Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(72), 2020 г. 250 Мрнти



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата26.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#87176
1   2   3   4   5
Байланысты:
162-Текст статьи-600-1-10-20210610

Keywords: artificial intelligence, methodology of teaching Informatics, neural networks, expert systems, analytical 
platforms, problem-based learning 
Жасанды интеллект бүгінгі заманауи информатиканың келешегі бар бағыттарының бірі болып 
табылады. Орта мектептің оқу процесіне жасанды интеллект элементтенттерін ендіру белсенді түрде 
жүзеге асырылуда. Жасанды интеллект негіздері жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-
сыныптарына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы «Информатика» пәнінен 
жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасында орын алған. ҚР БҒМ министрлігі 
ұсынған оқулықтар қатарына кіретін жаратылыстану-математика бағытының 11-сыныбына арналған 
Г.И. Салғараева, Ж.Б. Базаева, А.С. Махановалардың оқулығында «Жасанды интеллект» бөлімін 
меңгеруге 16 параграф бөлінген [1]. Авторлар «Жасанды интеллект» бөлімін оқытуда жасанды 
интеллект түсінігі, қарапайым нейрон моделі, жасанды интеллектіні қолдану саласы, жасанды 
интеллектіні жобалау, жасанды интеллектіні әзірлеуде мұғаліммен оқыту әдісін қолдану ауқымы 
туралы сұрақтарды қарастырған.
Осыдан кейін, заманауи тенденциялар мен талаптарды ескере отырып болашақ информатика пәні 
мұғалімдерін даярлауда жасанды интеллект негіздерін меңгерту қажеттілігі туындайды.
Бұл дайындық Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерге 
«Жасанды интеллект негіздері» курсын оқытуда жүзеге асырылады. «Жасанды интеллект негіздері» 
курсының негізгі мақсаты – болашақ информатика мүғалімдерінің жасанды интеллектінің негізгі 
бағыттары мен интеллектуалды жүйелерді талдау, жасау және жүзеге асыруда жасанды интеллект 
саласында қолданылатын әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады.
«Жасанды интеллект негіздері» курсында жасанды интеллект ұғымы, білімді ұсыну модельдері, 
сараптау жүйелері, логикалық және функционалды программалау, нейрондық желілер, машиналық 
оқыту, мұғаліммен оқыту, мұғалімсіз оқыту бөлімдері қарастырылады. Болашақ информатика пәні 
мұғалімдерін даярлау бағытына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі мен информатика пәні 
бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасына да жасанды интеллект негіздері бойынша сұрақтар 
енгізілген. Әрине үлкен көлемдегі теоиялық мәліметтерді практикасыз меңгеруге қатысты болашақ 
информатика пәні мұғалімдерінде қиындық туындайды. Бұл қиындықтар білім алушылармен 
сұқбаттасу мен олардан сауалнама алу нәтижесінде анықталды.
Қиындықтар қатарына білімді ұсыну модельдері, оларды бір-бірінен ажырата білу, қолдану 
салаларын айыра білу, сараптамалық жүйелер мен оның негізгі құраушылары арасындағы 
байланысты ұғыну, нейрондық желілер құрылымы, модельдері мен мүмкіндіктерін түсіну жатады. 
Логикалық және функционалды программалау бойынша практикалық жұмыстар жеткілікті 
болғандықтан, аталған бөлімді меңгеру болашақ информатика пәні мұғалімдеріне қиындық 
тудырмайды.
Осы мәселелерді жан-жақты зерттей келе, «Жасанды интеллект негіздері» бойынша болашақ 
информатика мұғалімдерін тиімді даярлау үшін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау керек деген 
шешімге келдік. Әдістемелік жүйеде адамзаттың түрлі іс-әрекет саласында жасанды интеллектінің 
негізгі бөлімдерін практикалық тұрғыдан қолдану қарастырылады.
Ары қарай әдістемелік жүйені жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастырайық. Алдымен жасанды 
интеллект, машиналық оқыту, жасанды нейронды желілерге қысқаша тоқталайық.
Жасанды интеллект (ЖИ) – адамдардың құзыретіндегі ерекше шығармашылық әрекеттерді 
орындайтын интеллектуалды машина. Сондай-ақ ЖИ термині ғылым мен зияткерлік машиналарды 
жасау технологиясын білдіреді. Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық ғалым Джон 
Маккарти ұсынды. «Аrtificial intelligence» сөз тіркесіндегі «intelligence» сөзі «саналы түрде ойлана 
алу білігі» деген мағынаны береді [2]. 1950 жылы ағылшын ғалымы Алан Тьюринг «Машина ойлана 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет