Веб-сайттарды бағалауға арналған сауалнама



Pdf көрінісі
Дата30.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#77533
Байланысты:
Бекбенбет Айдана 303топ



332 
бірнеше танымал домендік мекен-жайлар бар. Мысалы, екінші деңгейдегі домендік атау 
“gov.kz” болса, онда бұл ресурс мемлекеттік ұйымға тиесілі. «Edu.kz» доменддік атауы - 
білім берудің ресми органдарының ресурсы. Яғни, арнайы ұйымдарға қатысты интернет-
сайттарда ғана қателік ықтималдығы аз. Егер веб-сайттың URL мекен-жайына сүйене 
отырып немесе маманның кеңесінің көмегімен табылған ақпараттың сенімділігін тексеру 
мүмкін болмаса, онда оны қандай-да бір жолмен талдау қажет. Оның бір жолы - мақала 
авторларына сілтемелерді тексеру. Алайда оны тексеру үшін сайтта ақпарат көздері 
көрсетілуі және деректер көздері болуы тиіс. 
Жалпы веб-сайттарды бағалауға арналған автоматтандырылған жүйелер де бар [1]. 
Алайда, кез келген студент (қолданушы) ақпараттың сенімділігін бағалай алатындай веб-
сайттарды бағалауға арналған сауалнама [2] ұсынылып отыр (1-кесте). 
Кесте 1. Веб-сайттарды бағалау 
Веб-сайттарды бағалауға арналған сауалнама 
Веб-сайт атауы: ____________________________________________________________ 
URL: ____________________________________________________________________ 
 
Бағалау критерийлері 
Иә 
1 бал 
Жоқ 
0 бал 
I. Авторлық 
Кеңестер: Автордың біліктілігін анықтау үшін мына сілтемелерді 
қараңыз: «Біз туралы», «Жиі қойылатын сұрақтар» немесе 
«Өмірбаяны». 
1.Веб-сайт авторының кім екендігі түсінікті ме? 
2.Автормен байланыс ақпараты берілген бе? 
3.Егер сайт авторы жеке адам емес, мекеме болса, байланыс 
ақпараты бар ма? 
4.Жеке тұлғаның немесе мекеменің кәсіби деңгейін білдіретін 
құжаттары берілген бе? 
II. Мақсаттылығы 
Кеңестер: Веб-сайттың URL адресі сайттың мақсатын анықтауға 
көмектеседі, cайттың ғылыми немесе кәсіби аудиторияға арналған 
арналмағандығын ,білуге болады
5.Веб-сайттың URL-адресі .edu, .org немесе .gov тіркеулерімен 
аяқтала ма? 
6.Веб-сайт ақпаратқа сендіруден немесе сатудан аулақ па? 
7.Сайттағы ақпарат сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келе ме? 
III. Объективтілігі 
Кеңестер: Ақпаратты мәселесі жан-жақты қарастырылған және 
сендіру ниетінсіз ұсынатын объективті сайттарды іздеңіз. Автордың 
немесе сайтты жариялайтын ұйымның мақсатын анықтаңыз. 
8.Веб-сайтта оның мазмұнына қарама-қайшы келетін жарнамалар 
жоқ па? 
9.Мәселе жан-жақты қамтылған ба? 
10.Сайт авторы немесе мекеме сенімді ме? 


333 
IV. Нақтылығы 
Кеңестер: Кез-келген адам веб-сайт жасай алатындықтан, сіз 
авторды анықтап, байланыс ақпаратына қол жеткізе білуіңіз керек. 
Веб-сайттағы ақпараттың дұрыстығына және тексерілетіндігіне көз 
жеткізіңіз. 
11.Осы тақырып бойынша оқыған ақпараттарыңыз сайт 
ақпаратымен дәл келе ме? 
12.Нақты деректерге сілтемелер жасалған ба? 
13.Грамматикалық және орфографиялық қателері көп пе? 
14.Егер басқа веб-парақшаларына сілтемелер жасалған болса, олар 
сенімді ақпарат көздері ме? 
V. Өзектілігі 
Кеңестер: Есіңізде болсын, нақты немесе статистикалық ақпарат 
авторы жасырын ақпараттан артық емес. Жасалған күнді немесе 
жаңартылған күнін іздеу үшін веб-беттің жоғарғы немесе төменгі 
жағын тексеріңіз. 
15.Сайттың жасалған уақыты берілген бе? 
16.Жаңартылған уақыты берілген бе? 
17.Сайтта істемейтін сілтемелер бар ма? 
Бағалау қорытындысы: 
14-17 бал 
- өте жақсы 
12-13 бал 
- жақсы 
8-10 бал 
- орташа 
0-7 бал 
- нашар 
Ұсынылып отырған веб-сайттарды бағалау технологиясы қажетті ақпарат табуды 
жылдамдатады және ақпараттың сенімділігін анықтауға көмектеседі. Ақпарат іздеуге 
арналған жүйелер қолданушы мен сайт арасындағы делдал қызметін ғана атқаратындықтан, 
қолданушының өзі веб-сайтты бағалай білуі қажет.
Әдебиеттер 
1. Иванова С.М. Оценка достоверности информации, найденной в сети интернет // 
Преподаватель ХХI века. - №4, 2015. – С.54-60. 
2. Электронды ресурс 
https://teach.its.uiowa.edu/sites/teach.its.uiowa.edu/files/docs/docs/Website_Evaluation_Checklist_
ed.pdf Қаралған уақыты: 4.09.2020 
МРНТИ 14.07.07 
D.K. KOSHANOVA, A.B. ZAKIROVA 
 
ANALYSIS OF EXISTING METHODS FOR 
BUILDING STUDENT’S INDIVIDUAL LEARNING PATH 
 
L.N. GUMILYOV EURASIAN NATIONAL UNIVERSITY, NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN 
 
Learning paths are defined as sets of one or more learning actions that lead to a particular 
learning goal. Many researchers have proposed a variety of learning path personalization methods 
using different techniques and approaches to build effective learning path of a student. This paper 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет