Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет133/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
145
– Әңгімені бірден алтын шекелдерді қалай табу-
дан бастасақ қайтеді? – деді жігіт.
Жігіттің ескертуін құлағынан асырып жіберген 
Шарру Нада сөзін жалғады:
– Ана шаруалардан бастайын. Ол кезде жасым 
сен қатарлы еді. Ішінде мен де бар шұбырған топ 
осы араға жеткенде, менімен қоса шынжырланған 
Мегиддо шаруа жер жыртушыларды кекетіп, былай 
деді: «Ана жалқауларға қараңдар! Жерді тереңірек 
жырту керек, мыналар тырналап қана жүр. Ал ана 
біреуі тіпті өгіздерді дұрыс айдай алмайды. Бүгін 
жер жырта алмаса, ертең қандай өнім жинасын?»
– Сен Мегиддо өзіңмен қоса шынжырланған дедің 
бе? – деп Хадан Гула таңдана сұрады.
– Иә, мойнымызда шынжырға байланған қола 
қарғыбау болатын. Оның қатарында қой ұрлаумен 
айналысатын Забадо келе жатты. Онымен Харрунда 
танысқанмын. Құлдар тізбегінің соңында өзі атын 
айтпаған соң Қарақшы атанған біреу жүріп отырды. 
Кеудесіндегі айқасқан қос жыланның суретін көрген 
біздер оны әуелде теңізші деп ойладық. Құлдардың 
легі осылайша бір-біріне шынжырланған төрттіктен 
тұрды.
– Сені де құлдарша шынжырлады ма? – деп Хадан 
Гула сенімсіздік танытты.
– Саған атаң бір кезде менің құл болғанымды айт-
пады ма?
– Ол сен жөнінде жиі әңгімелейтін, бірақ бұл жө-
нінде айтқан емес.
– Оған небір құпия сырларды айта беруге болатын. 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет