Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. №6 (44)



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#97239
түріСборник
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
621-1-1228-1-10-20160615-1

Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. № 6 (44). 2009 
55 
Келісімге сәйкес қатысушы мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Республикасы 
қарулы қақтығыстар аймақтарындағы адам құқығы мен гуманитарлық құқық нормаларын 
бұзудың алдын алуға арналған қажетті шараларды қабылдау ісіне екіжақты және 
көптараптық негізде әріптестік жасап отыруға міндеттенеді (1-бап.). 
Қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың жағдайын реттеу саласында заң тұрғысынан 
міндетті шартқа ие болып келетін актілер ретінде келісімшарттармен қатар, Біріккен Ұлттар 
Ұйымының ерекше органы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциялары маңызды мағынаға 
ие болады.
Айта кету керек, қазіргі сәтте қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды қорғау мен 
олардың құқықтық күйін қалпына келтіруге қатысты Қауіпсіздік кеңесінің төрт резолюциясы 
қабылданған:
- 1261 резолюциясында (1999) әскери қақтығыстарға тартылған балаларды қорғау мен 
олардың жақсы тұрмысы Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне жатқызылған негізгі тыныштық 
пен қауіпсіздік мәселесі болып табылады деп расталған. Онда, сонымен қатар соларды 
қорғаудың негізгі принциптері бекітілген;
- 1314 резолюциясында (2000) нақты практикалық шаралар белгіленген;
- 1379 резолюциясы (2001) 1314 резолюциясында (2000) көрсетілген шараларды 
бекітуге қатысты болып келеді және соларды анағұрлым мақсатқа лайықты етеді. Сонымен 
қатар осы резолюцияға сәйкес балаларға қатыгез қарайтын тараптардың тізімін ұсынумен 
бақылау мен есеп беру практикасы енгізілуде;
- резолюция 1460 (2003) бақылау мен есеп беру шеңберін кеңейтуде және мұнда барлық 
елдердің баяндамаларына балаларға қатысты нақты бөлімдерді енгізу қажет деп ескерілген, 
сондай-ақ мұнда «практикалық шаралар кезеңіне» көшу мақұлданған.
Қорытындылай келе айта кететін нәрсе, Қазақстанға қатысты қолданыста жүрген және 
жоғарыда 
қарастырылған 
халықаралық 
келісімдерге 
байланысты 
Қазақстан 
Республикасында қарулы қақтығыстардың нәтижесінде зардап шегуі мүмкін тұлғаларды, 
соның ішінде сондай қақтығыстарға қатыстырылған және сондай қақтығыстардың 
құрбанына айналып отырған балаларды әлеуметтік қорғау мен оларға материалдық өтемақы 
төлеуге кепілдік беретін арнайы заңдарды қабылдау туралы мәселе осы уақытқа дейін 
шешімін таппай отыр.
ТМД-ның қарастырылған 1993 жылғы «Қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғау 
жөніндегі алғашқы кезектегі шаралар туралы» келісімінде «қарулы қақтығыс құрбаны» 
ұғымына нақты кімнің жататындығы көрсетілмеген. Осы орайда аталмыш Келісімді «қарулы 
қақтығыс құрбаны» ұғымымен толықтырып және қарулы қақтығыстардың потенциалды 
құрбандары ретінде балалардың құқығын қорғау кепілдіктеріне арналған жекелеген 
ережелерді бөліп кету қажет деп санаймыз. 
1. http://www.amnesty.org.ru/peges/childiers-index-rus 
2. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // 
http://www.amnesty.org.ru/pages/ 
cod-111006-background-rus
 
3. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // 
http://www.amnesty.org.ru/pages 
/cod-111006-background-rus
 
4. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // 
http://www.amnesty.org.ru/pages/ 
cod-111006-background-rus
 
5. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // 
http://www.amnesty.org.ru/pages/ 
cod-111006-background-rus
 
6. Конвенция №182 Международной организации труда (МОТ) «О запрещении и немедленных мерах по 
искоренению наихудших форм детского труда» // 
http://www.lawmix.ru/abro.php?id=4939
 

Статья посвящена актуальной проблеме обеспечения прав и безопасности детей в период вооруженных 
конфликтов. Автор анализирует текущее состояние механизма правового регулирования в области обеспече-
ния прав и безопасности детей в период вооруженных конфликтов и предлагает оригинальные предложения по 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет