213
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
қазақ даласы ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі
сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ дала-
сының күшті санасы болып, арқаның қоңыр же-
лімен бірге есіп, шалқып жатыр» [5]. Болашақ
ұлы жазушы ақын поязиясындағы азатшылдық
идеяны көтерген
жолдардың ұшқыннан жа-
лынға айналар асылдықты таныған еді.
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі
қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды
рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық
мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның
туын көтерген, жұртшылықтың санасына демо-
кратиялық ойлар сіңіріп,
алға жетелеуге ұм-
тылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зер-
десіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топ-
тың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы екен-
дігіне зәредей күмән болмауға тиіс. Қазақ әде-
биеті
мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімі-
нің атасы, ұлы реформатор атанған ол өзінің
алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағар-
тушылық, демократтық бағыттарын жалғас-
тыра отырып, өз
заманындағы тұтас бір зиялы
қауымның төлбасына айналды.
Қазақтың басына түскен қиын да қилы ал-
мағайып заманда ұлтқа бас болу – Ахмет Бай-
тұрсынұлының маңдайына бұйырған киелі іс.
Оның мамандығы қарапайым оқытушылық
бола тұрып, саяси өмірге араласуына түрткі
болған – қаза халқының өз Отанында отырып,
бұратананың күйін кешуі еді.
Атамекенінде
отырып өзінің тіліне, діліне, дініне, жеріне
иелік ете алмаған жұртының аянышты ахуалы,
Ахметті және
оның айналасына шоғырланған
қазақ оқығандарын саясат-сахнасына күрескер
етіп шығарды. Ұлы қайраткер ретінде Ахмет
Байтұрсынұлы шығармашылығымен де, қоғам-
дық қызметімен де ұлтына адал қызмет етті.
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынұлы А. Қырық мысал: Өлеңдер. –
Алматы: Жазушы, 2002. – 119 б.
2. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер,
аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы,
1989. – 320 б.
3. Мамыткеліні Амина. Көркем әдебиет ту-
ралы//Қызыл Қазақстан. – 1927. – №5-7. –
49-66 бб.
4. Сейфуллин С.
Ахмет Байтұрсынұлы елуге
толды // Еңбекші қазақ. – 1923. – 31 қаңтар.
5. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық мерейтойы
// Жалын. – Алматы, 2009. – 9 маусым, №9. –
96 б.
6. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азат-
тық идея. – Алматы: Қазақ университеті,
2007. – 325 б.
* * *
В
этой статье рассматривается тема независимости в
поэзии Ахмета Байтурсынова.
* * *
The subject of Independence idea manifestation of
Akhmet Baytursynov’s poetry are considered in this article.