Түйін сөздер: өсімдік жамылғысы, биіктік белдеулер, тұқымдас, туыс, флора, шөл, дала, шалғынды-дала, орман-
ды-шалғынды белдеу, шалғынды белдеу, шыршалы ормандар,субальпілік, альпілік белдеу
Халықаралық табиғат қорғау практикасында қорғауға алынған биологиялық обьектілерді in-situ және
ex-situ жағдайында қорғау стратегиялары бар. Іn-situ қорғау стратегиясы биологиялық обьектілерді
тіршілік ету ортасында қорғаудың жан-жақты мәселелерін қарайды. Бұдан шығатын қорытынды –
түрлерді қорғау үшін олардың өсу ортасын қорғау қажет. Еx-situ жағдайында қорғау стратегиясы биоло-
гиялық обьектілерді өсу ортасынан тыс – мәдени жағдайда қорғаудың әртүрлі аспектілеріне арналады [1].
Сондықтан, өсімдіктердің өсу ортасын білу, бағалаудың маңызы зор. Осы мақалада біз өсімдік жамылғы-
сы туралы толық мәлімет бергелі отырмыз.
Қазіргі кезде жер бетінде 500 мың жоғары сатыдағы өсімдіктер және 1,5 миллиондай жануарлар
бар [5]. Және әр түрдің биосфера үшін маңызды орны бар және біз оны көздің қарашығындай сақтау-
ымыз керек.
Райымбек ауданының өсімдік жамылғысын және биіктік белдеулерге бөлінуін тұңғыш зерттеген
П.П. Семенов-Тянь-Шаньский болды [6]. Белдеулерді ол, бір жағынан таза ботаникалық (өсімдік типтері
жөнінен), екінші жағынан – шаруашылық маңызына орай бөледі. П.П. Семенов-Тянь-Шаньский ұсынған
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж.
43
биіктік-белдеулік үлгі Н.А. Северцов және А.Н. Краснов ұсынған кейінгі үлгілердің негізіне алынды. Осы
аймаққа алғаш рет сапар шеккен ботаниктердің бірі 1878 жылы Кеген өзенінің аңғарын бойлай, сондай-ақ
жотаның шығыс бөлігін кесіп өткен А.Э. Регель болды. Кеген өзенінің аңғарын қоса, аймақтың басқа да
өңірлерін В.В. Сапожников өзінің 1902 жылы Орталық және Солтүстік Тәңіртауға (Тянь-Шань) жасаған
экспедициялары кезінде зерттеді [7].
1908 жылы Солтүстік Тәңіртауға (Тянь-Шань) құрамында ботаниктер Р.Ю. Рожевиц [8],
М.И. Пташицкий [9] қатысқан қоныс аудару басқармасының топырақ зерттеу және ботаникалық экспеди-
циялары жұмыс істеді. Бұл экспедициялардың есептемелерінің құрамында жекелеген аудандардың
өсімдіктер әлеміне және өсімдіктеріне қатысты көптеген материалдар бар. Алайда, олар күнделік жазблар
сипатында сақталып қалғандықтан, олар бойынша әлдебір аудандағы өсімдіктер жамылғысының таралу
заңдылықтары туралы түсінік құрастыру қиынға соғады.
1914 жылдан 1928 жылға дейін Тәңіртау тауларына жүйелі түрде зерттеулер Р.И. Аболин [10],
М.М. Советкина [11] секілді ірі ботаниктер жүргізді. 1931 жылы Л.Е. Родин Кеген ауданынан Күрделігүл-
ділер (Asteraceae Dumort.) тұқымдасына жататын "көксағызды" тапты. Кезінде көксағыз өнімі өнеркәсіпті
каучукпен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарды.
Райымбек ауданының өсімдіктер әлемін зерттеудегі келесі бір кезең "Флора Казахстана" атты 9-
томдық (1956-1966) еңбектің жарық көруімен тікелей байланысты [8]. Осы еңбекте қабылданған аудан-
дастыруға сәйкес Кетпен және Теріскей Алатауын Республика территориясында жеке аудан ретінде бөліп
қарастырады."Флора Казахстана" [12] деректері бойынша осы ауданда жоғары сатыдағы өсімдіктердің
801 түрі өседі. Бұл тізімді кейіннен В.П. Голоскоков [13] және С.А. Арыстангалиев [14] толықтырды.
Олар Кетпен және Теріскей Алатауы үшін 428 тұқымдас, 82 туысқа жататын 1146 түрлерді келтіреді. Ал
Күнгей Алатауының шығыс бөлігіндің түрлік құрамында 547 тұқымдас, 99 туысқа жататын 1662 өсімдік
кездеседі [15].
Жалпы Райымбек ауданы ботаникалық тұрғыдан аз зерттелді. Осы тұрғыдан Күнгей Алатауының
шығыс бөлігінің флораларын зерттеуге арналған С.К. Мухтубаеваның [2], Кетпен-Темірлік жотасының
флораларын зерттеген Г.А. Садырованың [3] және Теріскей Алатауының дәрілік өсімдіктерін зерттеуге
арналған Н.А. Сапарбаеваның [4] диссертациялық жұмыстарын атап өтуге болады.
С.К. Мухтубаеваның [2], Г.А. Садырованың [3], Н.А. Сапарбаеваның [4] берген мәліметттеріне
сүйенсек, Райымбек ауданының түрлік құрамында шамамен 1500-ге жуық өсімдіктер бар.
Райымбек ауданының жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының сан алуандығы, ондағы
қалыптасатын өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігіне де әсерін тигізеді.С.А. Арыстанғалиев [14].
Б.А. Быков өсімдіктер жамылғысының биіктік белдеулері туралы мәселені егжей-егжейлі қарастыра
отырып, вертикальды зоналар немесе белдеулер дегеніміз – таулы өсімдіктер жамылғысының горизан-
тальды алқаптарда белгілі бір физикалық-географиялық жағдайларға және түрлі табиғи су ортасына бай-
ланысты бейімделген өсімдік типтерінің нақты бірлестіктерімен сипатталатынын атап көрсетеді [16,17].
Райымбек ауданындағы кең таралған өсімдіктер жамылғысын С.А. Арыстанғалиев, Б.А. Быков,
Л.Н. Соболев бірнеше биіктік белдеулерге: дала, шалғынды-дала, орманды-шалғынды белдеу, шалғынды
белдеу (субальпілік, альпілік шалғындар) және нивальды белдеу.
Тәңіртау тау торабының басқа да таулы өңірлері секілді –шөл өсімдіктеріРайымбек ауданында да
кеңінен таралмаған. Шөл белдеуінің өсімдіктері Жалаңаш жазығында фрагменттер түрінде ғана кездеседі.
Шөлдік белдеуінің өсімдіктер жамылғысының негізін құрайтын түрлер: Корольков жуасы (Allium
korolkowii Regel.), тау жуасы (Allium oreoprasum Schrenk.), Тянь-Шань жусаны (Artemisia tianshanica
Krasch. Ex Poljak.), аққабықты қараған (Caragana leucophloea Pojark.), және бұйырғын (Anabasis L.)
туысының түрлері секілді ксерофитті бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер өседі.
Дала белдеуі. Райымбек ауданында дала өсімдіктері үстемдік етуші тип болып табылады.
П.А. Смирновтың деректері бойынша дала белдеуі 1600-2100 метр аралығындағы биіктікті қамтиды және
ортатаулы, биіктаулы аудандардың жекелеген алқаптарында кеңінен таралған. Райымбек ауданында дала
белдеуі – өзен аңғарларын, тау бөліктері мен тау беткейлерін қамтиды.
Дала белдеуінің өсімдіктер жамылғысы ондағы таралған далалық ксерофитті шымды астықтұқымдас-
тар түрлері мен мезоксерофитті аралас бұталы және далалық ксеромезофитті өсімдіктердің көп болуымен
ерекшеленеді. Қау (Stipa breviflora Criseb.), жуашықты қоңырбас (Poa bulbosa L.), кәдімгі бетеге (Festuca
valesiaca Caud.) кездеседі. Шөптесінді өсімдіктерден: шығыс қазтабаны (Potentilla orientalis Juz.), ұсақже-
місті кәріқыз (Lappula microcarpa (Ledeb.) Guerke.), жатаған изен (Kochia prosrata ) және т.б. кездеседі.
Кең таралған мезофитті өсімдіктерден: нүктелі далазығыры (Galatella punctata (Waldst.et Kit.) Ness.),
жіңішкежапырақты сиыржоңышқа (Visia tenuifolia Roth.), кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare L.) өседі.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г.
44
Шөптесінді өсімдіктерден кең таралған түрлері: Шыралжын жусан ( Artemisia dracunculus L), кәдімгі
жұпаргүл (Origanum vulgare L.), кәдімгі бақбақ (Taraxacum vulgare L.), домалақгүл кекіре (Oxytropis
globiflora Bunge.) т.б. кездеседі.
Бұталы өсімдік түрлері: түрліаяқ бөріқарақат (Berberis sphaerocarpa Kar. et Kir), тікенді үшқат
(Lonicera hispida Pall, ex Roem et.Schult.), Мейер қарақаты ( Ribes meyerri Maxim.), Сібір ушырмауығы
(Atragene sibirica L.) т.б. кең таралған. Шәйқурайжапырақты тобылғы (Spiraea hiperici L.), қара жемісті
ырғай (Cotoneaster melanocarpa Lood.), Семенов бересклеті (Euonymus semenovii Regel, et Herd.), қызыл
арша (Juniperus Sabina L.) көптеп кездеседі.
Шалғынды-дала белдеуі – Райымбек ауданындағы күнгей және күн сәулесі жақсы түсетін беткейлерін-
де ғана кездеседі. Cубальпілік белдеудің құрғақ шалғынды-далалы алқаптарында кең таралған түрлерден:
кәдімгі бетеге (Festuca valesiak Hack.), сирек шөл сұлыбасы (Helictotrichon desertorum (Less.) Podp.) үстем-
дік етеді және басқа да кездесетін шалғындық түрлерден: Витрокк рауғашы (Rheum wittrockii Lundstr.),
Тянь-Шань көкгүлі (G.tianshanica Rupr.) т.б. кездеседі.
Шыршалы ормандар. Райымбек ауданында шыршалы орман алқабы шашыраңқы таралған. Райымбек
ауданының биіктаулы шығыс бөлігін және солтүстік беткейлерін тұтастай дерлік шыршалы орман алқабы
құрайды, сондай-ақ шыршалы ормандар шоғырлар түрінде де жиі кездеседі. Шыршалы ормандар бір ғана
шыршадан – Шренк шыршасынан (Pícea schrenkіana Fisch. Et C.A. Mey.) тұрады [19].
Шыршалы ормандар табиғи өсу ортасына байланысты төмендегідей негізгі типтерге бөлінеді: бұталы,
шалғынды (түрлішөптесінді-астықтұқымдасты) және т.б. Шыршалы ормандар алқабында бұталы өсімдік-
тер қабаты ерекше дамыған. Олар төмендегідей бұталы өсімдіктерден құралған: қаражемісті ырғай
(Соtоneaster melanocarpa Lodd.), сібір аршасы (Juniperus sibirica Burgsd.), қара арша (J.pseudosabinaFisch.
et C.A. Mey.), Альберт раушаны (Rosa Alberti Regel.), Альтман үшқаты (Lonicera altmannii Regel. Et
Schmalh.), сібір ушырмауығы (Artagene sibirica L.).
Шыршалы ормандар алқабы биікшөпті тау шалғындармен және шалғынды дала өсімдіктерінің төмен-
дегідей түрлерімен алмасып кездеседі: қызғылт қырлышөп (Polygonatum roseum (Ledeb.) Kunth), орман
қоңырбасы (Poa nemoralis L.), шоғыр қоңыраугүл (Campanula glomerata L. ), Жіпілген иісгүл (Codonopsis
clematidea (Schrenk.) Clark.),дөңшіл қазтамақ (Geranium collinium Steph. Ex Willd.),іріжапырақты сарыан-
дыз (Ligularia macrofilla (Ledeb.) DC.), кәдімгі тарғақшөп (Dactylis glomerata L.), суық қызылбояу (Galium
boreale L.)
И.И. Ролдугиннің мәліметі бойынша Райымбек ауданында аралас ормандар алқабы кейбір шатқалдар-
да ғана сирек тараған [18]. Зерттеу аймағының Қайыңды шатқалының орманды алқабының бұталы
өсімдіктер арасында сирек те және жеке дара тал (Salix L.) (Salix tianschanica Regel., S. iliensis Regel.) және
Тянь-Шань қайыңы (Betula tianschanica Rupr.), Тянь-шань шетені (Sorbus tianschanica Rupr.) кездеседі.
Көлсай көлінің жазығынан, Батыс Қарабұлақтан және Орта Меркеден (Populus tremula L.) (P.talassica
Kom.) кездестіруге болады.
Райымбек ауданының солтүстік беткейлері шалғындық сипатқа ие. Олар субальпілік жне альпілік
шалғындық өсімдік түрлерінен құралған. Мысалы: кәдімгі тарғақшөп (Dactylis glomerata L.), салалы
шебершөп (Brachipodium pinnatum L.), түкті сұлыбас (Helictotrichon pubescens (Huds.) Jessen.), құрғақ
айрауық (Galamagrostis epigeios (L.) Roth.), ақ суоты (Agrostis gigantea Roth.), жиі кездесетін қосжарнақты-
лардан: тілік балдырған (Heracleum dissectum Ledeb.), тікенді лақан (Scaligeria setacea (Schrenk.) Korov.),
шілтержапырақты шайқурай (Hypericum perforatum L.), шалғын қойжелкегі (Tragopogon pratensis L.), ақ
тауқалақайы (Lamium album L.), кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare L.), кәдімгі маралоты (Thalictrum
simplex L.), сарбас жоңышқа ( Medicago falcate L.), кәдімгі сарыраушан ( Solidago virgaurea L.) және т.б.
кездеседі.
Шалғынды белдеуі – биікшөпті, орташөпті, аласашөпті болып бөлінеді және айтарлықтай аумақты
алып жатыр. Шалғындық өсімдіктердің басым түрлері: бәрпі (Aconitum L.), арпабас (Bromopsis Fourr.), та-
мырдәрі (Veratrum L.), суоты (Agrostis L.), тарғақшөп (Dactylis L.), қоңырбас (Poa L.), бидайық (Agropyron
Caertr.), беде (Trifolium L.), қазтамақ (Geranium L.), құртқашаш (Iris L.), мыңжапырақ (Achillea L.), сарыан-
дыз (Ligularia Cass.), қияқөлең (Carex L.) және т.б. туыстардың өкілдері.
Субальпілік белдеу альпілік белдеудің төменгі шекарасынан басталып, шыршалы орман алқабының
жоғарғы шекарасына дейінгі алқаптарда созылып жатыр. Бұл белдеуді Н.И. Рубцов " Флорасы мен өсім-
діктер жамылғысы жөнінен төменде орналаасқан орманды-шалғынды белдеудің өсімдіктерінің элемент-
тері түйісетін жеке ботаникалық-географиялық ландшафттың өзіндік типі " ретінде сипаттайды [19].
В.П. Голоскоковтың пікірі бойынша [20] субальпілік белдеу жоғарыда орналасқан орманды-шалғынды
белдеу аралығындғы өтпелі сипатқа ие. Субальпілік шалғындарда төменде орналасқан белдеуге қараған-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж.
45
да астықтұқымдастар айтарлықтай аз. Субальпілік шалғындардағы анағұрлым кең таралған астықтұқым-
дастар: масақты үшқылтан (Trisetum spicatum (L.) Richt.), қызыл бетеге (Festuca rubra L.), шалғын қоңыр-
бас (Poa pratensis L.) т.б. кездеседі.
Райымбек ауданындағы бұл белдеудің өзіндік ерекшелігі: беткейлердің барлық экспозицияларында
төселіп өскен арша туысы түрлерінің – қара арша (Juniperus pseudosabina Fisch. Et C.A. Mey.), сібір
аршасы (J. sibirica Burgsd.), қызыл арша (J. Sabina L.) үнемі әрі жиі кездесуі. Бұл беткейлерде арша
(Juniperus L.) өздерінің көпшіктерімен тастақты тау беткейлерінің топырақтарында, кейде тіпті жалаң
тастарда төселе өсіп, тұтастай дерлік шоғырлар түзеді.
Субальпілік шалғындықтарда және жазықтау алқаптары мен ауданның солтүстік беткейлерінің
төменгі бөлігінің өсімдіктер жамылғысында екі өсімдіктер топтастығы үстемдік етеді. Олардың бірі –
қазтамақты (Geranium saxatile Kar. Et Kir; G. collinum Steph. Ex Willd.; G.albiflorum Ledeb. ), екіншісі –
теңгежапырақты (Alchemilla sibirica Zam.). Бұл өсімдіктер топтастығының доминантты түрлері: сібір
теңгежапырағы (Alchemilla sibirica Zam.) және басқа да төмендегідей түрлер үстемдік етеді: жартас
қазтамағы (Geranium saxatile Kar. Et Kir.), жылтыр таран (Polygonum nitens (Fisch. Et Mey) V.Petr),
қарақызыл жуа (Allium atrosan guineum Schrenk.), дөңшіл қазтамақ (Geranium collinum Steph. Ex Willd.)
және т.б. кездеседі. Дөңшіл қазтамақ (Geranium collinum Steph. Ex Willd.) үстемдік ететін өсімдіктер
жамылғысы, теңгежапырақты шалғындарға қарағанда анағұрлым сирек кездеседі және олар едәуір
ылғалды жерлерде кең таралған. Сонымен қатар, бұл екі өсімдіктер топтастығының да түр құрамы бір-
біріне ұқсас, бірақ қазтамақты шалғындардың теңгежапырақты шалғындардан айырмашылығы, оның
өсімдіктер жамылғысында кейде қалың шоғырлар түзетін – шалғын түлкіқұйрығының (Alopecurus
pratensis L.) жиі кездесуі. Және субальпілік белдеулердің типтік өсімдік жамылғысында кейде теңіз
деңгейінен 3000 метрге дейінгі биіктіктерде жеке дара Шренк шыршасы (Picea schrenkiana Fisch. Et C.A.
Mey ) және шырша жатағандары да кездеседі.
Қорыта келгенде, бұл мақалада Райымбек ауданынының өсімдік жамылғысының зерттелу тарихы мен
ауданның өсімдіктерінің ерекшеліктері қарастырылды. Райымбек ауданының табиғи жағдайы жайлы
мәлімет алдыңғы мақаламызда берілді [21]. Ауданның түрлік құрамында шамамен 1500-ге жуық өсімдік-
тер бар. Онда дала, шалғынды-дала, орманды-шалғынды белдеу, шалғынды (субальпілік, альпілік
шалғындар) және белдеудің өсімдіктерінің түрлері берілген.
Шөл белдеуінің өсімдіктері Жалаңаш жазығында фрагменттер түрінде ғана кездеседі: Корольков
жуасы (Allium korolkowii Regel.), тау жуасы (Allium oreoprasum Schrenk.), Тәңіртау (Тянь-Шань) жусаны
(Artemisia tianshanica Krasch. Ex Poljak.), аққабықты қараған (Caragana leucophloea Pojark.), және бұйыр-
ғын (Anabasis L.).
Райымбек ауданында дала өсімдіктері үстемдік етуші тип болып табылады.Дала белдеуінің өсімдіктер
жамылғысы ондағы таралған далалық ксерофитті шымды астықтұқымдастар түрлері мен мезоксерофитті
аралас бұталы және далалық ксеромезофитті өсімдіктердің көп болуымен ерекшеленеді.
Шалғынды-дала белдеуі – Райымбек ауданындағы күнгей және күн сәулесі жақсы түсетін беткейлерін-
де ғана кездеседі.
Шыршалы ормандар. Райымбек ауданында шыршалы орман алқабы шашыраңқы таралған. Райымбек
ауданының биіктаулы шығыс бөлігін және солтүстік беткейлерін тұтастай дерлік шыршалы орман алқабы
құрайды, сондай-ақ шыршалы ормандар шоғырлар түрінде де жиі кездеседі.
Субальпілік белдеу альпілік белдеудің төменгі шекарасынан басталып, шыршалы орман алқабының
жоғарғы шекарасына дейінгі алқаптарда созылып жатыр.Субальпілік шалғындардағы анағұрлым кең
таралған астықтұқымдастар: масақты үшқылтан (Trisetum spicatum (L.) Richt.), қызыл бетеге (Festuca
rubra L.), шалғын қоңырбас (Poa pratensis L.) т.б. кездеседі.
1 Биологиялық алуан түрлілік жөніндегі конвенция. Мәтін және қосымшалар. 1992, Nа 92-7809, - 40 с.
2 Мухтубаева С.К. Флора восточной части хребта Кунгей Алатау. ∕∕ Дисс. канд. биол. наук. - Алматы, 2000, -
277 с.
3 Садырова Г.А. Флора хребта Кетпен-Темерлик (в пределах Казахстана и Китая). ∕∕ Дисс. докт. биол. наук. –
Алматы, 2009, - 300 с.
4 Сапарбаева Н.Ә. Теріскей Алатауының ресми тізімдегі және перспективті дәрілік өсімдіктері және оларды
тиімді пайдалану. ∕∕ Биол. ғылым. канд. дисс. - Алматы, 2004, - 155 б.
5 Красная Книга Узбекской ССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных и растений.
Том 1. – Ташкент: Изд. "Фан" Узбекской ССР, 1983, - 128 с.
6 Семенов Тянь-Шаньский. Путешествие в Тянь-Шань. Высш. Школа. – М., 1962, - 378 с.
7 Сапожников В.В. Предварительный отчет об ученом командировке в Саур и Джунгарский Алатау в 1904 г. //
Изд. Томск. унив. Т.28, 1907.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г.
46
8 Рожевиц Р.Ю. Пржевальский уезд Семиреченский области. // Предв.отч. о бот.исслед. в Сибири и Туркестане.
Изд-во Пер.УПР. – СПб., 1908, - 34 с.
9 Пташицкий М.И. Западная часть Верненского уезда Семиреченской области. Предв.отчет о бот.исслед. Изд-
во Пер.Упр. – СПб. 1909, - 36 с.
10 Аболин Р.И. От пустынных степей Прибалхашья до снежных вершин Хан-Тенгри. // геоботаническое и
почвенное описание южной части Алма-Атинского округа Казахской АССР. // Тр. Инс-та почвоведения, геоботани-
ки Среднеазиат. Гос ун-та. - Л, 1930, Ч.1, Вып.5, - 176 с.
11 Советкина М.М. Обзор работ, произведенных в Средней Азии. // Изв. Инс-та почв. и геоботаники САГУ.
1930, Вып. 1, - С. 9-17.
12 Флора Казахстана. Т.1-9, - Алма-Ата. 1956-1966.
13 Эндемичные растения Казахстана и их охрана. ∕∕ Материалы совещ. по охране обьектов раст. мира респуб-
лик Средней Азии и Казахстана. - Ташкент, 1971, - С. 172-180.
14 Арыстангалиев С.А. К флоре хребтов Кетмень и Терскей Алатау. ∕∕ Флора и растительные ресурсы
Казахстана. - Алма-Ата, 1975, - С. 59-68.
15 Флора и растительные ресурсы Казахстана. - Алма-Ата, 1975, - С. 59-68.
16 Быков Б.А. Геоботаника. - Алма-Ата, 1978, - 257 с.
17 Быков Б.А. О вертикальной поясности в связи с общим законом зональности. ∕∕ Вестник АН Каз ССР, 1954, -
№8. - С. 46-56.
18 Ролдугин И.И. Еловые леса Северного Тянь-Шаня. - Алма-Ата: Наука. 1989. - 274 с.
19 Рубцов Н.И. О субальпийских и альпийских поясах Тянь-Шаня. ∕∕ Вест. АН КазССР. 1947. - №7. - С. 14-16.
20 Голоскоков В.П. Флора и растительность о высокогорных поясов Заилийского Алатау. - Алма-Ата, 1949. -
203 с.
21 Рахымбаева А.Б., Аралбай Н.К. Қызыл Кітапқа енген өсімдік түрлерін қорғаудың алғышарты ретіндегі
Райымбек ауданының табиғи жағдайына сипаттама.
Резюме
А.Б. Рахымбаева – магистр биологий, 2 курс, jalgas-077@mail.ru, Н.К. Аралбай – д.б.н, профессор
Казахский национальный педагогический университет им. Абая
«История исследований и состав растительного покрова Райымбекского района»
Авторы этой статьи работают в КазНПУ им. Абая. С участием этих авторов проводился научно-исследователь-
ская работа по магистрской диссертаций на тему "Растения Райымбекского района занесенные в Красную Книгу, их
биология, экология и вопросы охраны". В практике Международного союза охраны природы есть 2 стратегий
охраны биологических обьектов: in-situ и ex-situ. Стратегияin-situпредназначена для защиты биологических обьектов
в месте обитания. Еx-situ означает охрана компонентов биологического разнообразиявне их естественных мест
обитания. Поэтому, важно знать и ценить место обитаний растений. Мы даем полную информацию о растительном
покрове Райымбекского района. В Райымбекском районе мало проводились целенаправленные ботанические иссле-
дования. Следует отметить работы Сапарбаева Н.А. которые занимались исследованием хребта Терскей-Алатау,
Г.А.Садырова хребта Кетпен-Темерлик и С.К.Мухтубаева восточной части хребта Кунгей Алатау. По их подсету
флора этого региона насчитывает около 1500 видов, и в своих диссертационных работах они дают полную
характеристику о флорах этого региона(Терскей-Алатау, Кунгей Алатау и хребет Кетпен-Темерлик.). В этой статье
даются: информация о растительном покрове и о высотных поясах исследуемого района.
Ключевые слова: растительный покров,высотные пояса, семейство, род, флора, пустынный, степной, лесо-
луговой, еловые леса, субальпийский, альпийский пояс
Summary
Rahymbayeva А.B. –2 course biology master, jalgas-077@mail.ru
Аralbay N.K. – dr.sci.biol. professor
Kazakh National Pedagogical University named after Abai
«About research history and structure of plants’ vegetative cover of the Raiymbek region»
The author of this article works at the Kazakh National Pedagogical University named after Abai. Since 2013 scientific
research works were held by the direct participation of author due to prepare master proposal under the theme “Biology,
ecology, and protection of the Raiymbek region’s plants that were included into the Red Book.”According to international
practice of environmental protection, there exist strategies of protection of biological objects in case of in-situ and ex-situ.In-
situ protection strategy considers diverse issues of protection of biological objects in the habitat. In other words, to protect
species we should protect its habitat. Ex-situ protection strategy dedicated to aspects of protection of biological objects outside
their habitat – cultural environment [1]. Due to this it is relevant to know and value plants’ growing environment. In this
article we are going to share whole data on plants’ vegetative cover.In this article were considered research history and
peculiarities of plants’ vegetative cover of the Raiymbek region. Information on natural condition of Raiymbek region were
given in previous article. The flora of the region includes approximately 1500 species of plants. There given steppe, meadow,
forest zone, grassland (subalpine, alpine meadows) and zone plant types.
Достарыңызбен бөлісу: |