8-775-233-72-57 56 Аркад жетінші күні өзінің шәкірттерімен сұхбатты
бастады. – Жуырда маған бір жас жігіт келіп, қа-
рызға ақша сұрады. Одан қарыз алу себебін сұраға-
нымда, ол өз табысының күнделікті шығындарды
жабуға жетпейтінін айтып, шағынды. Оның өсім-
қор үшін нашар клиент екенін, себебі ертеңгі күні
қарызын қайтаруға қажетті ақшасы болмайтынын
түсіндірдім.
– Қарағым, – дедім оған, – саған көбірек ақша
табу керек. Табысыңды көбейту үшін қандай қадам
жасап жүрсің?
– Қолдан келгеннің бәрін, – деді ол. – Соңғы екі
айда қожайынға алты рет барып, жалақымды кө-
бейтуді өтіндім, бірақ нәтиже шықпады. Оны бұдан
жиірек мазалай беру мүмкін емес.
Біз оның аңғалдығын күлкі етерміз, бірақ оның
бойында табысты үстемелеуге деген ең маңызды қа-
сиет бар, ол – барынша мол ақша табу. Бұл бағалы
әрі мақтауға тұрар ынта.
Табыс табудың алғышарты – күшті әрі айқын ын-
таның болуы. Бұлдыр ынта – бар болғаны арманның
ұшқыны ғана. Баюға ұмтылған адам үшін ол пайда-
сыз. Егер адам бес алтын тиын тапқысы келсе, ондай
тілек орындалады. Әрі қарай ол дәл сондай жолмен
он да, жиырма да, мың да тиын таба алады да, түбін-
де байып шыға келеді. Ұсақ тілекті орындауды үйре-
ну арқылы ол өзін үлкен іске дайындайды. Байлық
осындай жолдармен құралады. Әуелі ол ұсақ-түйек
сомадан жиналады да, содан соң адамның үйрену
мен тәжірибе жинақтауына орай бұл сома ұлғайған
үстіне ұлғая береді.