Вентиляция и кондиционирование воздуха


Механикалық желдету жүйелері



бет5/6
Дата06.04.2023
өлшемі1,56 Mb.
#79944
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
981663 (2)

Механикалық желдету жүйелері

  • а) ортадан тепкіш желдеткіштің схемасы
  • 1- жұмысшы дөңгелек; 2- қаптама; 3- кіру құбыры; 4- бағыттағыш аппарат; 5- муфта; 6- электрлі қозғалтқыш; 7- шығу құбыры; 8-тіректі іргетас
  • б) осьтік желдеткіш схемасы,
  • 1- қаптама; 2- өзек; 3- жұмыс дөңгелектерінің қалағы; 4- электрлі қозғалтқыш; 5- тіректі рама

Жергілікті желдету жүйелері

  • Жергілікті желдету жүйесі жалпы алмасу секілді ауа беруге және шығаруға арналады. Жергілікті ауа шығару жүйесін зиянды заттарды түзілу орнынан алып кету қажет болғанда орнатады. Ол үшін бүркеме түріндегі сору құрылымдары қолданылады (сору шкафтары, шатырлар, плиталарға орнатылатын шатырлар, ванналар ернеуіндегі сору құрылымдары, станоктардан сору құрылымдары және т.б.). Жергілікті ауа беру жүйесіне ауа себезгілері, ауа перделері және ауа оазистері жатады.
  • Ауа себезгісі дегеніміз арнайы құрылғыдан шығатын ауаның жұмыс орнына немесе шектеулі жұмыс аумағына бағытталып берілуі. Құрамындағы зиянды заттар концентрациясын ауа себезгілері көмегімен ауа ағыны әсер ететін аумақта оның қозғалыс жылдамдығын, температурасын, ылғалдылығын және оның өзгертуге болады. Кей жағдайларда ауа себезгілерін жергілікті ауа шығару жүйелерімен бірге қолдануға болады. Ауа оазисі дегеніміз бөлменің қоршаулармен оқшауланған, бірақ жоғарғы жағы бекітілмеген, бөлменің барлық көлеміне қарағанда ішінде белгілі микроклимат туғызуға болатын бөлігі. Жан-жағынан қоршалған, бірақ төбесі ашық ұяға бөлменің басқа көлеміне қарағанда таза, жылы ауа беріледі.
  • Ауа пердесі дегеніміз есік немесе қақпаның жоғарғы, төменгі немесе жанына орнатылатын, ұзын жіңішке саңылаудан үлкен жылдамдықпен ауа беретін құрылғы. Пердеге берілетін ауа бөлменің жоғарғы жағынан алынады немесе арнайы калориферде қыздырылады (бұл жағдайда ол ауа жылу пердесі деп аталады)

Ауа баптау

  • Бөлмелерде метеорологиялық жағдайларды сыртқы ауа ортасы параметрлерінің өзгеруіне қарамастан, тұрақты және автоматты түрде ұстап тұратын жеханикалық желдету жүйесін ауа баптау жүйелері деп атайды.
  • Ауа баптау – бөлмелерде адамға жағымды және өндірістік процестердің жүруіне тиімді, мәдени құндылықтардың сақталуына қолайлы комфорттық жағдайлар туғызудың барынша жаңа және техникалық жетілген тәсілі.
  • Қазіргі заманға ауа баптау жүйелері ауа дайындауға, тасымалдауға және таратуға, бөлмедегі ауа параметрлерін автоматты реттеуге, оны қашықтықтан бақылау мен басқаруға арналған техникалық құрылғылардың кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет