Бүтін сан берілген. Егер ол сан оң болса, онда оны 1-ге арттырыңыз. Кері жағдайда ешқандай өзгеріссіз қалдырыңыз. Алынған санды экран бетіне шығаратын програма құрыңыз.
Бүтін сан берілген. Егер ол сан оң болса, онда оны 1-ге арттырыңыз. Кері жағдайда 2-ге кемітіңіз. Алынған санды экран бетіне шығаратын програма құрыңыз.
Бүтін сан берілген. Егер ол сан оң болса, онда оны 1-ге арттырыңыз. Кері жағдайда 2-ге кемітіңіз. Ал егер 0-ге тең болса, онда оны 10 санымен алмастырыңыз. Алынған санды экран бетіне шығаратын програма құрыңыз.
Үш бүтін сан берілген. Оң сандар санын анықтайтын программа құрыңыз.
Үш бүтін сан берілген. Оң сандар саны мен теріс сандар санын анықтайтын программа құрыңыз.
Екі сан берілген. Екі санның үлкенін анықтайтын программа құрыңыз.
Екі сан берілген. Олардың кішісінің реттік нөмерін экран бетіне шығаратын программа құрыңыз.
Екі сан берілген. Алдымен олардың үлкенін, соңынан кішісін шығаратын программа құрыңдар.
Нақты типтегі екі айнымалы берілген: A, B. А-ның мәні кіші, ал В-ның мәні үлкен болатындай етіп олардың орындарын алмастыратын программа құрыңыз. A және B айнымалыларының жаңа мәндерін шығарыңдар.
Бүтін типті екі айнымалы берілген: A және B. Егер олардың мәндері тең болмаса, онда әрбір айнымалыға олардың қосындысының нәтижесін меншіктеу қажет, ал егер тең болса, онда айнымалыларға 0 мәнін меншіктеңдер. А және В айнымалыларының жаңа мәндерін шағару керек.
Бүтін типті екі айнымалы берілген: A және B. Егер олардың мәндері тең болмаса, онда әрбір айнымалыға олардың үлкенінің мәнін меншіктеу керек, ал егер олар тең болса, онда айнымалыларға 0 мәнін меншіктеңдер. А және В айнымалыларының жаңа мәндерін шағару керек.
Үш сан берілген. Олардың ең кішісін анықтау керек.
Үш сан берілген. Олардың орташа мәндісін анықтау керек (яғни үлкен сан мен кіші санның арасында орналасқан сандық анықтау керек).
Үш сан берілген. Алдымен ең кішісін, соңынан ең үлкенін шығаратын программа құрыңыз.
Үш сан берілген. Олардың екі үлкен санының қосындысын табатын программа құрыңдар.
Нақты типтегі үш сан берілген: A, B, C. Егер олар өсу ретімен орналасқан болса, онда оларды екі еселеу қажет, кері жағдайда олардың мәндерін қарама-қарсы мәндерге алмастыру керек. A, B, C айнымалыларының жаңа мәндерін экран бетіне шығарыңдар.
Нақты типтегі үш сан берілген: A, B, C. Егер олар өсу немесе кему ретімен орналасқан болса, онда оларды екі еселеу қажет, кері жағдайда олардың мәндерін қарама-қарсы мәндерге алмастыру керек. A, B, C айнымалыларының жаңа мәндерін экран бетіне шығарыңдар.
Үш бүтін сан берілген. Олардың біреуі өзара бір-бірне тең екеуінен мәні өзгеше. Мәні басқа санның орналасу ретін анықтаңдар.
Төрт оң сан берілген. Олардың біріның мәні қалған бір мәнді үшеуінен өзгеше. Басқаларынан өзгеше мәнді санның реттік нөмерін анықтайтын программа құрыңдар.
Сандық өрісте үш нүкте берілген: A, B, C. Соңғы екі нүктенің (B немесе C) қайсысы А-ға жақын орналасқан және сол нүктені, А нүктесіне дейінгі арақашықтығын шығаратын программа құрыңдар.
Жазықтықта нүктенің бүтін санды координаттары берілген. Егер нүкте координаттары координаттар басымен сәйкес келетін болса, онда 0 мәнін шығарыңдар. Ал нүкте координаттар басымен сәйкес келмейтін болса, бірақ OX немесе OY осінде жататын болса, онда сәйкесінше 1 немесе 2 сандарын шығарыңдар. Егер нүте координаттар осінде мүлдем жатпайтын болса, онда 3 мәнін шығарыңдар.
OX және OY координаттар осінде жатпайтын нүкте координаттары берілген. Нүкте жатқан ширек нөмерін анықтайтын программа құрыңдар.
Тіктөртбұрыштың үш төбесінің нүкте координаттары берілген. Олардың қабырғалары координаттар өсіне параллель. Төртінші төбе нүктесінің координатасын анықтау.
x нақты саны үшін f функциясының мәнін анықтайтын программа құрыңдар: f (x) = 2·sin(x), егер x > 0,
6 - x, егер x ≤ 0.
x нақты саны үшін f функциясының мәнін анықтайтын программа құрыңдар: f (x)=2·x, егер x <-2 немесе x > 2,
-3·x, кері жағдайда.
x нақты саны үшін f функциясының мәнін анықтайтын программа құрыңдар:
-x, егер x ≤ 0,
f (x) = x2, если 0 < x < 2, 4, если x ≥ 2.
x нақты саны үшін f функциясының мәнін анықтайтын программа құрыңдар: 0, егер x < 0,
f (x) = 1, егер x [0, 1), [2, 3), : : : аралығына жататын болса,
-1, егер x [1, 2), [3, 4), : : : аралығына жататын болса.
Жыл нөмері берілген (оң бүтін сан). Осы жылдағы күндер санын анықтау керек. Жай жылда 365 күн бар, ал кібісе жылда 366 күн бар. Кібісе жыл дегеніміз 4-ке қалдықсыз бөлінетін жылдарды айтамыз. (Бұл жылдарға 100-ге бөлінетін, бірақ 400-ге бөлінбейтін жылдар кірмейді, мысалы 300, 1300 және 1900 жылдар кібісе жыл болып саналмайды, ал 1200 және 2000 жылдар кібісе жылдар).
Оң сан берілген. Оның қандай сан екендігінің жазбаша сипатталуын экран бетіне шығару, мысалы,«теріс жұп сан», «нөлдік сан», «оң тақ сан» және т.б.
1–999 аралығындағы бүтін сан берілген. Оның қандай сан екендігінің жазбаша сипатталуын экран бетіне шығару, мысалы, «оң екі орынды сан», «тақ үшорынды сан» және т.б.