Веб-қосымшаларды құру құралдары (Интернет, frame relay)


Енгізілген жіктемені талдау негізінде веб-қосымшалардың осалдықтары мен оларға жасалатын шабуылдардың синтезделген тізбесі



бет6/19
Дата11.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#60965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1.6 Енгізілген жіктемені талдау негізінде веб-қосымшалардың осалдықтары мен оларға жасалатын шабуылдардың синтезделген тізбесі
Әлеуетті осалдықтар мен веб-қосымшаның қауіпсіздігіне төнетін қауіп- қатерлерге және енгізілген жіктемеге жүргізілген зерттеу негізінде, сондай-ақ Positive Technologies компаниясының зерттеу статистикасы мен зерттеу мақалаларының негізінде өзекті шабуылдар мен осалдықтарға талдау жүргізілді және 1.3 кестеде ұсынылған тізбе қалыптастырылды. Қалыптасқан тізбеде әлеуетті осалдықтар мен осы осалдықтарға типтік шабуылдар синтезі жүргізілді, сондай - ақ тәуекел дәрежесі мен шабуыл әлеуетіне баға берілді.
Алдымен, келтірілген жіктемеге сәйкес қандай осалдықтар анағұрлым өзекті екені қарастырылды. Positive Technologies компаниясының 2018 жылғы осалдықтарының таралуын талдау деректері бойынша тестіленетін веб- бағдарламалардың көпшілігінде табылған ең көп таралған осалдықтар: сайтаралық скриптинг (XSS), ақпараттың ағуы, таңдау (Brute force), БҚ идентификациясы, директорияларды индекстеу, сұраныстарды қолдан жасау, SQL командаларын ендіру (SQL injection), авторизация [А1.4-сурет].
Positive technologies зерттеуінің веб-бағдарламаларға жасалынатын шабуылдар статистикасына сәйкес 2018 жылда келесі шабуылдар ең өзекті болған [A1.5-сурет]. Сайтаралық сценарийді орындау, SQL командаларын ендіру, белгіленген директория сыртынан шығу (Path Traversal), жергілікті файлдарды қосу, ОЖ командаларын және кодты алшақ орындау және т.б.
Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:

  1. есептеуіш техника құралдарын;

  2. программалық жасауды;

  3. байланыс арналарын;

  4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды;

  5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.

АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:

  1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;

  2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.

Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады:

  • конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;

  • тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;

  • қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.

Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде және желілерде өңделетін ақпараттың қорғау механизмдерін береді.
Инженерлік-техникалық әдістер өзінің мақсаты ретінде техникалық арналар арқылы ақпараттың жайылып кетуінен ақпараттың қорғалуын қамтасыз етуді қарастырады.
Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау. Осыдан екінші мәселе туындайды – ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері
Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз – бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. Қауіптердің жіктелуі:
Пайда болу табиғатына қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи –бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т.б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы – оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі.
Ниеттілік дәрежесіне сәйкес кездейсоқ және қасақана болып бөлінеді. Кездейсоқ қауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақана қауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады.Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады.
Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі:
қауіп көзі – табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар;
қауіп көзі – адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу;
қауіп көзі – рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік;
қауіп көзі – рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу;
Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді:
қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп.Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталған микрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу;
қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы,білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциялды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау.
АЖ-ге әсер ету дәрежесі бойынша пассивті және активті қауіптер деп бөледі.
Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады.
АЖ ресурстарына қатынау тәсілі бойынша былай бөлінеді:
стандартты қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, заңды иеге қатысты пара беру, шантаж, физикалық қауіп төндіру арқылы рұқсатсыз парольді алу;
стандартты емес қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, қорғау құралдарының ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерін пайдалану.
Қауіптердің негізгі жіктелуі:
Ақпараттың конфиденциялдығын (құпияланғандығын) бұзатын қауіптердің орындалу нәтижесінде құпия ақпаратпен танысу үшін өкілдігі жоқ субъектіге ақпаратқа қатынау мүмкіндігі туады.
Ақпараттың тұтастығын бұзатын қауіптерге, АЖ көмегімен өңделініп жатқан ақпаратты кез келген қаскүнемділікпен бұрмалау немесе құрту жатады.
Ақпараттың қатынау қолайлығын бұзатын қауіптерге, АЖ ресурсына рұқсаты бар пайдаланушының қатынауы бұғатталғанда туындайтын жағдайлар жатады.
Ақпарат қорғанысының негізгі қауіптеріне және ақпараттық жүйенің қарапайым функциялануына келесілер жатады:

  • құпия ақпараттың ағып кетуі;

  • ақпаратты компрометациялау;

  • ақпараттық ресурстарды бекітілмеген жолмен қолдану;

  • ақпараттық ресурстарды қателесіп қолдану;

  • абоненттердің арасында бекітілмеген ақпарат алмасу;

  • ақпараттан бас тарту;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет