Вариант 34
Задание для студента на станции
Тапсырма 1. Травматология бөлімшесіне алдыңғы бас сүйегінің шұңқыры аймағында бас сүйегінің негізі сынған науқас келіп, иіс сезу қабілетінің бұзылуына шағым түсірді. Тексеру кезінде мұрын қуысынан ликердің ағуы анықталды (ликворея).
Иіс сезу нервінің, оның бұтақтарының және иннервация аймағының топографиясын атаңыз және айтыңыз.
Иіс сезу аймағының деңгейінде иіс сезу жүйкесінің тармақтары,тыныс алу аймағында үшкіл жүйкенің тармақтары болып табылады.Иіс сезу жүйкесінің тармақтары мұрын қуысы қабырғасының шырышты қабығында,мұрын қалқасының аймағында орналасады.Мұрын және мұрын қалқанының қалған бөлімдері қанат-таңдай шұңқырында орналасқан жоғарғы жақ сүйек жүйкесінің тармақтары келетін негізгі таңдай түйінінен тармақтардың негізгі массасын алады.Мұрын қалқанынынң алдыңғы бөлімінің шырышты қабығы алдыңғы тор жүйкесі арқылы жүйкеленеді.Сонымен мұрын қуысының жоғарғы және алдыңғы шырышты қабатын үшкіл жүйкенің бірінші тармағы иіс сезу жүйкесі.Артқы және төменгі шырышты қабатын үшкіл жүйкенің екінші тармағы жүйкелендіреді.Мұрын қуысының сезімтал жүйкелері сонымен қатар үшкіл жүйке жүйесіне жатады:бірінші тармағы-маңдай,негізгі қойнауларды,тор лабиринтінің ұяшықтарын,екіншісі-жоғарғы жақ сүйектің қойнауын жүйкелендіреді.
2-тапсырма. Операция кезінде каротид артериясын анықтау және оқшаулау мақсатында стерноклеидомастоидты бұлшықеттің алдыңғы жиегіне қабатты кесу жасалды. 4-ші фассияның париетальды парағын бөлгеннен кейін (тамырлы-жүйке байламының қынапшасын ашу) жүрек қызметінің рефлекторлық тоқтауы болды.
Стерноклеидомастоидты аймақтың топографиясын атаңыз және айтыңыз.
Төс-бұғана-емізік бұлшықеті мойынның медиалды қан тамыр жүйке шоғырын жауып жатады.Ұйқы үшбұрышында қан тамыр жүйке шоғыры осы бұлшықеттің алдыңғы жиегіне сәйкес келеді,ал төменнен оның тұлғалық бөлігімен жабылған.Төс-бұғана-емізік бұлшықетінің артқы жиегінің ортасында мойын өрімінің сезімтал тармақтары анықталады.Оның ішінде ең ірі тармағы-ұлкен құлақ жүйкесі.Бұл бұлшықеттің аяқшалары арасында Пироговтың веноздық бұрышы жәнее кезбе көк ет жүйкелері анықталад.
Терісі:жұқа ,тері асты май қабаты және беткі шандырымен бірге қатпарға жеңіл жиналады.
Тері асты май қабаты:борпылдақ.
Мойынның бірінші және екінші шадырлары арасында сыртқы мойындырық тамыры,беткей мойын лимфа түйіндері және жүлын ми жүйкелерінің мойындық тармақтары жатады.
Сыртқы мойындырық тамыры шүйде,құлақ және төменгі жақсүйек артқы тамырлардың қосылуынан түзіліп,m.sternocleidomastoideus бұлшықетін қиғаш кесіп өмен қарай бағытталады.Бұл жерде сыртқы мойындырық тамыр мойынның екінші және үшінші шандырларын тесіп өтіп,тереңге қарай кетеді де,бұғана асты немесе ішкі мойындырық тамырына құяды.Мойынның екінші шандыры төс-бұғана-емізік бұлшықетіне шектелген футляр түзеді.Бұлшықетті қосымша жүйкенің сыртқы тармағы жүйкелейді.
3-тапсырма. Төмендегі суретте анатомияны атаңыз және көрсетіңіз
№ 3 білім
Мойынның терең бұлшықет аралықтары
Достарыңызбен бөлісу: |