Вестник КазНУ. Серия филологическая. №3(137)


рапынан дұрыс ашылып, адекватты түрде



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#98705
1   2   3   4
Байланысты:
941-1-1809-1-10-20151006

рапынан дұрыс ашылып, адекватты түрде 
қабылдануы» - дейді [1, 10].
Әр реципиент бір мәтінді әртүрлі қабылдауы 
мүмкін. Оның себебі кодталған ақпаратты тиі-
сінше ашып, қабылдау үшін адресаттың дүние-
танымы, өскен ортасы, тәрбиесі, білімі, әлеу-
меттік мәртебесі, тілдік-психикалық мүмкінші-
ліктері критерий бола алады. Бұлар негізгілері 
ғана, бұлардан басқа да жанама факторлар да 
бар. Ақпараттың сөйлеушіден тыңдаушысына 
жеткенше өз траекториясы пайда болады. Атап 
өтілген критерийлерге байланысты тыңдаушы-
Медиамәтіннің прагматикалық қырлары 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 3(137). 2012 


210 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(137). 2012
ның қабылдауы сол траекторияның өзіне тие-
сілі нүктесінде қалыптасады.
«Прагматика тілдік қарым-қатынасқа қаты-
сушының тілді қандай мақсатта қолданып тұр-
ғандығын зерттейді. Прагматика тілдік құрал-
дарды коммуниканттардың сана – сезіміне, іс-
әрекетіне әсер мақсаты тұрғысынан қарасты-
рады», - деп Ф.З. Жақсыбаева сөз болып отыр-
ған мәселеге өз ойын қосады [2, 102]. Жалпы 
мәтін прагматикасының тууы мынадай про-
цестерден өтеді: мәтінге интерпретация жасау, 
оны қабылдау және реакцияның пайда болуы. 
Мәтінді кең мағынасында ақпарат тасымал-
дайтын бірлік деп қарастыратын болсақ, праг-
матика туғызушы объектілерді жазба мәтін, 
сөйлеу актісі, графикалық белгілер деп ажыра-
туға болады.
Олардың алғашқысы жазба мәтінге тоқтал-
сақ, кез келген хатқа түскен ақпарат түрін атай 
аламыз. Сөйлемдерден мәтінге біріккен кон-
струкция оқырманының белгілі бір реакциясын 
туғызады. Мысалға ғылыми стильде жазылған 
мақалаларды алайық. Олардың құрылымы қа-
таң тәртіпке бағынған, мақсаты анық, ғылыми 
мәселелерді қозғайтын мазмұндық сипатқа ие 
болып келеді. Олардың мақсаты белгілі бір та-
қырып аясында ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы 
зерттеу жүргізіп, нормаларға сәйкес ақпарат 
баяндау. Ол ақпаратымен ғылыми қоғамды та-
ныстыру. Ал пайдаланушы оны оқып отырып, 
ол мәтінге алдымен интерпретация жасайды, 
оны қабылдайды, түйсінеді, керек ақпаратын 
алады. Және мәтінмен танысып болған соң ол 
ақпаратқа баға бере отырып, онымен келісетін-
дігін, не келіспейтіндігін іштей шешеді. Сон-
дай-ақ ресми стильде жазылған бұйрықты мы-
салға алайық. Оның құрылымындағы бұйрық 
райда берілген етістікті конструкциялар оны 
жазушының коммуникативтік мақсатына сәй-
кес іріктеліп алынып, адресатын белгілі бір 
мәселе бойынша іске қосады. Ондай мәтіннің 
прагматикалық функциясы бұйрық бағытталған 
тұлғаны қандай да бір әрекетке дәйекті түрде 
бағыттауы. Сондай-ақ мәтінмен танысқан адре-
саттың ол сигналдарды қабылдап, мойынсы-
нып, әрекетке көшуі. 
Жазбаша формада көрініс табатын публи-
цистикалық стильдегі мәтін үлгілері прагмати-
калық функциясының жоғарылылығымен ерек-
шеленеді. Оның себебі баспасөз тілі ақпарат-
тық кеңістіктегі өзгерістерге бейім, ол өзгеріс-
терді ізбе-із сол сәтте көрсететін «тірі тіл». 
Мұндай функция атқаратын микрокомпонент-
терді Ф. Жақсыбаева өз мақаласында төменде-
гідей түрлерге бөледі: 
- Коммуникативтік мақсатқа сай қолданы-
латын коммуникативтік тактикалар; 
- Газет мәтініндегі бағалауыш лексика; 
- Газет мәтінінің тақырыпаты; 
- Синтаксистік құрылымдар мен графика-
лық құралдар [3]. 
Оқырманының назарын өзіне аударып, сөз 
етілген мәселені тартысты етіп көрсету үшін 
қолданылатын пікірлерді қарама-қарсы қою 
тактикасы жиі қолданылады.
«-Ақпарат құралдарында қоғамдағы өткір 
мәселелердің ашық айтылуын билік қаламйды. 
Сондықтан да мүмкіндігінше оларға кедергі 
жасауда. Қазақстандағы бүгінгі сөз бостанды-
ғының тұншықырылуы соның нәтижесі дейді, - 
«Әділ сөз» халықаралық қорының қызметкері 
Ғалия Әженова. 
Журналист Жарқын Сәлен ТМД-дағы өзге 
мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда 
журналистер өз ойларын ашық айта алады деп 
есептейді. Дегенмен де бұл ілгерілеушіліктер-
дің орнын олқылықтар басып кетеді»./Азаттық 
радиосы, 17.10.2008/ 
Бағалауыштық категория мәтіннің ажыра-
мас бөлігі. Себебі кез келген мәтінді жазу ақи-
қат болмыстың бір бөлшегіне баға беріп, си-
паттау мақсатында туады. Әрбір мәтін бойынан 
оны жазушының өзінің айтқан пікіріне деген 
көзқарасы, қарым-қатынасы модальдылық ка-
тегориясы арқылы берілетін болса, баға беру 
оның құрамында міндетті түрде кездеседі. Мы-
салы: 
«Жыныстық қатынасты жарнамалайтын 
анимациялық фильмге мұқтажбыз ба немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет