1.1 Веб-қосымшалардың құрылымы Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Осы мақсаттарға сәйкес жоғарыда аталған сайт элементтері жобада болуы қажет. Веб-парақтар серверде HTML құжаттары түрінде сақталуы керек.
Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.
Мұндай құжаттар статикалық деп аталады. Веб-парақтардың бұлайша дайындалуы әдетте «классикалық» деп аталады. Сайт каркасын жасау мақсатында жобаға қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, оның негізгі технологиялық моменттерін анықталады. Құрылатын веб-сайттың негізгі технологиялық компоненталарына мыналарды жатқызамыз: стаикалық, динамикалық. Сонымен бірге технологиялық элементтерге мыналарды жатқызамыз: сайттың негізгі мазмұнының құрылымы, (негізгі бөлімдері, бір- біріне ену деңгейлері), ұйымдастыру жоспарының детальдары (атқарылатын жұмыс көлемі, авторлар коллективінің құрамы, негізгі орындаушылар т.б.с.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
с) Жүзеге асыруға керекті технологиялар мен құралдар. Статикалық деп аталатын Веб-парақтарын дайындау әдетте «классикалық» HTML құжаттары көмегімен іске асады. Ал динамикалық парақтарды құруды жеңілдету үшін арнайы осындай жұмыстарды автоматтандыратын құрал Drupal қозғалтқышы қолданылады.
Drupal қозғалтқышы. Drupal қозғалтқышы игеру көлемі аз және өнім сапасы жоғары болатын әр түрлі сайттарды құруға мүмкіндік береді. Drupal «қораптан» қолдануға дайын, бірақ оның басқа CMS-пен салыстырғанда икемділігі, кеңейтілімділігі, сонымен қатар сайт мазмұнын ұйымдастыруының контентті-бағытталған артықшылығы бар. Drupal-дың PHP тілінде жазылған сайтты басқару жүйесі (CMS) деректерді сақтау негізінде реляциялық деректер қорын (MySQL, PostgreSQL және т.б) қолданады. Контентпен басқару жүйесі (ағыл. Content Management System, CMS) – сайт мазмұнын басқаруға арналған программалық кешен. Контентпен басқару жүйесінің каркасы (ағыл. Content Management Framework, CMF) – қажетті функционалдығымен CMS құрғанда қолданылатын программалық кешен.
Content Management System (CMS) жүйесі. CMS – бұл контентті құруды, басқару мен өңдеуді ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе немесе компьютерлік бағдарлама.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
CMS жүйесінде екі қор бар. Біріншісінде (реляционды МҚБЖ) сайтта көрсетілген барлық мәліметтер сақталады. Екіншісінде (файлдық жүйе) көрсетілім элементтері – шаблондар, графикалық суреттер және т.с.с. сақталады. Қолданушыларға көрінетін сайттың сыртқы түрінен басқа екі арнайы жұмыс орны ұйымдастырылған. Бірінші жұмыс орны – сайт өңдеушісі үшін арналған. Оның көмегімен сайт құрылымын, контент құрылымын береді, сайттың сыртқы түрін анықтайды, ақпарат бейнелеу шаблонын жөндейді. Бұл құрал әдетте толық автоматтандырылмайды. Сайтты жөндеу үшін өңдеушілер жиірек CMS құралдары арқылы жұмыс жасайды, ақпарат тікелей орналастырылады. Екінші жұмыс орны – сайт басшыларына арналған. Ол ұйым немесе компания қызметкерлеріне өз бетінше өңдеушілер қыhзметінсіз сайтқа ақпарат тапсыруға мүмкіндік береді.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Тұтынушы менеджері тек арнайы жұмыс орны арқылы жұмыс жасай алады. CMS техникалық мамандар түрінде ешбір делдалсыз, ақпаратты қамтитын, ақпаратты қызметкер жариялайды – ақпаратты оперативті жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар CMS негізінде түрлі қызметтер – функционалды жүзеге асырылған, яғни қажет етілген функциялар CMS-та жүзеге асырылған және жедел қолданысқа беріледі. CMS негізінде сайт құруды бірнеше рет тексеруден өткен дайын модульдер пайдаланылады, сайттың сыртқы түрі статикалық сайттар жағдайына қарағанда, кішігірім шығындармен алмасады. CMS өңдеушілері сайт құруда ақпаратты кез келген маман жүзеге асыра алады деген тұжырым айтса, онда арнайы визуалды өңдеу құралдарын пайдалана отырып, кеңсе құжаттарын ақпаратты импорттауға арналған webинтерфейс бар екені анық.
CMS бұл жай ғана функциялар жиыны болғандықтан, оның сыртқы түрі әр жағдайда белгілі шаблонға сәйкес өзгеруі тиіс. CMS жүйесі кез келген шаблон түрімен, санымен жұмыс жасай білу қажет, ал бұл шаблондардың құрылымы мүмкіндігі бойынша қатаң және шектелмеген болу қажет. 6) Қолдану икемділігі. Кеңейтілуі. CMS жүйесінің қолдану икемділігі әр қолданушы үшін қарапайым болу қажет. Яғни универсалды өнім барлық өзінің қызметімен бірдей жұмыс жасай білу қажет. 7) Мәліметтер құрылымы. CMS жүйесі қамтылған сайтта түрлі типті құжаттар көрсетілуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, сайттың түрлі беттері құрамы бойынша ғана емес, дизайн, жіне құрылымы бойынша да түрлі болуы мүмкін. 8) Қауіпсіздігі. Мұнда SQL-injection, XSS-скриптинг бойынша жіберілетін параметрлердің беріктілігі кіреді. Мәліметтердің резервті көшірілуі, және қалыпқа келтірілуін жүзеге асыру мүмкіндігі міндетті түрде бар. Бүгінгі күні кез келген сайт авторын қанағаттандыратын 800-ден астам модульдер мен компоненттерді табуға болады. Берілген жүйелер кішігірім сайттарға ғана емес, корпортивті сайттар мен ақпараттық жобалар үшін өте ыңғайлы. Интернет желісін бизнес жүргізу құралы ретінде пайдалану webсайттарды құруға және интернет-сайттарды өңдеу кезінде жобаларды басқару технологияларын қолдануға жаңа талаптарды шығарды. Осылайша, өмірге жобаларды басқару әдістемесінің жаңа облысы – web-жобаларды басқару келді.
Drupal проектісі Дрис Байтаерттің басшылығымен 2000 жылы басталды. 2001 жылы шығыс коды жария етілді. Қазір GPL лицензиясымен қорғалған еркін программалық қамтама болып саналады және дүниежүзі энтузиасттары күшімен жаңарып отырады. Drupal қозғалтқышының негізгі мүмкіндіктеріне: кез-келген тереңдіктегі категориялардың салымы; сайт мазмұны бойынша іздеу; құжатқа пайдаланушылар қанынауына шек қою (рөлдік модель); менюдің динамикалық құрылуы; XML-форматты қолдауы; RDF/RSS құжаттарын шығару; басқа сайттардан материалдарды агрегаттау; Drupal сайттарының арасындағы ортақ авторизацияны қолдау; қысқа URL сайтты безендіретін ауыспалы тақырыптарды қолдау; сайт интерфейсін әр түрлі тілдерге ауыстыруды қолдау; сайтқа түсетін аса жүктерді шектеу механизмі;
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
MS SQL – сұраныс тілі жатады.
MySQL – үлестірілген мәліметтер қорының жылдам және мықты басқару жүйесі. Ол ақпаратты тиімді түрде сақтауға, іздеуге, сұрыптауға және таңдауға мүмкіндік береді. Артықшылықтары: - Web- қосымшаларының файлдық нұсқаларына қарағанда кодтың әлде қайда кішігірім болуы (2-3 есе). Оның құрастыру уақытысын үнемдеп, өңдеу үрдісін жеңілдетеді; - С тілінде жазылғандықтан МҚБЖ сұраныс процедураларының жоғары жылдамдығымен орындалуы. Кемшіліктері: - қосымшаның web-сервердің және мәліметтер серверінің жұмыс істеу тиімділігіне тәуелділігі. Екі сервердің бірі істен шығатындығы, біреуін қолданғанға қарағанда мүмкіндігі жоғары; - МҚБЖ қолданғанға қарағанда файлдық жүйемен жұмыс істеу әлде қайда жылдам іске асады. Мысалы, сұранысты жылдам өңдейтін әйгілі Google іздеу жүйесі файлдық жүйеге негізделген және мәліметтер қорын қолданбайды.
Microsoft SQL Server - Microsoft шығарған, деректер қорын басқарудың (ДҚБЖ) реляциялық жүйесі. Деректер қорының дамуының жоғары қарқыны көрініс алған және MS SQL ерекшеленген аймақ- бұл Интернет үшін қосымшалар өңдеу болып табылады. Интернетке арналған сенімді және күрделі қосымшаларға сұраныс өскен сайын, деректерқорына да сұраныс өсуде. Сервердің деректер қоры Интернеттегі маңызды функцияларды қолдай алады. Кез-келген веб-парақтың мазмұны деректер қорымен басқарыла алады. MS SQL - арзан, жинақы және тез деректер қоры. MS SQL-дің толығымен SQL қолдамауы оның тегіндігінің әсері. Онда күрделі қосымша құруға қажет болатын кейбір мүмкіндіктер жоқ. Алайда, MS SQL жоғары жылдамдығымен, тұрақтылығымен және қолданыста оңайлығымен сипатталады және кіші, орта қосымшаларға жауап болып келеді. Қазіргі ең тез ДҚБЖ Oracle қатысты, әдетте MS SQL жергілікті немесе алыстағы клиенттер қатынайтын сервер түрінде қолданылады. ДҚБЖ MS SQL ауқымды кестелер түрімен қамтамасыз етілген: пайдаланушылар толықмәтінді іздеуі бар MyISAM типті тез кестелерді немесе одан баяуырақ, бірақ, өте берік және жеке жазба деңгейінде транзакцияны қолдайтын InnoDB кестелер бар. Және де MS SQL кестелердің жаңа түрін құру принципін көрсететін арнайы EXAMPLE кестелерімен жеткізіледі.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Web-қосымшаларды жобалау үшін Сайттың логикалық құрылымы, Сайттың физикалық құрылымы.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Сайттың әкімшілік модулі деп аталатын құрылымдар болуы қажет.
Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL – қолданушыға мәліметтердің жалпы құрылысын өзгертуге және мәліметтер базасының элементтері арасындағы қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Мәліметтерді оқу. SQL – қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер базасында бар мәліметтерді оқуға және оларды қолдануға мүмкіндік береді. Мәліметтерді өңдеу. SQL – қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер базасын өзгертуге, яғни жаңа мәліметтерді қосуға, сонымен қоса бұрыннан бар мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Қатынасты басқару. SQL-дің көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқуда және өзгертуде мүмкіндіктерін шектей отырып санкцияланған қатынастан қорғау. Мәліметтерді бірлесе отырып қолдану. SQL – қолданушылар арасында мәліметтерді бірлесе отырып пайдалануды қамтамасыз етеді. Олар бір-біріне кедергі келтірмес үшін параллельді түрде жұмыс істейді. Мәліметтердің тұтастығы. SQL – мәліметтер базасының тұтастығын қамтамасыз ете отырып, келіспеген өзгертуден және жүйенің бас тартуынан қорғайды. Сондықтан SQL ДҚБЖ-мен қатынасуда ең мықта тіл болып табылады.
Қорыта келсек, SQL – бұл С немес Pascal сияқты тілдермен салыстырғанда әлсіз жүйеленген тіл болып есептелінеді. SQL-дің операторы ағылшын сөйлемдерін елестетеді және оператордың мәніне әсер етпейтін сөздерден тұрады. Бірақ бұл сөздер оның оқылуын жеңілдетеді. SQL-де логикасы жоқ сөздер тіптен кездеспейді. Онымен қоса SQL операторларын жасамайтын арнайы ережелер тобы кездеседі. Олар дұрыс болғанымен ешқандай мәні жоқ.
PHP - сайтты құруға арналған программалау тілі. PHP сайт жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Бұл серверде орындалатын HTML-ге ендірілген скрипт. PHP - дің JavaScript- тен айырмашылығы, PHP скрипті серверде орындалып нәтижені клиентке көрсетеді, ал JavaScript- тің коды клиенттік машинаға беріліп сол жерде орындалады. Өткен ғасырда «әлемдік деңгейдегі» сайт жасау үшін HTML тілін біліп және көркем стильге ие болу жеткілікті еді. Біраз уақыт өте талаптар күрделене түсті: JavaScript пен Dynamic HTML-ді қолдану ескіре түсті (кертартпаға айналды), ал оларды қолданбау web- бет дизайнының көркін кетіреді. Кейін корпоративті сайттарды жасау үшін C және Perl тілдерін қолдану енді. Бірақ web-дизайнерлер мұндай технологияларды пайдалана алмағандықтан, скриптер тілінің күрделі мүмкіндіктерін қамтитын және де қолдануға, үйренуге қарапайым тіл php шықты. PHP мүмкіндіктері. PHP көмегімен барлығын да жасауға болады: пішіндерде мәліметтерді өңдеу, динамикалық беттерді генерациялау, куки (cookies) сеанстарын қабылдау және жіберу. Бұдан басқа, PHP көптеген мәліметтер қорын (databases) қолдайды. Сонымен қатар, PHP- IMAP, SNMP, NNTP, POP3 және HTTP хаттамаларын түсінеді де, сокеттермен жұмыс істеу мүмкіндігі бар, және басқа да хаттамалармен қарым қатынас жасай алады. PHP-дың айқын ерекшеліктерінің бірі – ол серверлердің мәліметтер қорымен жұмыс істеу үйлесімділігі. Ол үшін web- серверде мәліметтер қорымен жұмыс істейтін бағдарламаны орнатып (көбіне қолданылатыны MySQL), онымен жұмыс істейтін команданы PHP скриптің құрамына қосу керек. Тілдің мүмкіндіктерін түрлі функциялардан тұратын қосымша модульдердің көмегімен кеңейтуге болады. Олар PHP- интерпретаторы (түсіндірушісі) орнатылған жерде болады. Мысалы, Zlib модулі PHP бағдарламасына .zip форматындағы мұрағаттармен жұмыс істеуге көмектеседі, ал libswf – Flash роликтерімен. PHP тілінде жазылған бағдарлама серверде өңделеді. Браузерлер PHP коды бар бетке сұраныс жібереді. Сервер сұранысты РНР интерпретаторына орындауға береді, интерпретатор генерацияланған HTML кодты серверге қайтарады, соңында сервер клиентке нәтижені көрсетеді.
Интерпретатор - (Interpreter (лат. Interpretatio) - түсіндіру, түсінікті тілге аудару) - деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын машина тіліне аударып орындай алатын арнайы программа; программаның бастапқы мәтініне талдау жасайтын және программаны (жүктемелеулік модульге алдын ала түрлендірмей) жеке-жеке оператор бойынша орындайтын аудармалауыш; есептеу процесі кезінде бастапқы программаны жеке-жеке оператор бойынша аудармалайтын және орындайтын қызмет көрсеткіш программа (аудармалауыш-орындауыш). Компьютер жадына енгізілген программа мәтінін интерпретатор жолма- жол қалыпта машиналық кодқа аударады. Программаның алғашқы нұсқасының кезекті бөлігі машиналық тілге аударылғаннан кейін дереу орындалады. Содан кейін келесі бөлігі аударылып, одан әрі процесс қайталанады. Бейсик, Java тіліндегі программалар интерпретатор көмегімен аударылып атқарылады.
Ешқандай PHP код браузерге түспейді. Бастапқы PHP кодты көру мүмкін емес. PHP кемшіліктері.Өзінің идеологиясы бойынша алғашында PHP кішігірім скриптерді жазуға бағытталған еді. PHP интерпретацияланатын тіл болғандықтан, компиляцияланатын C тілімен жылдамдығы бойынша салыстырыла алмайды. Алайда, көлемі аз бағдарламаларды жазуға PHP-ға теңдесі жоқ.
JavaScript негіздері. JavaScript тілінің танымалдылығы web-бет элементтерін бір-бірімен байланысу және қайта жүктеудің кең мүмкіндіктеріне байланысты. Дизайн бөліктерін көрсетуге, жасыруға, көшіруге және безендіруге көмектеседі. Осындай әрекеттер презентациялық эффектілерді жасауға, форма мәліметтерін өңдеуге және құрамын басқаруға септігін тигізеді.
- қабаттарды қолдау. Бірінің үстіне бірін орналастыруға болатын HTML бөліктері (пиксельге дейінгі дәлдікпен) ;
- пішіндермен жұмыс.
Дәлдік (Точность; precision) - жылжымалы нүктелі санның машинальгқ түрінің разрядтылық сипаттамасы; Дәлдік (Точность) - процестің, бұйымның және заттың қарастырылған параметрлерінің ақиқат мендерінің олардың теориялық номиналдық мәндеріне жақындық дәрежесі.
Пішін (Форма) - қарапайым орташа күрделі, күрделі, өте күрделі тікбүрышты, үшбүрышты, көпбү- рышты, цилиндрлі, жайылмалы қорамалы болып келеді.
Кез келген мәліметтерді скрипттер арқылы өңдеу ыңғайлы, ол ақпаратты серверге жіберу алдында дұрысытығына тексереді. Егер мәтіндік алаңға қандай да бір санды енгізуін сұраса, әріптік символдардың енгізілу мүмкіндігін ескеру қажет;
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
- суреттермен жұмыс. Скриптер арқылы суреттің алдын ала жүктелуін жасауға болады. Суреттерді тікелей көру алдында браузер өзінің жадысында сақтайды да, қажет болған жағдайда жылдамырақ бейнелейді.
Веб шолғыш (ағылш. web browser) - интернеттегі не басқа кез келген желілердегі http://https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.
Ені, биіктігі, графикалық файлдың адресі сияқты суреттің негізгі параметрлерін динамикалық өзгертуге болады. Ол тінтуірдің әрекетіне байланысты жауап береді, ерекшелегенде сурет өлшемі өзгереді. Ұқсас әдіспен суреттер галереясы жасалады- суреттің өзгеруі бір бет шекарасында жүргізіледі; - уақыт пен күнді айқындау. Көптеген дизайнерлер өз жобаларында ағымдағы күн мен уақытты көп қолданады. Арнайы күнмен жұмыс істеуге арналған Date объектісі пайдаланылады;
- Cookies файлдарымен жұмыс. JavaScript cookie файлдарымен толық жұмысты қамтамасыз етеді. Cookie- техникалық ақпарат сақталатын локальды компьютердегі мәтіндік файл.
Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
AJAX (Asynchronous JavaScript and XML- асинхронды JavaScript және XML) – web-қосымшаларының қолданушылар интерфейсінің интерактивтілігін ұйымдастыру әдісі. Ол браузер мен web- сервер арасында «фондық» режимде мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, мәліметтері жаңартылған web-бет толығымен қайта жүктелмейді де, webқосымша жылдам және ыңғайлырақ болады. AJAX – DHTML концепсиясының бір компоненті. Артықшылықтары: - трафиктің үнемдеуі. Бетті толығымен қайта жүктеудің орнына, тек өзгерген бөлікті жүктеу web-қосымшамен жұмыс істеу кезіндегі трафикті үнемдеуге AJAX елеулі септігін тигізуде; - серверге түсетін жүктеме азаяды. Мысалы, Gmail-да оқылған хаттарды белгілегенде, сервер тек мәліметтер қорына өзгертулер енгізіп, клиенттік скриптке операция сәтті орындалғандығы туралы мәлімет жіберіледі. Бет қайта жүктеліп клиентке берілмейді; - Интерфейс шапшаңдығының (реакция) жылдамдауы. Тек өзгерген бөлікті ғана жүктеу керек болғандықтан, қолданушы өзінің әрекеттерінің нәтижесін бірден көреді. Кемшіліктері: - браузердің стандартты құралдарымен интегрирленуі. Динамикалық құрылатын беттер браузер кірген беттер тізімінде көрінбейді, сол себепті кірген беттерді қайта көруге мүмкіндік беретін «Артқа» батырмасы жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселені шешетін скриптер бар. Тұрақты URL-да беттің контенті керекті немесе ұнаған материал жаңарып отыратындықтан сақталынбайды. Бұл мәселелерді фрагмент идентификаторын динамикалық өзгертуі арқылы шешуге болады(#-дан кейінгі URL бөлігі); - динамикалық жүктелетін құрылым іздеу машиналарына қол жетімсіз. Іздеу машиналары JavaScript-ті орындай алмайды, сондықтан құрастырушылар сайт құрамына қол жеткізетіндей альтернативті жолдарды ескеру керек; - сайт статистикасын жүргізудің ескі әдістері актуалдылығы төмендеуде. Көптеген статистиканы қызметтері AJAX-ты қолданатын беттерді жүрмейді; - браузерде әрқашан JavaScript қосулы болуы міндетті. Бұл технологиялардың пайда болуы мен дамуы ұйымдастырылған және басқаруға ыңғайлы, икемді жүйелердің шығуына септігін тигізбей қоймады. Бірнеше тілдерді, қызметтерді ортақ пайдаланып, дайын шаблондарға кигізілетін сайттардың дамуы арта түсуде. Әрбір пайда болған жаңа шешім жоғарыда айтылған технологиялар негізінде жасалады.