Қорытынды Верден келісімшарты бойынша қазіргі үш европаның ірі мемлекеттері – Франция, Германия, Италияның, соған сәйкес үш халықтың француз, неміс, итальян халықтарының негізі қаланды. Бұлардың үшеуінің ішіндегі неғұрлым “жинақысы” “батыс франктердің” мемлекеті болды. Көп ұзамай олардың астанасы Париж қаласы өрлей бастады. “Батыс франктердің корольдығы” Х-ХІ ғасырлардан бастап Франция деп атала бастады. Королингтер Х – ғасырдың соңына дейін билікті қолдарында ұстап тұрды, ал Германия мен Италияда Х – ғасырдың басында-ақ биліктен айырылған еді. Вердень бөлінісі бойынша “Шығыс Франктердің жерлері”, яғни болашақ Германияның негізгі территориялары Людовик Немецкийге өткен еді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай герцогтықтар төмендегідей орналасты: Саксония, Франкония, Швабия (бұрынғы Аллемания) Бавария. Бұларға кейіннен – Лотарвингия герцогтығы қосылды.
Германиядағы феодалдық қатынастардың дамуы Францияға қарағанда баяу жүрді. Х ғасырдың басында да салыстырмалы түрде Германияның феодалдануы төменгі дәрежеде еді. Неміс қауымы – маркасы — өзінің тәуелсіз жағдайын ұзақ уақыт сақтап қалды. Дегенмен Х – ХІ ғасырларда Германияда феодализация процессі едәуір ілгеріледі. Марка – қауым – ыдырай бастады. Ірі светтік және шіркеу феодалдарының жер иелігі өсті. Жерге деген жеке меншіктің дамуымен шаруалардың бір бөлігі жерлерінен айырылды. Шаруалардың арасында коммендация, яғни өзін ірі феодалдың қарамағына өткізу процесі барынша қарқын алды. Ірі феодалдардың иммунитеттік құқтары кеңейтілді. “Батыс франк мемлекеті” — Францияға қарағанда “Шығыс франк мемлекеті” — Германияда феодалдану процессі кешеуіл жүрді. Оның себебі Герман тайпалары арасындағы романдану деңгейінің төмендігімен және әлі де болса әлеуметтік қатынастардағы архаикалық формаларының ұзақ сақталғандығымен түсіндіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ф.Энгельс. Франкский период. Соч. Т, - 19. любое издание
Григорий Турский. История франков. Издание подготовленное В.Д.Совукова. М., 1987