Вби жасанды берілу жолын көрсетің ауалы тамшала


Бүйрегі ауыратын пациенттің тәуліктік диурезі-400мл.Осы жағдайға анықтама беріңіз



бет45/88
Дата20.06.2023
өлшемі271,22 Kb.
#102627
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
Даурен

Бүйрегі ауыратын пациенттің тәуліктік диурезі-400мл.Осы жағдайға анықтама беріңіз:
А.ишурия
В.анурия
С.олигурия
Д.полиурия
Е.странгурия
Рахиттің бастапқы кезеңінің симптомдары:
А.әлсіздік, температурасының жоғарылауы
В.гипотония,рахиттік білезік
С.мазасыз, тершең, ұйқы кезінде шошығыш
Д.бас сүйектің деформациясы, қабырғаларындағы рахиттік дөңестер
Е.аяқтары Х- немесе О-тәрізді
Ашқарында қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:
А.1,5-3,0 ммоль\л
В.6,6-7,2 ммоль\л
С.3,3-5,5 ммоль\л
Д.7,5-9,0 ммоль\л
Е.9,5-11,0 ммоль\л
Жаңа туған баланың сепсисіне жеткізетін ауру:
А.омфалит
В.физиологиялық сарғаю
С.жедел респираторлы ауру
Д.аузы уылуы
Е.кефалогематома″
ФАП-қа келген 30 жастағы, қант диабетімен ауыратын пациент айқын әлсіздікке, шөлдің күшеюіне, жүрек айнуға,құсуға, іш ауруына шағымданды. Оны қараған кезде: санасы жоқ, терісі құрғақ,ыссы, аузынан ацетон иісі шығады, көз алмалары жұмсақ. Пульсі- минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы-110\60 мм с.б.б. Пациенттің жағдайын бағалаңыз:
А.гипогликемиялық кома
В.тағамдық токсикоинфекция
С.перфоративті ойық жара
Д.гипергликемиялық кома
Е.артериалды гипотония
Гипертиреоз кезінде қандағы тиреоидты гормондардың мөлшері:
А.жоғарылайды
В.төмендейді
С.қалыпты болады
Д.өзгермейді
Е.күрт төмендейді
Баладағы ″боз″ гипертермияны басуға қолданылатын препараттар жиынтығы:
А.анальгин, аминазин
В.анальгин, дроперидол
С.анальгин,коргликон
Д.анальгин, дибазол, папаверин, димедрол
Е.анальгин, димедрол
Бала 7 жаста. Ауырғанына 5 күн болды. Дене температурасы – 37,6 с. Тыныс алудың қиындауына, әлсіздікке шағымданады. Оны қараған кезде: аңқасында сұр түсті жамылғы байқалады, шпательмен алынбайды, сыбырлап сөйлейді, терісі бозарған, жүрек соғу жиілігі минутына 120 рет, жүрек тондары тынықталған. Болжамалы диагноз:
А. Жалған круп
В.баспа
С.ЖРВИ
Д.дифтерия
Е.бронхит
12 жастағы қыз бала салқын күні суға шомылғаннан кейін қалтырау, бел тұсының вуыруы, температурасының жоғарылауы, кіші дәретінің жиі және ауырсынып шығу сияқты шағым. Қарағанда: терісі мен кілегей қабаттары таза, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң мәнді, АҚҚ 110\70 мм.с.б.б., ұлы дәреті қалыпты, кіші дәреті лайлы. Болжамалы диагноз:
А. Жедел пиелонефрит
В.жедел гломерулонефрит
С.жедел бүйрек жетіспеушілігі
Д.жедел цистит
Е.несеп тас ауруы
4 жастағы бала басының қатты ауырсынуына, әлсіздікке шағымданды. Бала анасының сөзінше баланың ауруы жедел басталды, дене температурасы көтерілді, басы аурып бастады, құсу және әлсіздік пайда болды. Объективті: сәбидің санасы дұрыс, дене температурасы-39,2С, АҚҚ-60\20 мм.с.б.б., желке бұлшық еттерінің тартуы анықталды. Болжамалы диагноз:
А. А грипі
В.инфекциялық-токсикалық шок
С.менингококті инфекция
Д.энтеровирусты инфекция
Е.тағамдық токсикоинфекция
Жедел жәрдем бригадасы оқиға болған жерге келді. 35 жасар әйелде оң жақ сан сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігіне жұлынған жарадан сыртқы алқызыл пульсацияланған қан кету болып жатыр. Қарағанда терісі бозарған, ылғалды, мәрмәр тәрізді. АҚҚ 70\50мм.с.б.б., ЖСЖ минутына 110 рет. Пациенттегі альгове шоктық индексі нешеге тең:
А.50
В.60
С.10
Д.1,57
Е.2,2
6 жасар бала әткеншектен құлады. Оң жақ қолтық астындағы ауырғандыққа, оның дем алғанда ауыратындығына шағым айтты. Қарағанда қабырға сынығына тән симптомдар анықталды. Транспорттық иммобилизация түрі:
А.кеуде торына спиральді таңғыш салу
В.Дезо таңғыш салу
С.кеуде торына крест тәрізді таңғыш салу
Д.фиксациясыз таңғышпен тасымалдау
Е.кеуде торына тығыз таңғыш салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет