Вестник КазНУ. Серия филологическая. №3 (143)


«Ашқарақтар  аяқ  тартар  емес



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,87 Mb.
#22127
1   2   3   4   5   6
«Ашқарақтар  аяқ  тартар  емес.  Қоғамда 

жең  ұшынан  жалғасқан  сыбайлас  жемқор-

лықтың басым бөлігін қолында билігі бар лауа-

зымды  адамдардың  жасайтынын  құқық  қорғау 

органдары  әркез  дәлелдеп-ақ  келеді.  Ондайлар 

оңтайлы  сәттер  туындай  қалса  барын  салып, 

миллиондарды  ашқарақтана,  қомағайлана  асап  

мемлекетті  зиянға,  өзін  түрмеге  отырғызып 

жатады.  Үлкен  өкінішке  қарай,  кейбір  жоғары 

лауазымды шенеуніктер үшін қолда билік  бол-

ған  соң  мемлекеттік  мүдде  мен  ар-ұят  сияқты 

адами  қасиеттер  жәй  ғана  екінші  деңгейдегі 

ұғым болып қала беретіндей көрінеді.  Бірқатар 

әлеуетті  орталық  органдардағы    бастықсымақ-

тардың  “қой  терісін  жамылған”  бөрі  екенін 

ұрлығымен  қолға  түскенде    барып  бір-ақ  біліп 

жүрміз.  Лауазымын  пайдаланып,  мемлекет  қа-

ражатын  қарбытып  асап  қалуға  бейім  тұратын 

әккі  алаяқтар  еліміздің  Қарулы  Күштері  сала-

сында да жоқ емес көрінеді. 

Ал  ондай  арнайы  маман  емес  адам  медици-

налық  техникаларды  қалай  сапалы  қабылдап 

алсын? [6, 4]   

«Кешегі  күшік  ит  болып,  өзімді  қапты!» 

Мысық  тілеу  миссионерлерден  сақтаныңыз! 

Кейбір  келімсек  секталардың  бағдарламасы-

нан   адам  шошырлық.  Олардың   бағдарламасы 

С. Ұзақбайқызы 




262 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 3 (143). 2013 

бойынша  Орта   Азия  мен  Қазақстан   халқын 

жаппай шоқындыруды  2010  жылы толық аяқ-

тамақ екен [6, 4] 

«Қайда барсаң алдыңнан Борат шығады. Сол 

бір  сайқымазақ.  Күллі  әлемге  қазақ  атын  жа-

мылып,  абыройымызды  айрандай  төккен  жал-

мауыз.  «Атаңа  нәлет»  борат  немесе  өзге  жұрт-

тар мазақтауын қашан қояды?» [6, 6] 

«Ливияның  басшысы  Муаммар  Каддафи 

осындай  мәлiмдеме  жасап,  елдi  жаппай  көте-

рiлiске  шығуға  шақырды.  Каддафидiң  даусы 

жазылған  бейнетаспа  мемлекеттiк  телеарналар 

мен радиолардан берiлдi. Онда Каддафи былай 

дейдi: “Ливияның  халқы!  Ояныңдар!  Қарула-

рыңды  алыңдар  да,  сатқындар  мен  НАТО-дан 

елдi тазартыңдар!”. [7, 4] 

«Мәсімов  жүр  мұртын  майлап  мұнаймен». 

«Әлде  мен  жындымын  не  болмаса  Сайлау  Ор-

талығының басшысы жынды». [7, 5] Жоғарыда 

көрсетілген  балағат  сөздер  өзіндік  қолданысы 

жағынан  балағат  мәнді  реңкі  әртүрлі.  Десек  те 

газет  мәтіндерінен  алынған  бұл  мысалдарда 

тура балағат мән бар және балaғат мәні жанама 

болған  балағат  сөздер  бар.  Бұлар  жеке  тұлға-

ның  немесе  белгілі  бір  әлеуметтік  топтың  ар-

ождан,  абыройы,  азаматтық  беделіне,  іскерлік 

беделіне нұқсан келтіреді.  

Ойымызды қорытындылай келе көркем шы-

ғармалардағы балағаттар ерекшелігін атап өтсек: 

 көптеп қолданылады; 

 шығарманың көркемдейді; 

 кейіпкердің психологиялық күйін, эмоция-

сын білдіруде жиі қолданылады; 

 Көп жағдайда қаратпа, одағай, қарғыс сөз-

дермен тіркесіп келеді; 

 шығарманың шиеленісу сәттерінде көптеп 

байқалады; 

 кейде кекесін, әжуа мәнінде де келеді; 

  сатиралық  шығармаларда  көптеп  кезде-

седі; 


  мақал,  фразеологизм  түрінде  жиі  кезде-

седі. 


Газет мәтіндеріндегі балағаттар ерекшелігі: 

  көркем  әдебиет  мәтіндеріне  қарағанда 

қолданыс жиілігі төмен;  

  көп  жағдайда  бейресми  мәлімдемелерде, 

сұхбат,  пікір  білдірулерде,  газет  беттеріндегі 

көркем шығармаларда қолданылады;  

  көп  жағдайда  нақты  адресаты  аталмай, 

жасырын көпшіліке қаратыла айтылады,  

 кекесін, әжуа мағынасында; 

  адресаттың  кемшіліктерін  атап  өтуде,  са-

лыстыруда ;  

  саяси  тұлғаларға  айтылатын  қалыптасқан 

балағаттарда; 

  балағат  сөздердің  көпшілікке  бағытта-

луында;  

  саяси  қарым-қатынаста  қалыптасқан  ба-

лағат,  дөрекі  мәндегі  метафоралар,  фразело-

гизмдер, бағалауыштық категориялар;  

  балағат  мәнін  жұмсарту  мағынасындағы 

сөздерде;   

  оқырман  назарын  аудару  мақсатындағы 

газет айдарларындағы балағаттар. 

Қазақ  тілі  лексикасында  балағат  сөздерді 

зерттеу  аса  қажет-ақ.  Өйткені  қазақ  тілінде 

олардың  мазмұндық  ерекшеліктері,  адамды 

сипаттаудағы  аксиологиялық  шекаралары  нақ-

ты  ажыратылмаған.  Қазақ  тілінде  көптеген 

балағат  сөздері  бар,  тіптім  жыл  өткен  сайын 

тілімізге  қаншама  жаргон,  өзге  тілден  кірме 

балағат сөздер еніп жатыр.  

Балағат  сөздерді  зерттеп,  олардың  балағат 

мәнінің  шекараларын  ажырату – бүгінде  сот-

лингвистикалық сараптама жасағанда керек-ақ. 

Заң мен тіл білімі ғылымдарының тоғысындағы 

жаңа  бағыттардың  бірі  болып  табылатын  лин-

гвокриминалистика  немесе  юрислингвистикада 

даулы  мәтіндерге  сараптама  жасауда  балағат-

тардың  мазмұны  мен  сөйлеу  актісіндегі  адам-

ның  ниетін  білдіруі  осының  барлығын  зерттеу 

жаңа  бағыт  үшін  қажет-ақ.  Өйткені  даулы  мә-

тіндердің басты зерттеу нысаны – осы балағат, 

дөрекі  сөздер  болып  табылады.  Соның  негізін-

де қорлау, жаза, адамның ар-ождан абыройына 

нұқсан келтіру секілді істер қарастырылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет