Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін қолданылады. Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.).
Азот молекуласы — берік қосылыс. Ол тотықтырғыш ретінде ерекше жағдайда металлдармен, сутекпен әрекеттеседі. Табиғатта азот бос күйінде кездеседі, ол ауаның негізгі құрам бөлігі. Селигралардың құрамында болады. Азот адам және жануарлар, өсімдіктер организмінде маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын нәруыздың құрамына кіреді.
Фосфор
Фосфор туралы Фосфор ( лат . Phosphorus ) , Р элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент , реттік НӨмірі - 15 , атомдық массасы 30,97 . Бірнеше түрі бар : ақ фосфор - тығыздығы 1,828 г / см3 ; балқу температурасы — 44,14 ° C ; қызыл фосфор — тығыздығы 2,31 г / см3 ; балқу температурасы – 593 ° C . Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор ||| периодта , у Топтың негізгі топшасында орналасқан . Салыстырмалы атомдық массасы 31 , реттік нөмірі ( ядро заряды ) 15 .
Тарихы
Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд ( 1669 ж ) . Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып , сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады . Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес , оның байлыққа құмарлығы болды . Ол жайлы бұл алхимиктің жасаған нағыз , әрі жалғыз табысының тарихи дәйектері куәландырады
Атом құрылысы
Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар , оның үшеуі жұптаспаған . Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы : Электрондық формуласы : 1s22s22p63s23f Фосфор косылыстарында -3 , +3 , +5 тотығу дәрежесін көрсетеді . Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин РНЗ мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен , фосфин молекуласы берік емес , улы , тұрақсыз газ , тез тотығып кетеді .