8-775-909-01-77 137 саудагерінің рухымен кездесе қалсаңыз, менің бір тілегімді орындауыңызды өтінемін. Бірнеше мың жыл бұрын сазтақталарға жазып қалдырған хаты үшін оған Англиядағы біздің университеттің бірне- ше қызметкерлері атынан шынайы алғысымызды жеткізерсіз. Менің Сізге бір жыл бұрын жазған хатым есіңіз- де болар, әйелім екеуміз оның сол жоспарын қолға алып, біршама қарыздан құтылып, еңсемізді көте- руді ойластырудамыз. Мен бұны достарымыздан жасырып келсем де, Сізден жасыра алмаймын, біз- дің қаржылық жағдайымыздың нашар екенін шама- лап жүрген де шығарсыз. Жылдар бойы қордаланған қарыз берекемізді қа- шырып, еңсемізді көтертпей келеді. Тіпті өзіме деген сенімім азайды, сатушылардың бірі дау шыға- рып, университеттен қуыламын-ау деген үрей бой- ды билей бастады. Біз үнемделген әр шиллингті тө- лесек те, жағдай жақсарар емес, кері кетіп барады. Оған қоса, күнделікті тіршілікке де қаржы жеткізе алмай, қарызға белшемізден батуға тура келді. Жағдайымызды құлдыратқан қайдағы бір қарғыс шеңберінен шыға алмай жүрміз. Онымен күрестің мәні қалмады. Арзан үйге көшіп кетуге де мүмкіндік жоқ, қазіргі қожайынға берешегіміз шаш етектен. Жағдайымызды жақсартатындай үміт отын көре алмай қиналдық. Осы арада Сіздің танысыңыз – Вавилондағы ежел- гі түйе саудагері өз жоспарымен алдымыздан шық- ты. Ол жарамызға тұз сепкендей жанымызды түр- шіктірді. Оның жүйесін қолданып көруге тәуекел