Вестник КазНУ. Серия филологическая. №3 (143)



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,87 Mb.
#22127
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
266-1-513-1-10-20150917

Ключевые  слова:  брань,  судебно-лингвистическая  экспертиза,  эмоционально-экспрессивная    лексика, 

пресса. 


______________________________________ 

 

Балағат  лексикасы – жалпы  қазақ  тілінің 

лексикасы негізін құрап эмоционалды-экспрес-

сивті  мағынада,  біреуді  балағаттап,  дөрекі  сөз 

сөйлеп жеке басына, ар-ождан абыройына нұқ-

сан  келтіруді  және  қорлауды  көздейтін  сөздік 

қор.  Анайы,  дөрекі  мағынасы  болса  да  балағат 

сөздердің тілімізде ауызекі сөйлеу тілінде қол-

данылуы қарқынды.  

Балағат  лексикасы  көркем  әдебиетте  жиі 

кездеседі және қолданылу жағынан  тым дөрекі 

балағаттар  да  бар.  Көркем  әдебиеттегі  балағат 

лексикасы  кең,  кейіпкер  мінезін,  олардың  эмо-

ционалдық  күйін  көрсеткенде  жиі  қолданылса, 

газет мәтіндерінде олардың үлесі аз. Яғни  бұл 

стильдік  ерекшеліктеріне  де  байланысты.  Десе 

де,  бүгінде  сөз  бостандығын  кең  өріс  алып 

отырған шақта, тым балағат, дөрекі сөздерді де 

газет  беттерінен  көруге  болады.  Немесе  түгел 

контекст  астарында  қамтылған  балағат  сөздер 

де бар. 

Көркем  әдебиеттегі  балағат  сөздер  ашық, 

еркін және олармен қоса қарғыс, одағай сөздері 

С. Ұзақбайқызы 




260 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 3 (143). 2013 

жиі  қолданылады.  Тіпті  балағат  мәнді  фразео-

логизмдерді де көруге болады. Балағат лексика-

сының тағы бір жиі қолданылатын көркем әде-

биет  жанры – сатира.  Сатира  әжуа  мен  кеке-

сінді  мақсат  еткендіктен,  сатиралық  шығарма-

ларда  балағаттар  көп  қолданылады.  Ш.Нұрғо-

жина  сөйлеу  тіліндегі  эмоционалды-экспрес-

сивті лексиканы алты түрге жіктейді. Олар:  

Жалпы қолданыстағы лексика; 

Қарапайым сөздер; 

Тұрмыстық лексика; 

Әдепсіз, балағат сөздер; 

Диалогтілер; 

Варваризмдер; 

Эмоционалды-экспрессивті  лексиканың  алты 

түріне  де  жеке-жеке  тоқталған  Ш.Нұрғожина 

алтауына да тілдік фактілер ұсынады және «ха-

лықтың  ауызекі  сөйлеу  тіліндегі  қарапайым 

сөздердің  экспрессиясы  күшті  болып  келеді. 

Сондықтан олар ешбір өзгеріссіз сол қалпында 

кейіпкерлер  тілінде  беріледі» [1, 60] деп,  оған 

мысалдар  келтіреді:  Ана  сорлы  таздың  жаман-

дығы  ғой.  Әшейінде  адамсып,  шәңгірлеп  сөй-

лер еді, енді қайда қалды екен? (Б.Майлин. Рау-

шан-коммунист)  немесе  мынадай  мысал, «Жа-

лап-жұқтау» деген сөз бе екен, - дейді Қайрақ-

бай  кейіп, - «сіміріп  жұтқаның  деп  неге  айт-

пайсыңдар? (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат). Не-

месе  көркем  әдебиет  мәтіндерінен  мысал  кел-

тірер болсақ: 

Е-хе!  Сен  не  оттап  тұрсың?!  Иттен  туып, 

іннен  шыққан  хайуан!  Өлексе… - деп  Ваня 

кочегарды  ыза буды. Ит  ұрламаймын дейді,  ей 

мына "баран", Лайбараннан садаға кет, сен сор-

лы! "Ұрламаймын"  дейді, ит емес, адам  ұрлар-

сың  аш  жүрсең…  Адам  болып  қалыпты,  мы-

нау! Сені адам қылған кім, а? Мен. Құдайыңды 

ұмытайын  деген  екенсің…  Ұмытқанды  көрсе-

термін әлі. Көрермін кө…ді, сілімтік! 

Үй, енеңнің қара қасқасы!.. Тілің таңдайыңа 

жабысып  қалды  ма,  жаңа  ғана  тақылдап,  бер-

местің білегіне жармасып, көрместің көзін шұ-

қып ала жаздап тұр едің ғой? [2, 111] 

Жоғарыда  көрсетілген  барлық  балағат  лек-

сикалары көркем мәтіннің мазмұнды етіп, көр-

кемдігін айшықтай түседі. 

Қорыта айтқанда көркем шығармаларда кез-

десетін  дөрекі  қарапайым  сөздердің  алатын 

орны қай жағынан болса да ерекше. 

Ал  енді  газет  мәтіндеріндегі  балағат  лекси-

касына  келер  болсақ,  көркем  әдебиет  мәтінде-

ріне  қарағанда  олардың  қолданысы және  бала-

ғат мәні жағынан үлкен ерекшеліктер тән.  

Бүгінгі  күн  бұқаралық  ақпарат  құралдарын-

да,  ашық  баспасөзде  тілдік  құралдардың  қол-

данылу  ерекшеліктеріне, сипатына  мәніне  бай-

ланысты оқырмандардың я тыңдармандардың я 

белгілі  бір  субьектінің – жеке  немесе  заңды 

тұлғалардың  қанағаттанбауы  және  қайшылық-

ты  пікірлері  негізінде  соттық  және  азаматтық 

істерде  лингвистикалық  сараптаманың,  фило-

логиялық танымның қажет етілуі кең өріс алу-

да.  Мұндай  жағдайдың  қалыптасуының  басты 

себептерін сөз еркіндігінің өріс алуымен, соған 

орай сөйлеу, сөз қызметін, сондай-ақ тілдік құ-

ралдарды  пайдалануды  шектен  шығушылық 

қоғам  мүшелерінің  арасында  көптеген  түсін-

беушіліктердің,  келіспеушіліктердің  жол  алуы-

мен,  кейде  бұқаралық  ақпарат  қызметкерле-

рінің, журналисттердің тілді қолданудағы білім 

шалағайлығымен  және  ақиқаттығына  толық 

көз  жеткізілмеген  деректерді  басшылыққа  алу-

ларымен  де,  және  баспасөзде  көрінісі  тапқан 

мағлұматты қабылдауда субьектілердің фондық 

білімдерінің  сәйкес  келмеуімен  де  түсіндіруге 

болады.  Көп  жағдайда  БАҚ-да  жарияланатын 

хабарларда жеке бастың мүддесі үшін өзгелерді 

балағаттау, ар-ождан, абырой, іскерлік беделіне 

нұқсан  келтіру  жағдайлары  кездеседі.  Әсіресе 

жоғарыда  атап  өткендей  бүгінде  сөз  еркіндігі-

нің  кең  өріс  алуына  байланысты  газет  бетте-

рінде  бір-бірін  балағаттап,  жеке  пікір  білдіру 

жағдайлары  көптеп  кездеседі.  Әсіресе  бүгінде 

ша рықтап тұрған интернет желілерінен айқын 

байқауға болады.  

Балағат  лексикасы  адамның  эмоционалдық 

күйін  сипаттағанда,  бағалауда  жиі  қолданы-

лады. Тым дөрекі балағат сөздер көп жағдайда 

толық жазылмай, көп нүктелермен беріледі. 

Кез келген мәтінді жеке бір тұлғаның анық-

талған  мақсатты,  ниетті  көздей  отырып,  оны 

шешуде  белгілі  бір  тілдік  жүйеде  қалыптасқан 

қоғамдық  нормадағы  тілдік  бірліктерді  өзіндік 

таныммен,  талғаммен  үйлестірілген  шығарма-

шылығының  жемісі  ретінде  танысақ,  баспасөз 

жарияланымдары да қоғам мүддесін көздей оты-

рып, орын алған келеңсіздіктерді сынау арқылы 

оқырманға  ықпал  ету  ниетін  мақсат  етеді.  Бұл 

орайда  белгілі  бір  дерек,  мәселе  жайын  түсін-

діре  келіп,  журналистің  өз  пайымын,  көзқара-

сын  білдіріп,  талдау  жасауы  оның  кәсіби  мін-

деті  ретінде  заңмен  қорғалады.  Журналисттің 

қандай  да  бір  оқиға  туралы  хабарламасы  және 

онымен  қатысты  өзіндік  субьективтілік  оң  я 

теріс  көзқарасы,  яғни  бағасы  тура  я  жанама 

түрде білдірілуі мүмкін. Ықпал ету күшіне жеке-

Көркем әдебиет және газет мәтіндеріндегі балағат лексикасы  




261 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3 (143). 2013 



 

 

леген  сөйленістермен  бірге,  тұтас  мәтін  де  ие 



болады.  

Баспасөз жарияланымдарының қоғам мүдде-

сін  қорғау  мақсатындағы,  бастысы  қоғамды 

тәрбиелеуші, сауықтырушы және бағыт беруші 

жүйе  ретіндегі  қызметінен  жаңылмауына  бай-

ланысты мәселелер көпшілік назарында келеді. 

Мұнда  баспасөздің  қоғам  өміріндегі  келеңсіз-

діктерді,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  қоғам 

нормаларына жат, заңға қайшы әрекеттерін қа-

лың  оқырманға  жария  етіп,  сынға  алуы  қоғам 

тарапынан қолдау таба отырып, оның әдеби тіл 

нормалары,  тіл  мәдениеті,  тілдік  этикет  қағи-

далары  үрдісінен  шығуы  талап  етіледі.  Яғни 

баспасөз  материалдарында  талапкер  шегінде 

рәсімделсе, ол мүлде қорлау, тіл тигізу деп қа-

былданылмайды.  

Ашық баспасөз материалдар негізінде туған 

тілдік  дау-жанжалдардың  сипаты  жағынан  әр 

түрлі  екені  анықталуда  және  олардың  көпші-

лігін  балағат  лексикасы  құрап  адамның  ар-

ождан, абыройы, іскерлік  беделіне  нұқсан  кел-

тіру  жағдайларымен  бүгінде  соттық  және  аза-

маттық  істер  көп  қозғалуда.  Бұл  туралы  сот-

лингвистикалық  сараптама  мәселелері:оқу  құ-

ралында  төмендегідей  мысалдар  келтіріледі:  

1)  ашық  баспасөз  материалында  белгілі  бір 

жеке  немесе  заңды  тұлғаға  қатысты  мағлұмат-

ты  жеткізуде  қолданылған  тілдік  құралдардың 

сол тұлғаның ар-намысы, абыройы мен іскерлік 

беделіне кір келтіру жағдайларына байланысты 

тілдік  дау-жанжалдар; 2. Ономастикалық  атау-

лардың  БАҚ-ында  қолданылу  жайларына,  тіл-

дік бірліктердің фирмалық атау, тауарлық белгі 

ретіндегі  қызметіне  байланысты  тілдік  дау-

жанжалдар; 3) ұлттық араздықты қоздыру мүм-

кін деректердің БАҚ-ында орын алуаны байла-

нысты. [3, 77] 

Бүгінде  ашық  баспасөз  мәтіндері  жалпы 

публицистикалық  стиль  заңдылығына  бағына 

отырып кейбір жағдайларда оның шегінен шы-

ғып  кететін  жағдайлар  да  бар.  Көп  жағдайда 

мұндай  балағат  мәнді  сөздердің  баспасөз  бет-

терінде жариялануы автордың жарияланымның 

көркемдік сипатын арттыру, оқырмандарды қы-

зықтыру немесе балағат лексикасын пайдалана 

отырып  өзіндік  тұжырымын,  көзқарасын  біл-

діру немесе материалды дайындау кезіндегі ав-

тордың өзіндік жай-күйі мен оған материалдың 

қаншалықты қатысты болуына да байланысты.  

Газет мәтіндері бойынша балағат мәнді сөз-

дер: 

«Содан бері «шайтанның» еркелігін мен тү-



гілі, шенеунік қожайынымның өзі аттай көтереді. 

Менің  түсінбейтінім,  министр-қожайынымның 

365 күнінің тең жартысы Алматыда, тоқалының 

қасында  өтеді,  сонда  оның  жұмысын  кім  іс-

тейді? . 

 

–  Еркектің  емес,  әйелдің  көлігін  жүргізу  қиын 



шығар, ә?» [4, 5]

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет