210
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(137). 2012
ның қабылдауы сол траекторияның өзіне тие-
сілі нүктесінде қалыптасады.
«Прагматика тілдік қарым-қатынасқа қаты-
сушының тілді қандай мақсатта қолданып тұр-
ғандығын зерттейді. Прагматика тілдік құрал-
дарды коммуниканттардың сана – сезіміне, іс-
әрекетіне әсер мақсаты тұрғысынан қарасты-
рады», - деп Ф.З. Жақсыбаева сөз болып отыр-
ған мәселеге өз ойын қосады [2, 102]. Жалпы
мәтін прагматикасының тууы мынадай про-
цестерден өтеді: мәтінге интерпретация жасау,
оны қабылдау және реакцияның пайда болуы.
Мәтінді кең мағынасында ақпарат тасымал-
дайтын бірлік деп қарастыратын болсақ, праг-
матика туғызушы объектілерді жазба мәтін,
сөйлеу актісі, графикалық белгілер деп ажыра-
туға болады.
Олардың алғашқысы жазба мәтінге тоқтал-
сақ, кез келген хатқа түскен ақпарат түрін атай
аламыз. Сөйлемдерден мәтінге біріккен кон-
струкция оқырманының белгілі бір реакциясын
туғызады. Мысалға ғылыми стильде жазылған
мақалаларды алайық. Олардың құрылымы қа-
таң тәртіпке бағынған, мақсаты анық, ғылыми
мәселелерді қозғайтын мазмұндық сипатқа ие
болып келеді. Олардың мақсаты белгілі бір та-
қырып аясында ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы
зерттеу жүргізіп, нормаларға сәйкес ақпарат
баяндау. Ол ақпаратымен ғылыми қоғамды та-
ныстыру. Ал пайдаланушы оны оқып отырып,
ол мәтінге алдымен интерпретация жасайды,
оны қабылдайды, түйсінеді, керек ақпаратын
алады. Және мәтінмен танысып болған соң ол
ақпаратқа баға бере отырып, онымен келісетін-
дігін, не келіспейтіндігін іштей шешеді. Сон-
дай-ақ ресми стильде жазылған бұйрықты мы-
салға алайық. Оның құрылымындағы бұйрық
райда берілген етістікті конструкциялар оны
жазушының коммуникативтік мақсатына сәй-
кес іріктеліп алынып, адресатын белгілі бір
мәселе бойынша іске қосады. Ондай мәтіннің
прагматикалық функциясы бұйрық бағытталған
тұлғаны қандай да бір әрекетке дәйекті түрде
бағыттауы. Сондай-ақ мәтінмен танысқан адре-
саттың ол сигналдарды қабылдап, мойынсы-
нып, әрекетке көшуі.
Жазбаша формада көрініс табатын публи-
цистикалық стильдегі мәтін үлгілері прагмати-
калық функциясының жоғарылылығымен ерек-
шеленеді. Оның себебі баспасөз тілі ақпарат-
тық кеңістіктегі өзгерістерге бейім, ол өзгеріс-
терді ізбе-із сол сәтте көрсететін «тірі тіл».
Мұндай функция атқаратын микрокомпонент-
терді Ф. Жақсыбаева өз мақаласында төменде-
гідей түрлерге бөледі:
- Коммуникативтік мақсатқа сай қолданы-
латын коммуникативтік тактикалар;
- Газет мәтініндегі бағалауыш лексика;
- Газет мәтінінің тақырыпаты;
- Синтаксистік құрылымдар мен графика-
лық құралдар [3].
Оқырманының назарын өзіне аударып, сөз
етілген мәселені тартысты етіп көрсету үшін
қолданылатын пікірлерді қарама-қарсы қою
тактикасы жиі қолданылады.
«-Ақпарат құралдарында қоғамдағы өткір
мәселелердің ашық айтылуын билік қаламйды.
Сондықтан да мүмкіндігінше оларға кедергі
жасауда. Қазақстандағы бүгінгі сөз бостанды-
ғының тұншықырылуы соның нәтижесі дейді, -
«Әділ сөз» халықаралық қорының қызметкері
Ғалия Әженова.
Журналист Жарқын Сәлен ТМД-дағы өзге
мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда
журналистер өз ойларын ашық айта алады деп
есептейді. Дегенмен де бұл ілгерілеушіліктер-
дің орнын олқылықтар басып кетеді»./Азаттық
радиосы, 17.10.2008/
Бағалауыштық категория мәтіннің ажыра-
мас бөлігі. Себебі кез келген мәтінді жазу ақи-
қат болмыстың бір бөлшегіне баға беріп, си-
паттау мақсатында туады. Әрбір мәтін бойынан
оны жазушының өзінің айтқан пікіріне деген
көзқарасы, қарым-қатынасы модальдылық ка-
тегориясы арқылы берілетін болса, баға беру
оның құрамында міндетті түрде кездеседі. Мы-
салы:
«Жыныстық қатынасты жарнамалайтын
анимациялық фильмге мұқтажбыз ба немесе
Достарыңызбен бөлісу: