Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133). 2011 163


                                                                         ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#18093
1   2   3   4
164                                                                          ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(133). 2011 

 

 

да  түсінікті.  Ал,  заман  ағымына  сай  сырт  көзге 



мағына-мәнсіз  саналатын  фольклордың  маңы-

зын  С.Қасқабасов  былай  түсіндіреді: «Фоль-

клордың  үш  сипаты  бар:  а)  фольклор – ежелгі 

дүниетаным  және  көне  мәдениет,  әрі  мұра;  

ә) фольклор – тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор 

–  сөз  өнері» [2,7]. «Қырық  батыр»  жырының 

әдеби  маңызына  келетін  болсақ,  батырлық жыр 

өзінің  аты  айтып  тұрғандай  «қырықтық»  дең-

гейіне  жетіп,  фольклорлық  тұтастанудың  көп 

сатысынан  өткен  әлемдік  масштабтағы  эпика-

лық  дастандардың  құймасы  болатын.  Бір  қара-

ғанда  белгілі  бір  дәуірдегі  халық  дүниетаны-

мын,  арман-тілегін  көрсететін  жырлар  секілді 

көрі-нетін мұра бойына бірнеше ғасырлық  дәуір 

болмысын,  халықтар  санасын,  тілдік  ұғымдар 

шоғырын  беріп,  тарихи,  мәдени  оқиғалар  ше-

жіресінен  сыр  шертеді.  Ноғайлы  жырлары 

атымен  белгілі  «Қырымның  қырық  батыры» 

туралы  Ә.Қоңыратбаев  мынандай  пікір  айтады:  

«...қазақтың  эпостық  жырларының  сюжеттік 

арқауы  мен  оның  жырлану  дәуірін  шатастыру 

бар. ...Мұрын  жырларының  арқауы,  сюжеті 

түгелдей  ноғайлы  заманының  шеңберіне  си-

майды.  Оның  сюжеттерінің  ішінде X-XI ғасыр-

лардан  бергі  көп  заманның  тарихи  уақиғала- 

рының  жиынтығы  суреттелетін  сияқты. ...Сю- 

жетінің  ескілігі,  адам,  жер  аттарының  шыншы-

лдығы, дін, миф сарындарының аздығы жағынан 

Мұрын  жырлары  ерекше  көзге  түседі» [1] 

Ғалымның 1948 жылы  аңғарған  мәселелері  әлі 

күнге  дейін  маңызын  жойған  жоқ.  Бұл  жырлар 

туралы  көптеген  еңбектер  жазылғанымен  де, 

шығарманың  жүгінің  көп  салалылығы  күні 

бүгінге  дейін  «жырды»  толығымен,  жан  жақты 

зерттеп  біттік  деп  айтқызбай  отыр.  Мұның 

себебін  көрнекті  эпостанушы  ғалым  Рахманқұл 

Бердібайдың  мына  пікірінен  түсінуге  болатын 

тәрізді: «... «Қырымның қырық батыры» жөнін-

де  жаңа  зерттеулер  керектігін  мойындаймыз. 

Мұндай  ұланғайыр  қазынаның  маңызын  ашып 

талдау  үшін  бір  емес,  бірнеше  іргелі  еңбектер 

жазылуға  тиіс. «Қырымның  қырық  батыры» 

туралы  қалам  қозғағандардың  қай-қайсысы 

болса  да  алдына  осы  мәселені  ақыр-тақыр  тау-

сып  айтамын  деп  міндет  қоя  алмайды.  Өйткені 

бұл  жырлардың  көлемі  ғана  емес,  қамтыған 

оқиғалары  да  өте  сындарлы.  Сондықтан  әрбір 

зерттеу  мақаланың  өз  алдына  қойған  нақтылы 

нысанасы болмақ» [3, 11]. 

«Қырымның  қырық  батыры»  жырының 

отандық  фольклористика  ғылымдағы  зерттелу 

денгейі  туралы  ғалымның  пікірі  төмендегі 

деректерден  де  айқын  байқалар  деп  ойлаймыз. 

Атап  айтқанда, «Қырымның  қырық  батыры» 

туралы зерттеулердің бір қатарын жарық көрген 

жылдарына қарай талдауға тырысамыз. «Қырық 

батыр»  жыры  туралы  ең  алғашқы  пікірлер  сол 

1942  жылдың 19 шілдесінде  Тіл,  әдебиет  және 

тарих  институтының  директоры  Н.Н.Сауран-

баевтың  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде 

жариаланған  «Халық  өнерінің  қазынасы - 

Мұрын  жырау»  деп  аталатын  мақаласында  ай-

тылыпты[4]. 

Мақалада  Маңғыстаулық  Мұрын  жыраудың 

қырық  батырдың  ерлігі  туралы  жыр  білетіндігі, 

әр  батыр  туралы  жырдың  үш  күннен  бес  күнге 

дейін  жырланатындығын,  жалпы  жырды  толық 

айтып шығу үшін 6 жарым ай уақыт кететіндігі 

айтылады.  Автор  Мұрын  жыраудың  айтқан 

сөзіне  сүйене  отырып  бұл  жырдың  шыққанына 

500  жылдай  уақыт  өткенін,  яғни XV ғасырдан 

бері жырланып келе жатқандығын, ең бастапқы 

шығарушысы  атақты  Сыпыра  жырау  бол- 

ғандығы,  оны  Абыл,  Нұрым,  Қашаған  сияқты 

жыраулар жалғастырғандығын жазады. Жырдың 

ең  сонғы  жырлаушысы,  таратушысы  болған 

Мұрын  XIX ғасырдың 80 жылдарынан  бастап 

жыршы болып, өзінің алдындағы ұстаздарынша, 

қырық  батыр  туралы  жырды  ел  аралап,  айлап 

қонып  жатып  айтатын  болған.  Автор  бұл 

жырдың  қысқаша  мазмұнына  тоқталып,  оның 

қазіргі  қазақ  жерінде  болған  ұлы  тарихи 

оқиғалардан  құралатындығын,  негізінен  Алтын 

Орданың  ыдырай  бастаған  кезеңіне  арналған-

дығын,  сол  кездегі  түрлі  басқыншы  жауларға 

қарсы  елді  қорғаған  батырлар  туралы  жыр 

екендігін жазады. Автордың пікірінше жырдағы 

батыр  «Тек  қара  күштің  қазынасы  ғана  болып 

айтылмайды,  халықшыл,  көпшіл,  данышпан, 

ақылды,  саналы  кейіпкер  болып  айтылады».  

«Бұл  жыр  толығымен  қағазға  түсірілсе,  көлем 

жағынан  дүниеде  ең  бірінші  ірі  нұсқа  бол-

мақшы.  Қырғыз  халқының  Манасынан,  қалмақ 

халқының  Жәңгірінен  әлденеше  үлкен,  әлде-

неше  рет  көлемді»  дей  келіп,  Н.Сауранбаев  жыр-

ды  тыңдаған  Қ.Сәтбаев,  М.Әуезов,  С.Мұқанов-

тардың  жырға  өте  жоғары  пікір  білдіргендігін 

хабарлайды. «Жырдың»  тарихымызда  қалуына 

көп  еңбек  сіңіргеңдердің  бірі  болған  академик 

Н.Сауранбаев мақаласының соңында «... мұндай 

халық өнерінің қазынасын қалайда жазып алып, 

халықтың  рухани  азығы  ету,  оның  үстіне  қазақ 

халқының  тарихын,  әдебиетін,  тілін  тарихи 

зерттеу  үшін  бұл  қазынаны  толық  пайдалану» 

[4]  қажет  дейді.  Бұдан    «Қырық  батыр»  жыры-

ның  ең  алдымен  қазақ  тарихының  төл  дерегі 

екендігін  сол  кезде-ақ  дәл    ұғып,  түсіне  білген 

ғалымның    «жырды»  тарихи  тұрғыдан  зерттеу 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет