8-775-233-72-57 132 Матон, өсімқор – 9 күміс тиын;
Биреджик, шаруа – 1 күміс және 7 мыс тиын.
(Сазтақта бүлініп, одан әрі анық-қанық оқу мүм- кін емес). №3-сазтақта Бұл кісілерге бәрін қосқанда жүз он тоғыз күміс,
жүз қырық бір мыс тиын қарызбын. Бұларды қайта-
руға мүмкіндігім болмағандықтан, өзімнің аңғырт-
тығымның салдарынан әйелімді төркініне жіберіп,
ал өзім туған қаламнан безіп, беймәлім өлкеге же-
ңіл байлық іздеуге аттандым, бірақ ол жақта масқа-
ра мен қорлыққа ұшырап, құлдыққа сатылып кете
бардым.
Матон маған өз табысымнан бөлінген ұсақ бөлік-
термен қарызымды өтеу жолын көрсеткен соң ғана,
мен өз ақымақтығымнан қашып құтылуға тыраш-
танған ақылсыздығыма көз жеткіздім.
Сондықтан мен өзім қарызданған адамдарға жо-
лығып, оларға жинақталған қорымның жоқтығынан
қарыздарымды бірден өтей алмайтынымды айтып,
бұдан былай өз табысымның оннан екі бөлігін оларға
әділ түрде бөліп отыратынымды жеткіздім. Бар мүм-
кіндігім – осы ғана. Осыған байланысты олардың да
міндеттемемді толық орындағанша шыдамдылық-
пен күтулеріне тура келеді.
Ең жақсы досым деп санайтын Акмар мені аузы-
на келген былапыт сөздермен балағаттады, қорлан-
ған басым кірерге тесік таппай, жайыма кеттім.
Биреджик деген шаруа өзінің ауыр жағдайын ай-
тып, онымен бірінші кезекте есептесуімді сұрады.