Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
29
жаңа шепті алды, əлем əдебиеті тəжірибесін ұлт
əдебиетіне əкеліп еге бастады. Баяндау орнын
бейнелеу басты, образ жасау характер арқылы
жүзеге асты. Ескінің орнын жаңа басты. Ақса-
қалдар кенжелеп, жастар ілгеріледі. «Жылы-
мық» кезіндегі жастар əдебиетке мінезбен келді.
Жаңа толқын, жас буын қаламгерлер де «Есею
жылдары» мемуарына өз талаптарын айтты.
Өтпелі кезеңде өмірге келген «Есею жылдары»
мемуарлық шығармасының қайта-қайта жөндеу,
өңдеу бастан кешуінің тағы бір себебі осындай
болатын. Үшіншіден, жазушы тілегінің өзі –
шығарманы жөндеу, өңдеу, ұстарту. Демек,
əдебиеттің жаңа да, жас буыны тілегі, оқырман
қауым талабы жазушы мақсатымен үндесіп,
үйлесіп жатса, қаламгер құп алып жөндеу
жолында. «Өмір мектебі» мемуарлық шығар-
масының өңделу, жетілу тəжірибесі осындай»
[6,187-188] деп, ғалым шығарманың зерт-
ханалық тарихын саралап береді.
Жалпы, С.Мұқанов заман талабын тез
аңғарғыш, дəуір өзгерістеріне қырағылықпен үн
қосып отыратын, белсенді қаламгер болған.
Өмірінің соңғы кезінде бұрынырақ жазған
бірқатар шығармаларына қайта оралып, оларды
жөндеуден өткізген жазушы əрекетінен өз
шығармаларына деген жауапкершіліктің артуы
мен көркемдік талап-талғамның күшеюі аң-
ғарылады. Оның елеулі шығармаларының көбі-
ақ дəуір мен жазушы елегінен қабат өтіп, үлкен
бағаға ие болған. «Жұмбақ жалау» – «Ботакөз»
болып, «Адасқандар» – «Мөлдір махаббат»
болып, «Менің мектептерім» – «Өмір мектебі»
болып жөнделді, жаңаланды, толықты. «Балуан
Шолақ» та, «Сырдария» да бір-бір қараудан өтті.
Осының бəрі жазушы еңбегінің салмағын
арттырып,
оның
кітаптарының
идеялық-
көркемдік қуатын өсіре түсті. Соның ішінде
Сəбит Мұқановтың жеткен ең үлкен биігі
ретінде бағаланған «Өмір мектебі» трилогиясы
еді. Кенеулі жазушының кемелденгендігін
танытқан аса айтулы, талантты, тұлғалы бұл
туындыда бүтін бір халықтың бүкіл бір дəуірдегі
көркем шежіресі бар. Сондықтан да кең
тынысты, көп салалы, тарихи, əлеуметтік
шығарманың бүгінде бағасы арта түспесе,
ешқашан кемімек емес.
_________________
1. Ə.Жұмабай Кəдімгі Сəбит Мұқанов // Түркістан,
1999 жылғы 8-14 қазан.
2. С.Мұқанов Таңдамалы шығармалар жинағы. –
Алматы: Жазушы. – 1970. – 9 том.
3. С.Мұқанов Таңдамалы шығармалар жинағы. –
Алматы: Жазушы. – 1970. – 10 том.
4. С.Мұқанов Таңдамалы шығармалар жинағы. –
Алматы: Жазушы. – 1970. – 11 том.
5. Т.Рахымжанов Мұқанов мүсіндемесі. («Өмір
мектебі» трилогиясы бойынша) // Қазақ əдебиеті, 20.4.1990.
6. Қ.Ергөбек Жазушы шеберханасы. – Алматы:
Жазушы. – 1970. – Алматы: Қазақпарат. – 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |