211
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(137). 2012
қажет. Мұндай тәсілдер ретінде олардың сұ-
раулы сөйлеммен берілуін немесе жалпықалық-
тық сипатқа ие мақал-мәтелдер мен қанатты
сөздерді қолдануды атауға болады. Мысалы:
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгермеді» /Қазақ-
стан Заманы, ақпан, 2010/
«Соқыр көргенінен жазбас немесе орыс ті-
лінде ыңғайлы» /Ана тілі, 28 мамыр, 2009/
«Агент мені үйге жіберші!» /«Ақ желкен»
журналы, №9, 2010/
Бастапқы екі мысалда біреуі халыққа бұ-
рыннан белгілі
өлең мәтінін қолдану арқылы,
екіншісі халық мәтелін пайдалану арқылы
оқырман назарын өзіне еріксіз аударса, соңғы
мысалда леп сөйлеммен беріліп, экспрессиялық
мән үстеу арқылы аудиторияға сигнал тастап
тұр.
Прагматикалық функция атқаратын микро-
компоненттердің бір түрі
синтаксистік құры-
лымдар дыбыстық қайталаулар арқылы ауди-
тория назарын өзіне аударта алады. Мысалы:
«Төбеден тажал төнгенде», «Байыған үстіне
байып жатқан кім? Ким ғой әрине», «Әз ағаңа
екі сағат дегенің аз екен» /Жас алаш, 7 қазан,
2010/
«Зинақорлық зауалы», «Легионер ме, мил-
лионер ме?», «Іскер ортаның қазақ тілімен ісі
жоқ», «Шектен шыққан «Шығысэнерготрейд»,
«Ауыр атлетші апалар» /Жас қазақ, 8 қазан,
2010/
Газет бетіндегі визуалды графикалық құрал-
дар мәтінге қарағанда жылдамырақ ақапарат
беріп, сигнал тарататын бірліктер. Мәселен Жас
алаштың 2010 жылдың 7 қазанында жариялан-
ған «М ӘСКЕУ
мен МИНСКІНІҢ ҚАҚТЫҒЫ-
СЫ Кедендік одақты таратып тынатын шығар»
деп аталған мақаласында екі ел басшысы Мед-
ведев пен Лукошенконың жұдырықтарын түйіп,
қабақтары түксиген суреттерін қоюы істің мән-
жайынан хабар беріп, мәселенің ушыққанын
байқатады. Сондай-ақ мақала мазмұнынан лезде
ақпарат береді.
Сөйлеу тілінде тілдік конструкциялар авто-
матты түрде құрастырылып коммуникантына
жолданып отырады.
Мұнда сөйлесім прагма-
тикасы сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты-
мен тікелей байланысты. Мақсатқа қарай праг-
матика туғызатын тілдік бірліктер таңдалады.
Мысалы:
«Келдің бе?» (↑) – десе расында да сұрақ
қойып, оған жауап күтеді.
Ал «Келдің бе!» (↓) – десе экспрессия ар-
қылы тыңдаушысына наразылығын танытады.
Ауызша тілдесімде тілдік бірліктерге ілесе
ақпарат бейвербалды амалдармен беріледі.
Мәселен екі адам ауызша амандасып қана
қоймай, сонымен қоса қолдарынан қысып, арқа
қағысып жатса, сол коммуникациядан әрекет
иелері жағымды әсер алады.
Коммуникация
барасында, шапалақ ұру, бет шымшу, жұдырық
түю, қол бұлғау, қол сілтеу, жымию, қабақ
шыту сынды бейвербалды амалдар коммуника-
тивтік мақсатына сәйкес адресатының сәйкес
прагматикалық әсерін туғызып отырады.
Прагматикалық әсер туғызушы объектілер-
дің үшінші тобы графикалық белгілер.
Мысал
ретінде қала көшелерінде ілінетін жарнама тақ-
тайшаларын алайық. Олардың мақсаты – жар-
намалайтын тауар немесе қызмет түрін өткізу.
Ал визуалды графикалық белгілер олардың
фишкасы. Мәселен «Орбит» сағызының жарна-
масында «Сергітетін жеміс қуаты» деген мәтін
фонында жүзі жадыраған, құстай қалықтаған
сүйкімді қыздың суреті тұтынушының жағым-
ды реакциясын қалыптастырып, коммуникатив-
тік мақсат өз үдесінен шығып тұр. Графикалық
белгілер арқылы ақпарат беруде түстердің өзі
маңызды рөл ойнайды. Әрбір компанияның өзі-
не тиесілі графикалық белгісі,
логотипі бола-
тыны барлығына белгілі. Мысалы «Билайн»
ұялы байланыс желісінікі – сары және қара түс-
тер кезектескен жолақтар, «Актив» байланыс
желісінікі – қанық қызыл түс, КСЕЛЛ – күлгін
түс, Халық банкінікі – жасыл және сары түс-
терге боялған айқасқан ромб тәрізді, БТА бан-
кінікі – қызыл және ашық жасыл түсті төртбұ-
рыштар. Дәл осы түстер, сәйкес графикалық
формада қоғамда ұшырасып жатқан кезде адам
санасында дәл сол компаниялармен ассоциация
туып, сол компанияның тауары мен қызметі
ұсынылатындығы жайлы ақпарат алады.
Достарыңызбен бөлісу: