Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі . Мысалы , фосфорит және апатитте кальций фосфаты Ca3 ( PO4 ) 2 түрінде болады . Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі . Қазір Қаратау бассейні негізінде " Жаңатас байыту комбинаты " жүмыс істейді . Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын ( Шилісай , т.б. ) игеру жоспарланып отыр .
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді . Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор . Ақ фосфор улы және тез тұтанатын болғандықтан а ұқыптылықты қажет етеді . Оның буымен демалуға болмайды . Ақ фосфорды шыны ыдыста су астында , сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды . Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады . Қара фосфор аз кездеседі .
Қолданылуы
Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар . Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді . Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды . Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса , қызыл фосфор алынады . Қызыл фосфор сіріңке өндіруде , пиротехникада қолданылады . Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі . Қазақстанда фосфор Шикізатының қоры Жамбыл ( Қаратау ) және Ақтөбе ( Шилісай ) облыстарында бар . Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады . Ақ , қызыл фосфор НЗРО4 алуда , жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады . P + 5HNO3KOH4 = H3PO4 + 5NO27 + H20