8-775-909-01-77 151 өз кәсібін талапты, қабілетті жанға үйреткен оңай
емес пе? Маған қарашы, мен жаспын, күштімін әрі
еңбек етуден қашпаймын. Маған мүмкіндік бер, се-
нің әмияның үшін алтын мен күміс табу жолында
қолымнан келгенше аянбаймын».
Менің сөзім оның көңіліне қонса керек, ол құл
сатушымен саудаласа бастады. Анау болса, бұған де-
йін маған көз салмаса да, менің қабілетімді шешен
тілмен баяндап, денсаулығым мен тәртібімнің ой-
дағыдай екенін алға тартып, бағамды асыра түсті.
Мен өзімді қасапшыға сатылатын өгіздей сезіндім.
Ақырында олар, менің бағыма қарай, қол алысып,
сауда келісімін жасады. Мен қожайынымның соңы-
нан, Вавилондағы ең бақытты адам сияқты, қуана
еріп кете бардым.
Жаңа мекенім маған ұнады. Қожайыным Нана-
наид маған ауладағы қол диірменмен ұн тартуды,
пешке отты қалай жағуды, бал қатқан бәліш үшін
күнжіт дәнін үгуді үйретті. Маған жатын орынды ас-
тық сарайынан бөлді. Үй қызметіндегі Свасти есімді
кәрі күң әйел мені аш қалдырмады, ал мен оның ауыр
жұмысына қолғабыс етуге әрдайым дайын тұрдым.
Өзім армандаған, яғни қожайыныма ұнап, келе-
шекте еркіндік алуыма қажетті мүмкіндіктің туға-
нын ұқтым.
Нана-наидтан қамыр илеп, нан пісіру жайын үй-
ретуді өтіндім. Ол менің өтінішімді құп алып, тал-
пынысыма риза болды. Кейінірек алғашқы дәріс-
терді бойыма сіңірдім де, сосын бал қосқан бәліш
пісіру тәсілін үйрендім. Ұзамай наубайханадағы бар
жұмыс менің қолыма көшті. Қожайыным рақаттана