Вестник КазНУ. Серия филологическая. №3(137)



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#98705
1   2   3   4
Әдебиеттер
1. Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің 
прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары 
негізінде). – Фил. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 
2007. 
2. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтінінің прагмати-
калық функциясы (қазақ тілінде шығары-
латын газет материалдары бойынша). – Фил. 
ғыл. канд. диссертациясы. – Алматы, 2000. 
3. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтініндегі прагма-
тикалық функция атқаратын микрокомпо-
ненттер// Вестник, филолог. Науки. – 2001. –
№ 3.
Медиамәтіннің прагматикалық қырлары
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 3(137). 2012 


212 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(137). 2012
* * * 
В статье рассматриваются прагматические компо-
ненты медиатекста. Разносторонне описывается прагмати-
ческая функция текста. Классифицированы объекты праг-
матики и закреплены примерами. Оцениваются новые 
языковые тенденции в медиапространстве. 
* * * 
The article deals with pragmatic components of a media 
text. Diversify pragmatic function is described by the text. 
Classified objects pragmatists, and fixed examples. Еstimate 
the new language trends in the media. 
 
Ішкі тілдік факторлардың әсерінен туындайтын жаңа қолданыстар 
Е. Ильясов 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан 
Аннотация. Мақалада қазақ тілінің бүгінгі таңдағы жиі қозғалып, ұдайы айтылып жүрген 
лексикалық қабатындағы өзгерістер туралы сөз қозғалады. Дәлірек айтқанда, тіліміздің ішкі 
дамуының көрінісі, яғни ішкі тілдік факторлар әсерінен соңғы жылдардағы туындаған жаңа 
қолданыстар туралы айтылады. Мақала филология мамандығының бакалавр, магистр, PhD
доктаранттарына және барша қазақ тілді қауымға арналған. 
 
Адамзат тілінің жүйесі – сан-салалы, көп 
қырлы процесс. Оның даму жүйесі өзіне тән 
түрлі заңдылықтардың болуымен ерекшеле-
неді. Лексикалық өзгеріс өзге тілден сөз алумен 
ғана емес, ішкі және сыртқы факторларға қа-
тысты тілдік қатынас негізінде туған тіліміздің 
мағыналық, тұлғалық дамуға түсіп өрбуі 
нәтижесінде туынды сөз жасалуы арқылы іске 
асады. Осы тұрғыда, тілдік қатынас нәтиже-
сінде туындаған қазіргі қазақ тілінің лексика-
лық қабатындағы өзгерістер – жаңа сөздердің
келуіне ықпал жасайтын бірден-бір құбылыс 
саналады.
Тілдік қатынас – күрделі қоғамдық-әлеу-
меттік құбылыс. Бұл саланың басқа ғылымдар 
негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші 
орын ала бастауы – талай жылдардың жемісі. 
Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі 
қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені 
анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік 
қатынас сол тілдердің қарым-қатынасқа қатыс-
ты нәтижелердің ерекшеліктерін қамтиды. 
Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы 
жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын 
тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. 
Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының сала-
лары – фонетика лексикология, морфология, 
синтаксис деңгейлерінде көрінеді.
Қазақ тіл білімінде қазақ тілінің лексикалық 
өзгеру мәселесіне ұдайы назар аударылып 
келеді. Егер орыс тіл білімінде бұл мәселе сан 
алуан теориялық зерттеулердің, ғылыми-көпші-
лік мәндегі еңбектердің, оқулықтардың және 
алуан түрлі сөздіктердің шығуы нәтижесінде
біршама шешімін тапса, қазақ тіл білімінде тіл-
дік қатынас нәтижесінде қазақ тілінің лекси-
калық өзгеруінің сыр-сипаты, табиғаты мен 
өзіндік айырым белгілері турасында нақты тео-
риялық тұжырым қалыптаса қойған жоқ. 
Қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
мәдени, рухани өміріндегі елеулі өзгерістер қа-
зақ әдеби тілінің жай-күйі мен коммуникатив-
тік қызметіне де қозғау салды. Ғылым мен тех-
никаның жаңалықтарын айтпағанда, қоғамдық 
құрылыстың жаңа сатыға аяқ басуы, ұлттық 
тілге деген қоғамдық, халықтық көзқарастың 
тың сипат алуы тіл дамуына ерекше ықпал етті. 
Аталған жағдаяттар қазақ тілі коммуникативтік 
қызметінің өрістеуіне кеңінен жол ашты.
Соңғы 20 жыл төңірегінде қазақ әдеби тілі-
нің лексикалық құрамы сапалық жаңаруды, тү-
леуді бастан өткеруде. Жаңғыру процесі негі-
зінен номинативтік атауларды жасау, төл тілдік 
терминдер жүйесін одан әрі жетілдіру процесі 
арқылы көзге түседі. Белгілі бір заттың, құрал-
жабдықтың, құбылыстың, ұғым-түсініктің нақ-
ты атауын беру үшін, сондай-ақ терминдік ұғым-
дарды қалыптастыру мүддесінде, өзге де сырт-
қы тілдік және ішкі тілдік себеп-салдарларға 
орай, қазіргі қазақ әдеби тілі сөздік құрамының 
қатары әр алуан соны сөздермен, тың тіркес-
термен көбейе түсті. Ал әрбір жаңа сөз, әрбір 
тың сөз тіркесі ғылым тарапынан елеп-екшеуді 
қажет етеді. Демек, қазіргі қазақ әдеби тілі лек-
сикалық құрамына қосылып, айналымға түсе 
бастаған соны сөздер мен тың орамдарға зерт-
теу, талдау жүргізу, олардың табиғатын, сыр-
сипатын, ішкі белгілері мен өзге де айырым 
Е. Ильясов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет