8-775-233-72-57 154 көңілімді тоғайтты. Мегиддо айтқандай, еңбек шы-
нында да менің нағыз досыма айналды. Мен бақыт-
ты едім, бірақ Свастидің уайымы қалыңдай берді:
«Қожайын көп ақшасын ойынға жұмсайды. Мен ол
үшін қорқамын».
Бір күні көшеде Мегиддо досымды кездестіріп,
қатты қуандым. Үш есекке артылған көкөністі ба-
зарға алып келген беті екен.
«Менде бәрі керемет, – деді ол. – Жұмысым көңі-
лінен шыққан соң қожайын мені құлдарға бақылау-
шы етті. Көрдің ғой, ол тіпті базарда сауда жасауды
да маған сеніп тапсырады. Жуырда отбасымды осын-
да алдырмақшы. Жұмыс уайымды ұмыттырады, ал
күндердің күнінде маған ол қайтадан еркін адам бо-
луыма және өзіме тиесілі шаруашылық сатып алуы-
ма жәрдем етеді».
Уақыт өтіп жатты, бір байқағаным, Нана-наид
менің келгенімді асыға күтіп отыратын болды. Ол
табысты сыпырып алып, тиынды құныға санайтын
әдет тапты. Енді ол менен алыс базарға барып, бұ-
рынғыдан да көп бәліш сатуды талап етті.
Маған қаланың қақпасынан жиі шығып, қабырға
тұрғызып жатқан құлдарды бақылаушыларға тауа-
рымды сатуға тура келді. Мен сол бір масқара көрі-
ністі көргім келмесе де, бақылаушылар бәліш алу-
ға құмар болған соң, амалсыз сонда баратын едім.
Бірде себеттеріне кірпіштің толуын күтіп, иіріліп
тұрған құлдар арасынан Забадоны байқадым. Ол
қатты жүдепті, екі иығы салбырап кеткен, ал арқа-
сы таяқтаудан жара мен тыртыққа толыпты. Мен
оны аяп кеттім де, оған бір бәліш ұсынып едім, ол