В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы курс (4жыл) студенті Болат Айдидар педагогикалық практикасы бойынша есебі



Дата11.03.2023
өлшемі24,59 Kb.
#73324
Байланысты:
Болат Айдидар есеп


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
3 курс (4жыл) студенті Болат Айдидар
педагогикалық практикасы бойынша


ЕСЕБІ

Педагогикалық практика 23.01 -18.02.2023 аралығында (4 апта) өтті.


23 қаңтар күні студенттерге арналған бағыт беру конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева, практика жетекшілері мен әдіскерлері, студенттер қатысты. Практика жетекшісі Р.Е.Каримова практиканың мақсаты мен міндеттері, мазмұнымен таныстырды.
Практиканың мақсаты: студенттерге кәсіби қызметін өз бетінше атқаруды меңгерту, оларда мектепке дейінгі топтардағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту үшін кәсіби жұмысына қажет жалпымәдени, кәсіби, және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Практиканың міндеттері:
1. Студенттердің балабақша топтарындағы педагогикалық үдерісті жобалау және іске асыру біліктілігін дамыту;
2. Студенттердің өзінің педагогикалық қызметінде оқытудың қазіргі формалары мен әдістерін қолдануға дайындығын қалыптастыру;
3. Педагогикалық үдерістің нәтижелерін талдау және өзіндік талдау біліктерін дамыту.
Әдіскерлер атқарылатын жұмыстың мазмұнымен таныстыра отырып, практика соңында есеп беру құжаттары туралы да айтып өтті. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауаптар алды.
Практиканың алғашқы күндері балабақша әдіскері Абдраимова Камила Ахмадиевна мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесімен таныстырды.
Әдіскер мен тәрбиешілер ұйымдастырған семинарларда жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері қарастырылды.
Практика барысында 5 дағды бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерін жоспарлап, жүргіздім. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерде жаңа технологияларды (денсаулық сақтау технологиясы, ТРИЗ технологиясы, ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы,) қолдана отырып, балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға тырыстым.
Практика барысында ұйымдастырылған іс-әрекеттер



Р/с

Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырыбы

1

Коммуникативтік дағдыларды

Сөйлеуді дамыту

“Жыл мезгілдері”
“Көлік түрлері”
“Жолда жүру ережелері”

2

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Математика негіздері

«5 саны мен цифры»
«Пішіндерді ажырат»



3

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



Мүсіндеу

"Қуыршақ Сәуленің көйлегі”
“Көгалдағы балапан”






Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



Сурет салу
Музыка

“Менің сүйікті мысығым”
“Анашым- ана жаным”




Физикалық қасиеттерді дамыту



Серуен, сергіту сәті




Практика барысында оқу үдерісімен қатар, тәрбиелік іс-шаралар да ұйымдастырдым. Атап айтсақ, «Жаңа жыл», «Менің Отаным- Қазақстан», Отбасылық эстафеталық сайыс «Шынықсаң шымыр боласың», «Шексіз талант», «Көлеңке театры», «Білімділер сайысы», «Жас жұлдыз» және т.б.


Практика кезінде балабақшада ұйымдастырылған семинарларға, тренингтерге, ата-аналар жиналыстарына белсенді қатыстым.


Қорыта айтқанда, университет қабырғасында алған теориялық білімімді практикамен ұштастыра білдім. Ұйымдастырылған іс-әрекеттері мен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет