Вакуумдық электроника  электрондық лампалар, вакуумдық фото элементтер мен фотоэлектрондық құрылғылар, рентген түтікшелер,газразрядтық аспаптарды жасау, оларды қолдану; шала өткізгіш (қатты денелік) электроника



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі115,62 Kb.
#128988
1   2   3
Байланысты:
Документ1

Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханиада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информация сақтауға /сақтағыш құрылғы/,уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.
D – триггер деген атау ағылшын сөзі «delay» — кідірту дегеннен шыққан. Триггердің шартты белгісінде
көрсетілгендей ( а суретте ), оның біринформациялық кірісі бар. Осы триггер 7 – шындық кестесіне сәйкес қарапайым логика бойынша жұмыс істейді. Сондықтан триггерлердің шығысындағы жағдай оның кірісіндегі күйге сәйкес болады, бірақ осы арада кіріс сигнал кідіртіледі. Ең көп қолданыс тапқан, И – НЕ логикалық
элементтерінен құрылған ( б сурет) синхрондық D –триггерлер. Информациялық кіріс D-әріпімен белгіленіп, ал синхрондайтын С-әріпімен белгіленеді, D–триггер С=1сигналымен синхрондалады.
Триггер есептеуіштер мен Электрондық есептеуіш машиналардың сандық құрылғылары, регисторлары үшін қажетті екі жағдайда есте сақтайтын элемент болып табылады. Тригердің жағдайы оның шығу сигналымен анықталады, яғни соңғы жағдайдың деңгейіне байланысты ол 0 немесе 1 мәндерімен түрленеді. Тригердің екі шығысы бар: тікелей Q және инверсті Q. Егер тригер 0 мәнін қабылдаса онда тікелей шығу сигналы логикалық 0 – ге тең. Ал инверсті болса, логикалық 1(Q)=0 және Q=1) . Егер тригер 1 жағдайында болса, онда Q=1, Q=0.
Интегралдық сұлбаттехникада тригерлердің ондаған түрлі сызбалары қолданылады. Олар орындау функциялары, ақпараттарды жазу және синхронизациялау тәсілдері, сұлбаттехникалық іске асырылуы арқылы ажыратылады. Функционалдық сипатына яғни логикалық теңдеу түріне, тригерлердің кірісі мен шығыс жағдайларын өндіруге дейін tn уақытында және өндіруден кейінгі tn+1 уақытын сипаттайтын триггерлер: RS-, JK-, D-, DV-, T-, TV-, және т.б. типтерге бөлінеді.
JK триггерлерінде екі информациялық J K кірісі бар. RS триггері сияқты JK триггері J K кірістері арқылы Q шығысында 1 немесе 0 жағдайы болады. Бірақ RS триггерінен ерекшелігі, JK триггеріне J = K =1 берілсе Q шығысында, қарама–қарсы күйге ауысады, яғни JK триггері С кірісіндегі потенциалдық төмендеуінен синхронизацияланады.
ЭЕМ зердесіндегі есте сақтайтынэлементтерді әдетте (8, 16, 32, 64) биттентұратын топтарға біріктіреді. ЭЕМ УКНЦде мысалы, әрқайсысы 0-ден 65535-кедейінгі сандармен нөмірленген 8 биттіктоптар пайдаланылады, ондай сандар байттар адрестерідеп аталады. УКНЦ-де адресті кодтау үшін 16 биттік тізбектер пайдаланылады. Адрес кодын анықтайтын биттер санын ЭЕМ адресінің разрядтылығы деп атайды. Ол сан зерденің процессор алатын ең үлкен көлемін (информацияны) сипаттайды. Бір бит информацияны зердеде сақтайтын электрондық схема триггер деп аталады. Оның RS-триггер деп аталатын қарапайым түрін қарастырамыз Триггерлердің жұмысын өту кестесі арқылы (1 кесте.) немесе осы кестені талдау негізінде алынған логикалық формула арқылы сипаттауға болады. Бірінші кестеге сәйкес RS типті триггерін екі тұрақты жағдайды сақтаушы элемент деп атайды. Оның екі ақпараттық кірістері бар : R және S Олар S=0 болғанда R =1 болып, триггер «0» (Qn+1 =0) жағдайын қабылдайды, ал S=1 және R=0 болғанда «1» (Qn+1 =1) жағдайы болады. Егер S=0 және R=0 болса онда триггердің жағдайы өзгермейді (Qn+1=Qn). S=R=1 жағдайында триггердің жағдайы анықталмаған болып табылады. Сондықтанда сандық логикалық құрылғы RS триггерлер негізінде R = S =1 комбинациялық сигналдарынсыз құрылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет