5. Сұхбатты тыңдаңыз. – Мағжан Кәрімұлы, сізді табысты кәсіпкер деп білеміз. Жас кәсіпкерлерге айтар ақыл-кеңестеріңіз бар ма? Табысты болудың сырымен бөлісесіз бе? – Еңбекке ерте араластым. Жеке кәсібімде жетістікке жету үшін көп еңбектендім. Алғашында қиын болды, әрине. Бірақ еңбекқорлығым және өмірге деген қызығушылығым жеңіске жетуіме көмектесті. Сонымен, табысқа жеткізетін 8 қасиетті айтайын. Менің ойымша, олар өз ісіңе деген қызығушылық, сонымен бірге еңбекқорлық, тәжірибелілік, мақсатшылдық, алдыңа қойған мақсатыңа жетем деп ұмтылмасаң, кәсібіңді дамыта алмайсың. Ал табандылық, талпынушылық – өте қажет қасиеттер. Өз жұмысыңнан шаршамау үшін шығармашылық қасиет те керек. Үнемі жаңа ойлар тауып, өз жұмысыңды өзіңе қызықты етуге тырысуың қажет. Ал жауапкершілік болмаса, жоғарыда аталған қасиеттер бір сәтте мағынасыз болып қалады. Егер осы сегіз қасиет сіздің бойыңыздан табылса, сіз табысты Табысқа жеткізер сегіз жол ТЫҢДАЛЫМ