қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;
буферлік жүйелер және олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағы буферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;
нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;
қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;
есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.
Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.
Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.
рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.
Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.
Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).
100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.