сондай-ақ соғысқа дейінгі 
жылдары ол А.С. Островскийдің «Мысыққа бәрі майтабақ емес», 1947 жылы 
Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», М. Горкийдің «Егор Булычев 
және басқалар» пъесасын, 1953 жылы К. Станиславскийдің «Менің өнердегі 
өмірім» мемуарын, 1953 жылы А.С. Макаренконың «Ұстаздық дастанын» 
аударған. 
Солардың 
ішінде 
Л. 
Леонтьевтің 
«Шапқын» 
пьесасын,
В. Василевскаяның «Шұғыла» повесін, Н. Никитиннің «Солтүстік Аврора» 
романын, Үндістанның классигі Прем Чанданың «Тха Хури құдығы»,
М. Горькийдің «Коноваловтар» әңгімелерін аударған. Оның аудармасында 1950 
жылы аударған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» үш рет 
қайталанып шығарылды. Жазушының көп жылдық еңбегінің өзгеше бір 
қорытындысы 1962 жылы аударылған Лев Толстойдың «Соғыс пен 
бейбітшілігі», 1972 жылы аударылған Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен 
жазасын» айтуға болады.
Осы романның аудармасы жарық көрген соң, 1973 жылы «Жұлдыз» 
журналының № 10 санында Дулат Исабековтің Достоевский романының 
аудармасы жайлы жазған «Асылды жасытпайық» атты мақаласы шықты. 
Мақалада автор көркем аударманың негізгі мақсаттары мен талаптарын ескере 
отырып, ең алдымен, романның қазақша атауына байланысты мынадай пікір 
айтады: «Аудармашы М. Жанғалин «Преступление и наказание» дегенді сөзбе 
сөз аударған да «Қылмыс пен жаза» деп қойған. Орысша «Преступление и 


47 
наказание» деген сөз романға ат болуға әбден жарайды, тіпті, дәл қойылған. Ал, 
қазақ тілінде ол көркем аудармадан гөрі юстициялық мекемелердің жанынан 
шығатын заң жинақтарының атына ұқсап кеткен» (46, 214). Әрі қарай мақала 
авторы аударма өнеріндегі маңызды жайттарды атай келе, түпнұсқа мен 
аударманы салыстыра талдайды және жазушы стилінің сақталмағандығы 
жайлы жазады: «Осы шығарманың алғашқы бетін оқып шыққанда 
Достоевскийдің өзіне тән экспрессияны байқамайсыз. Достоевскийдің бір 
ерекшелігі сол – ол шығарманы ә дегеннен ерекше екпінмен бастайды да 
оқушыны алға қарай ентелетіп, оның көңіліне асығыстық бір қасиет тастап 
сүлесоқ, енжар оқисыз, көз алдыңыздағы шығарманың «Қылмыс пен жаза» 
(кітап осылай шыққан соң бұдан әрі ресми атымен атай береміз) екені кітаптың 
мұқабасынан ғана аян. Мұқабаны өзгертіп жіберсе шығарма Достоевскийге де, 
өзге бірде-бір аты белгілі жазушыға да емес, аудармашының өзіне, тек өзіне 
ғана ұқсап шыға келеді» (46, 214). Автор аудармаға қатысты орынды сын-пікір 
білдіріп, оқырман мен аудармашыға ой салған. Алайда, романның 
тақырыбының аудармасына қатысты автор сын пікір айтқанымен, оған өз 
нұсқасын бермеген. Десек те, осы сөздердің тура аудармасы романға атау 
болуға лайықты деп санаймыз.
Олай болса, әдебиетімізде тұсауы кесілген жаңа көркем аударма туындысы 
жайында мамандардың айтылған пікір-лебіздері қалың оқырман қауым үшін 
көркем аударма саласында талғампаздыққа баулуымен және бағыт-бағдар 
беруімен маңызды екендігін атап өткен жөн. 
Ф.М. Достоевскийдің «Идиот» романы Еуропаға саяхатқа шыққан кезінде 
жазылды және ол 1868 жылы жарық көрді. Сондықтан да романда ХІХ 
ғасырдағы Ресей мен Еуропадағы өмір суреттеледі. Жазушы романда ғажайып 
адам туралы жазғысы келді, бұл өте күрделі жұмыс еді. Романдағы басты 
кейіпкер – князь Лев Николаевич Мышкин. Мышкиннің білімі жоқ, ол есінен 
айрылып, бірнеше жылдар бойы ауырады. Бірақ та ол білімді де өркениетті, 
көкірек адамдардан ақылдырақ болып шығады. Оған барлық пайдакүнемдік 
қасиеттер жат. Ол жас бала тәрізді таза әрі қарапайым. Ф.М. Достоевский сол 
кезеңдегі қоғамға тән алауыздық пен басы бірікпеушілікті суреттейді. Князь 
Мышкин осындай қоғамға тап болып, барлығын бір ымыраға келтіруді
татуластыруды көздейді. Кейіпкердің бұл іс-әрекеті керісінше мейірімділік пен 
безбүйректіктің шиеленісуіне әкеледі. Алайда романдағы Ганя Иволгин, 
Тоцкий, Лебедевтің сана-сезімін оятуға ықпал етеді. Романда Настасья 
Филипповнаның образы орыс және әлемдік әдебиеттегі трагедиялық әйелдер 
образының қатарына жатады. Оның тағдыры шығарманың құндылығын, өзегін 
құрайды Жазушының шығармасындағы ұлттық сипттағы көркем аудармалық 
нұсқада сол толыққанды бояуларды сақтай отырып жекізу де күрделі мәселе. 
Ал, аталмыш романның аудармасы «Нақұрыс» деген атпен баспадан 1983 
жылы қырық баспа табақтай көлемде басылып шықты. Романды қазақ тіліне 
тәржімалаған Нияз Салиұлы Сыздықов.
Нияз Салиұлы Сыздықов – аударма саласына елеулі еңбек еткен және 
«тәржіманың тарханы» атанған көрнекті қаламгер. Ол 1946 жылдан бастап 40 
жылдай республиканың партиялық баспа жүйесінде: Солтүстік Қазақстан, 


48 
Талдықорған, Алматы облыстық газеттерінде, Қазақстан Компартиясының 
Орталық Комитетінде, республикалық радиохабарын тарату басқармасының 
бастығы, Қазақ энциклопедиясының редакция меңгерушісі, Орталық 
комитеттің партия тарихы институтында В.И. Лениннің 55 томдық толық 
шығармалар жинағын шығару жөніндегі ғылыми редакция меңгерушісі
қызметтерін атқарған. Нияз Сыздықов 60-жылдардың ортасынан бастап көркем 
аудармаға 
ден 
қоя 
бастады. 
Әлемдік 
әдебиет 
жұлдыздары
Л. Толстойдың «Анна Каренина» (1976), «Аршынала», Н.В. Гогольдің 
«Портрет», «Шинель» (1981) повестерін, И.С. Тургеневтің «Керексіз адамның 
күнделігі» (1983) повесін, С. Смирновтың «Брест қамалын» (1967),
С. Марковтың «Асқарға аттанғандар» (1971), поляк жазушысы Теодор Томаш 
Еждің «Таң арайы» (1975) романын, В.Г. Короленконың «Шеркес» (1986) 
әңгімелерін, Г. Данилевскийдің «Ертектері», «Ханша сыры» (1989) 
романдарын, Ю. Бондаревтің «Жағалау» (1981 Ж. Ысмағұловпен,
К. Жұмабековпен бірге) романын және Герберт Уэллс, М. Горький, Олесь 
Гончардың үлкенді-кішілі сан шығармасын қазақшаға тәржімалаған.
Н.С. Сыздықов 12 томдық Қазақ энциклопедиясының, орыс-қазақ 
политехникалық түсіндірме сөздігінің, сондай-ақ Қазақстанның сурет өнері 
жөніндегі мақалалар аудармасының авторы.
Сыншы-ғалым Зейнолла Серікқалиев аудармаға қатысты: «Достоевский 
сияқты қат-қабат психологиялық драмаға толы, бірегей алыптарды бұрмаламай, 
образ-ойлар астарын, бейнелеу мәнерін, тілдің дамуын дәл түсініп, өзге тілге де 
мүмкіндігінше қаз-қалпында сөйлетуге қыруар күш салғандығы сезіліп-ақ тұр... 
Әсіресе, романының екінші жартысы мейлінше тегіс шыққан. Аудармашы бұл 
тұстарда шығарма сазын әбден жете сезініп, бабына келген деп айтуға толық 
хақымыз бар…» (47, 6), – деп лайықты бағасын берді. 
Сайын Мұратбеков «Нақұрысты» аударудағы аудармашының шеберлігін 
көрсете келе, былай деп тұжырымдайды: «Аудармашының жұмыс 
тәжірибесіндегі бір қызығарлық жайт, текст неғұрлым күрделі, баяуы қалың, 
әсерлі, бейнелі болған сайын, ол қазақ ұғымына солғұрлым жақын, ұтымды 
варианттар табуға құштар, тіпті кейбір қарапайым тіркестердің өзін қанатты 
сөзге айналдырып жіберуден тартынбайды» (48, 7).

Нияз Сыздықов орыс жазушысының екі көлемді романын аударды. Ол 


Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романын алты жыл ішінде 
аударып шықты. Романның аудармасы объективті себептермен он шақты 
жылдан соң ғана жарық көрді. Ол 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы бойынша Астанадағы «Аударма» баспасынан басылып шықты. 
«Ағайынды Карамазовтар» Ф.М. Достоевский шығармашылығының шоқтығы 
ретінде саналса, ал оның қазақ тіліндегі аудармасы да майталман 
аудармашының қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады.
«... қайда, қандай жұмыстар атқарса да Нияз ағамыз өзінің қазақ 
әдебиетіне 
деген 
сүйіспеншілігін 
орыстың 
ұлы 
жазушысы
Ф.М. Достоевскийдің шығармаларын қазақшалау арқылы көпшіліктің жүрегіне 
жол табады» (49, 5). Қазақ әдебиетінде Н.С. Сыздықовтың аудармашылық 


49 
шеберлігін бірауыздан мойындаған көпшілік әріптестері оны көркем 
аударманың «тарланбозы», «тәржіманың тарханы» деп атаған. 
Ф.М. Достоевский шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихына көз 
жүгірте отырып, жазушының мұраларын аударуға кездейсоқ адамдар емес, 
аударма саласында тәжірибеге ие жазушы-аудармашылар ат салысқандығын, 
осы кезеңде аудармашылық қызметте аударылатын шығарманы іріктеу 
мақсатты түрде жүзеге асырылмағандығын атап өткен жөн. Аудармашылар 
шығармаларды арнайы тапсырыспен емес, өздерінің жеке талғамы бойынша, 
алға қойған мақсатына қарай аударып, жазушыдан шығармашылық үйрену 
мақсатын көздеді десек қателеспейміз. Мәселен, көркем аударма саласының 
зерттеушісі Әбен Сатыбалдиев көркем аударманың тарихына көз жүгірте 
отырып, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың және содан кейінгі қазақтың 
барлық демократияшыл қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде 
аударманың үлкен орын алғандығын айта келе: «Олар өз шығармашылығын 
дамыту үшін орыстың ұлы адамдарының еңбектерін аудара отырып, солардан 
үйренуді, үлгі алуды, сөйтіп көркем сөзбен халқына қызмет етуді мақсат тұтты. 
Олардың аудармаларындағы үлкен ерекшелік – олар аударманы тек аудару 
үшін ғана емес, өздерінің көкейтесті армандарын, бойын кернеп, жүрегін 
тулатқан сезімдерін орыс данышпандарының сөздерімен, солардың шеберлігін 
пайдалана отырып жеткізу үшін аударды» (25, 13), – деген жалпылама 
тұжырым жасайды. Бұл сөздерді аудармашыларымыздың Ф.М. Достоевский 
шығармаларын аударудағы көздеген мүддесіне қатысты айтуға да болады. 
Себебі, аударма – шығармашылық еңбек болғандықтан, кез келген 
аудармашының өзі аударатын автордың шығармашылығына қызығушылық 
танытуы одан суреткерлік үйрену мақсатынан туындайды. Қазақ әдебиетіндегі 
жазушы-аудармашыларымыз аудармалар арқылы өз суреткерлік шеберлігін, 
аудармашылық әдіс-тәсілдерін шыңдай түсті. Олай болса, қазақ көркем аударма 
тарихында Ф.М. Достоевский шығармаларын аудару аудармашылар үшін үлкен 
шығармашылық ізденіс мектебі болды. 
Ф.М. Достоевский шығармашылығының әлемдік әдебиет пен қатар қазақ 
әдебиетінің дамуына ықпалын тигізе отырып, оған жаңа серпін қосты деп 
айтуға болады. Орыс жазушысынан үйренбеген жазушы кемде-кем. Қазақ 
жазушылары ұлы суреткерден адамның мінез-құлқы мен табиғатын ашып 
көрсетуді, психологиялық талдау әдісін, өмірдің шынайы бейнесін көрсетуді 
үйренді. Сондай-ақ, қарастырылған аудармалар қазақ аудармашыларының 
аудармашылық деңгейінің өсуіне ықпал етті, Қазақстандағы аударма ісінің 
жандануына, қазақ оқырмандарының Ф.М. Достоевский шығармаларымен 
танысуына қомақты үлес қосты деп айтуға болады.
Ф.М. Достоевский шығармаларының қазақ тіліне аударылу аудару 
тәжірибесі көрсеткендей, 

жазушы шығармаларын аудару үдерісі қазақ көркем аудармасының 
сапалық тұрғыдан дамуымен тығыз байланысты;
– ХХ ғасырдың 50 – 80 жылдарда көркем аудармада адекватты (дәлме-дәл 
немесе балама) аударма мен қатар шығармашылық еркін аударма көрініс 
тапқан. 


50 
Кез келген автордың шығармаларының өзге тілде адекватты қабылдануы 
үшін аудармашының алдында, ең алдымен, оның дара стилін сол тілде қайта 
жаңғырту міндеті тұрады. Осы тұрғыда түпнұсқаны адекватты қабылдауды 
қалыптастыратын аудармашылық әдіс-тәсілдерді зерттеу ерекше маңызға ие 
екендігін атап өткен жөн. Сондықтан да Ф.М. Достоевский шығармаларының 
түпнұсқалары мен аударма мәтіндерін талдауда оның поэтикасын беру үшін 
қажетті сәйкес тілдік құралдарды іздестіру мәселесіне назар аударамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет