В010900 – математика мамандығының – курс студенті Әубәкір Арай Ерланқызының «Мектеп математика курсында салу есептерін үйрету әдістері» тақырыбындағы диплом жұмысына пікі р



Дата06.01.2022
өлшемі27,5 Kb.
#13929
түріДиплом
Байланысты:
пікір Арай Әубәкір


Ф-ОБ-001/033

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

Жаратылыстану факультеті
5В010900 – математика мамандығының 4 – курс студенті

Әубәкір Арай Ерланқызының «Мектеп математика курсында салу есептерін үйрету әдістері» тақырыбындағы диплом жұмысына
П І К І Р

Геометриялық салуларға б.з.д. VI - V ғасырларда ежелгi грек математиктерi ерекше назар аударған. Пифагор және оның шәкiрттерi, Гиппократ, Евклид, Архимед, Аполлоний, ежелгi отырарлық Әл-Фараби геометрияның осы саласына өз үлестерiн қосып, оны дамытты. Тарихы сонау ертеден басталатын салу есептері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Болашақ ұрпақтың ғылым мен білімге құштарлығын оятып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту кезінде жаратылыстану пәндерінің соның ішінде мектеп геометриясының үлесі ерекше. Бұл диплом жұмысы осы бағытта қолға алынып, осындай бірнеше мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалған.

Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Диплом жұмысының бірінші тарауында салу есептерінің тарихы және салу есептерін шығару кезінде пайдаланылатын салу құралдары мен конструктивті геометрияның негізгі аксиомалары жайлы мәліметттер және мектеп курсында кездесетін барлық есептердің әдістерге сай бөлініп шығарылу жолы көрсетілген.

Екінші тарауда, орта мектепте салу есептерін үйрету кезінде қолданылатын әдістер жинағы келтірілген. Сонымен қатар салу есептері арқылы баланың кеңістік ойлау қабілеттін арттыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін жасаған.

Жоғарыда айтылған пікірлерді есепке ала отырып, Әубәкір Арай Ерланқызының дипломдық жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің дипломдық жұмысына қойылатын талаптарына толық сай және оны қорғауға ұсынуға болады деп есептеймін.


Ғылыми жетекші: РhD, аға оқытушы Сарсенов Б.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет