Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. №6 (44)



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата25.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#97239
түріСборник
  1   2   3   4   5   6


Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. № 6 (44). 2009 
51 
3. Конвенция о правовом статусе Каспийского моря. Проект Республики Казахстан, представленный на 
рассмотрение Прикаспийских государств 19.07.1994 г. – Текущий архив МИД РК.
4. Конвенция Организации Объединенных Наций по морскому праву // Сборник документов по между-
народному праву. Том II / Под общ. ред. К.К. Токаева. – Алматы: САК, 1998. – 504 с.
5. Жильцов С.С., Зонн И.С., Ушков А.М. Геополитика Каспийского региона. – М.: Международные от-
ношения, 2003. – 280 с.
6. Сборник документов по международному праву. Том IV / Под общ. ред. Е.А. Идрисова. – Алматы: 
САК, 2001. – 528 с. // http://mypoliticstyle.blogspot.com/2009/08/blog-post_774.html

Бұл мақалада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесімен қатар, континентальді шельфті бөлісуінің жолда-
ры қарастырылады.

In the present Article the Legal status of Caspi and also the delimitation of the continental shelf of Caspi were 
pointed.
 
 
 
Ж. Жайлау 
 
ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР КЕЗІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып 
жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер мен 
топтар ұл балалар мен қыздарды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуда. Әсіресе 
жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік 
жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбінеки мектептен, көшеден немесе үйінен 
ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды әртүрлі әдістермен пайдаланады. 
Олардың басым бөлігі соғыстық әрекеттерге қатысып жатса, енді біреулерін сексуалды 
қажетсінулерін қанағаттандыру үшін, барлаушы, байланысшы, тасымалдаушы, малай 
ретінде, сондай-ақ құрлықтағы миналарды орнату мен қатерсіздендіру үшін пайдаланады. 
Жасақталған балалардың басым көпшілігі осы қызметтердің бірнешеуін атқарып жатады. 
Соғысқа тартылған және қарулы қақтығыстар барысында пайдаланылатын балалардың 
дәл саны белгісіз. Дегенмен де, зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес әлемнің әртүрлі 
елдерінде болып жатқан 30 қақтығысқа 300 мыңға дейін әскер-балалар қатысуда, нақты 
санын ешкім білмейді. Қазіргі уақытта әскер-балаларды пайдалану туралы барынша шүбәсіз 
ақпаратты алуға және соғыстың балаларға тигізетін әсерін жан-жақты талдауға арнап 
әрекеттер жасалуда.Тұтастай алғанда, салмағы жеңіл және пайдаланылуы оңай қарудың 
пайда болуына байланысты балаларды қаруландыру барған сайын жеңілдей түскенін 
мойындаған жөн және бұл аз даярлықты қажет етеді. 
Бұл балалардың басым бөлігі соғысқа тартылған немесе әскерге күшпен әкетілген – 
жасы әлі 10-ға толмаған кейбіреуі көбінеки солардың өздерінің отбасыларына немесе 
қауымдастықтарына қарсы бағытталған сұмдық қатігездік әрекеттердің куәларына немесе 
қатысушыларына айналып жатады. Бұл балалар психологиялық, сондай-ақ денелік ең 
қорқынышты қауіп-қатер мен жан түршіктірер азаптауларға түсіп отырады. Алайда мұнымен 
барлығы аяқталмайды: айла-шарғылауға оңай түсумен, олар көбінеки тіпті өздері түсіне 
бермейтін аса ауыр қылмыстарды жасауға дейін барады. Солдат-бойжеткендердің басым 
бөлігі тек соғысып қана қоймай, сондай-ақ сексуалды қызметтер көрсетуі тиіс [1]. 
Осылайша, қарулы қақтығыстар кезіндегі халықаралық-құқықтық қорғау нысаны 
ретінде дәл осы балаларды тану керек. Сонымен қатар, әділдік үшін айта кетейік, қарулы 
қақтығыстар кезіндегі адам құқығын қорғау жөніндегі қолданыста жүрген халықаралық 
актілердің барлығында бірдей осындай әртүрлі қақтығыстардағы балаларды қорғау 
мәселелеріне арналған жеке бөлімдер көрсетіле бермеген. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет