Әдебиеттің тегі мен түрлері. Эпикалық шығарма ерекшеліктері Дәрістің мақсаты: Әдебиеттің тектерімен таныстыра отырып, эпикалық шығармалардың түрлерін, олардың ерекшеліктерін атау.
Дәріс жоспары:
Әдебиеттің тектері және олардың басты арналары
Әдебиеттің эпика тегі
Шағын көлемді эпикалық түр
Орта көлемді эпикалық түр
Кең көлемді эпикалық түр
Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі – сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпос – әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл – эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос – жан-жақты жанр: Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын суреттеледі.
Эпос. Өмір шындығын қамту мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3-ке бөлінеді: Шағын көлемді эпикалық түр Орта көлемді эпикалық түр Кең көлемді эпикалық түр Миф Ертегі Мысал Әңгіме Новелла Аңыз
Шағын көлемді эпикалық түр
Миф – табиғат құпияларының, адам және қоғам сырын қиял-ғажайыпқа айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян
Миф – табиғат құпияларының, адам және қоғам сырын қиял-ғажайыпқа айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян
Аңыз – негізі шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған, халық жадында сақталған хикая
Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, сюжетті шығарма
Новелла – әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын әңгіме
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма
Орта көлемді эпикалық жанр поэма повесть
Оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған көлемді шығарма
Повесть
Өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдырымен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
Поэма Кең көлемді эпикалық жанр роман роман-эпопея
Сюжеттік құрылым күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман
Эпостың шыңы. Оның негізгі қаһармандары – халық, суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар.
Роман-эпопея Бекіту сұрақтары:
Шағын көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға нелер жатады?
Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға не жатады?
Кең көлемді эпикалық шығарма деген не оларға не жатады?
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 1-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 568 бет.
3.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 2-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 372 бет.
4.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 3-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 440 бет.
5.Ривкин Д., Райан М. Әдебиет теориясы. Антология. 4-том: оқулық. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 452 бет.
6.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы: Отан баспасы, 2018. - 172 бет.
7.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: Фолиант, 2005. - 536 б.