Пациентұйқылы-ояу жатқандай, қоршаған ортамен байланысы жоқ, бірақ рефлекстері сақтлаған, Осы симптомдар тән болып келетін жағдайды атаңыз: А.кома
В.сопор
С.ступор
Д.күңгірт сана
Е.есеңгіреу
К. Есімді науқас,55 жаста,дәрігерге қимыл тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтініне, жүріп тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралды. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы “тиін санау” типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген ”тісшелі дөңгелек” типті, денесінен сәл алдыға жіберіпғ жәй жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән: А.Паркинсон ауруы
В.Альцгеймер ауруы
С.Бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі
Д.Жайылмалы склероз
Е.Менингококктық менингит
55 жастағы ер адамға шақыру бойынша дәрігер үйіне келді. Жақын арада оң жақ аяғында күрт әлсіздік байқалды. Науқас адам 18 сағатта кіші дәретке баралмады. Анамнезінде: науқас адам қант диабеті және жүректің аритмиясымен сырқаттанады. Неврологиялық тексеруде: оң жақ қолдың прокисмальді бөлігінде және аяқтың башпайларында спазмалық парез, сол жақ қолы апраксия, Янишевский-Тернер симптомы және ауыздың автоматизм симптомы бар. Артериялық қысымы осындай науқаста нормасынан төмен – АҚ 130\60 мм рт.ст. дене темп 37,0С. Науқаста қандай жағдай дамығанын табыңыз? А.Ишемиялық инсульт
В.Субархноидальді қан құйылуы
С.паренхиматоздық қан құйылуы
Д.тромбтық ишемиялық инсульт
Е.менингит
Қазан айының соңында дерматологқа 16 жастағы науқас терісі қышуына және бөртіп кеткеніне шағымданып қаралды. Оқушы 6 жасынан бастап ауырады, ауру көктем,күз айларында қозып, жазда тоқтайды. Осындай терідегі көріністер аяқ қолдың иілетін жағында, бастың шаш арсында, арқасы мен іш аймағында болады. Осындац учаскелердегі бөртпелер айқын қызыл түстегі папула, бір-бірімен біріккен, сүр түсті қабықшамен қапталған. Тизе аймағы ісінгенғ папулалар ылғал жайылмалы. Сонымен қатар шап, қолтық асты, жамбас аралық қатпарлары да зақымданған. Осы жерлерде экссудативтік ақтандақтар шеттері анық қызыл түспен шекараланған, сәл қабыршақтанған. Күдікті диагноз қойыңыз, қосымша зерттеулер жолдаңыз, емдеу принципін атаңыз: А.Псориаз, қанның морфологиясы, несептің жалпы анализі, сенсибилизацияға қарсы препараттар, седатвиті дәрілер. Дәрумендер. Сырттай: қышымаға қарсы, дезинфекциялық
В.Қызыл волчанка, қанның морфологиясы, қызыл волчанканың клеткалары. Антималярлық препараттар, В дәрумендер кешені, никотин қышқылы. Сырттай: стериодтық жақпа
С.Көпформалы экссудативтік эритема, қанның морфологиясы, антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы препараттар, салицалаттар. Дәрумендер.
Д.Вульгарлы пузырчатка, қанның морфологиясы, кортикостероидты гормондар, ішке цитостатиктер, асқынғанда антибиотиктер, калий, кальций препараттары,плазмаферез
Е.Есекжем (крапивница), қанның морфологиясы, аллергосынамалар, қышуды бәсеңдету үшін седативтік препараттар, аллергияға қарсы дәрілер,қабынуды басатын стериодтық препараттар
Жеткіншек 17 жаста, бас ауруына шағымданды. 12 сағаттан кейін пациентте бас ауруы күшее түсті, лоқсу пайда болды, дене қызуы 39С-қа көтерілді. Науқас ұйқылы күйде, қоршаған ортаға беймәлім. Осы қабылдау бөлімшесіне жеткізді. Қарағанда: аяқ-қолдарында патехиальді бөртпе, желке бұлшық еттері сірескен. Ликворды зерттегенде глюкоза деңгейі 2,2 ммоль\л,1 мкл 800 торшалар, олардың 70‰-ы – нейтрофильдер. Пациентте қандай ауру дамыды. А.Менингококкты менингит
В.Кене энцефалиті
С.Туберкулезді менингит
Д.Серозды менингит
Е.Токсоплазмоз
Дәрігердің қабылдауына анасы 5 жасар баласын әкелді. Бір апта бұрын анасы баласы бетінің оң жағынан қабыршақтанған қызыл бөртпе көреді. Қышымайды. Уақыт өте келе бөртпе ұлғая бастады. Бала бақшасына барады. Объективтік тексергенде:беттің оң жағында-көлемі 5 тиіндей ашық қызыл түсті бөртпе бар. Шеті қызарған, қабыршақтанған, бірең -сараң ұсақ түйіндер мен қабыршақтар бар. Үй жануарлары жоқ. Балаға күдікті диагноз қойыңыз: А.тегіс терінің трихофитиясы
В.Туберкулездық сынама
С.Дюринг дерматиті
Д.Көпформалы экссудативтік эритема
Е.Токсидермия