Векторы. Операции над векторами



Дата17.11.2022
өлшемі392,88 Kb.
#50826
Байланысты:
ӘК. 11 лекция


Әдебиеттің тегі мен түрлері. Эпикалық шығарма ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты:
Әдебиеттің тектерімен таныстыра отырып, эпикалық шығармалардың түрлерін, олардың ерекшеліктерін атау.
Дәріс жоспары:
  • Әдебиеттің тектері және олардың басты арналары
  • Әдебиеттің эпика тегі
  • Шағын көлемді эпикалық түр
  • Орта көлемді эпикалық түр
  • Кең көлемді эпикалық түр

Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі – сюжет желісінің тежелетіндігі.
Эпос – әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды.
Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл – эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі.
Эпос – жан-жақты жанр:
Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын суреттеледі.
Эпос. Өмір шындығын қамту мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3-ке бөлінеді:
Шағын көлемді эпикалық түр
Орта көлемді эпикалық түр
Кең көлемді эпикалық түр
Миф
Ертегі
Мысал
Әңгіме
Новелла
Аңыз
Шағын көлемді эпикалық түр

Миф – табиғат құпияларының, адам және қоғам сырын қиял-ғажайыпқа айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян

  • Миф – табиғат құпияларының, адам және қоғам сырын қиял-ғажайыпқа айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян
  • Аңыз – негізі шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған, халық жадында сақталған хикая
  • Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
  • Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, сюжетті шығарма
  • Новелла – әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын әңгіме
  • Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма

Орта көлемді эпикалық жанр
поэма
повесть
    • Оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған көлемді шығарма

Повесть
    • Өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдырымен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

Поэма
Кең көлемді эпикалық жанр
роман
роман-эпопея
    • Сюжеттік құрылым күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

Роман
    • Эпостың шыңы. Оның негізгі қаһармандары – халық, суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар.

Роман-эпопея
Бекіту сұрақтары:
  • Шағын көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға нелер жатады?
  • Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға не жатады?
  • Кең көлемді эпикалық шығарма деген не оларға не жатады?

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 1-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 568 бет.
3.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 2-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 372 бет.
4.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 3-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 440 бет.
5.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 4-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 452 бет.
6.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы: Отан баспасы, 2018. - 172 бет.
7.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: Фолиант, 2005. - 536 б.
  • https://kitap.kz/book/4628/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)
  • https://aktobeonyry.blogspot.com/2018/11/blog-post_389.html
  • http://emirb.org/li-dala-tlfalari-dajbergen.html?page=2http://www.1911.kz/oran/zhiengali-tilepbergenov
  • http://elibrary.kaznu.kz/sites/default/files/biobibliographic_index/kkishev_tursynbek_kkishuly.pdf
  • http://adebiportal.kz/upload/iblock/e18/e185fe133cb926283d53f1af83c8f984.pdf
  • https://lektsii.org/15-50961.html

Әдебиеттер
Электронды ресурстар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет