Вестник ПГУ №1, 2010
72
6. Ауэзов М. Путь Абая / пер.А.Кима. – Алматы: ИД «Жибек жолы»,
2007. – Кн.1. – 470 с.
7. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка, 4-е
изд.; доп. – М, 2000.
8. Казахско-русский словарь: Ок.50000слов / под ред. член-корр. НАН РК
Р.Г.Сыздыковой, проф.К.Ш.Хусаин. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 1008 с.
9. Ќазаќ тілінің түсіндірме сґздігі ќазаќ / Ред. Ыскаков А.Ы. – Алматы,
1959. – 398 б.
Түйіндеме
Бұл маќала лингвокультуремалардың аударма мәселелерінің
алгоритіміне арналған.
Resume
The article is devoted to algorithmization of the process of lingvocul-
turemes translation issue.
ƏОЖ 81’342
ОРЫС ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА
ҚАЗАҚ ТІЛІН ИГЕРТУДЕГІ
ФОНЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ
Б.Ж. Құрманова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті,
Ақтөбе қ.
Бүгінгі күні қазақ тілінің оқу орындарындағы өзге тілді аудиторияларда
оқытылуына арналған көптеген ғылыми-әдістемелік ізденістер жасалып, олардың
нәтижелері оқыту үдерістеріне енгізіліп те жатыр. Олар қазақ тілін деңгейлеп
және коммуникативтік бағытта, жаңаша жаңғыртып оқыту (Қ.Қадашева),
қатысымдық тұрғыдан оқыту (Ф.Оразбаева), мамандықты ескеріп, кәсіби
бағытта оқыту (Р.Шаханова) т.с.с. бағыттар бүгінгі күні айқындалып, қазақ тілін
оқыту үдерісінде өздерінің кең қолданыстарын тауып отыр.
Дегенмен де қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту әдістемесінде
өзінің шешуін күтіп жатқан мәселелер де аз емес, соның ішінде екінші тілді
оқытуда орталық проблема болып саналатын тілдік материалдың саналы
жүйеленуінен шығатын тілдік білім мен сөйлеу білігінің коммуникативтік
біліктерге сүйенуі принципінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының
қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік базасында әлі де болса толық көрініс
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
73
таппай отырғаны. Бұл жерде тілдік материал деп отырғанымыз екінші тілді
игеру үдерісінде оқытылуы тиіс фонемалар, әріптер, интонемалар, сөздер, сөз
тіркестері, дайын айтылымдар, грамматикалық формалар мен құрылымдар
[1:408-409] және тағы да басқа қазақ тілін оқыту мазмұнының маңызды
бөлігін құрушы тілдік бірліктер.
Қазақ тілінің жоғары оқу орындарында оқытылу тәжірибесін талдау
барысында тілді игерудегі студенттердің қазақша айту нормаларын сақтауда
көптеген кедергілерге тап болатындарын аңғардық. Соның ішінде фонетикалық
интерференция құбылыстарының орыс тілді студенттер үшін көптеген қиындықтар
туғызатыны анықталды. Бұл психологиялық феномен тек қана орыс тілді студенттер
үшін емес, сондай-ақ ана тілін білмейтін қазақ студенттері үшін де тілдік кедергі
болып табылатындығын көрдік. Біздің жүргізген зерттеулерімізге сай көптеген ана
тілін білмейтін қазақ студенттері қазақ тіліне тән «ө», «ұ», «ү», «і» дауыстылары мен
сонор «ң» мен «н» дыбыстарының айтылу ерекшеліктерін мүлдем білмейтіндерін
көрсетті және де «ұ», «ү», дыбыстарын орыс тіліндегі «у» дыбысы арқылы айтып,
олардың айтылу ерекшеліктеріне байланысты сөздің де мағынасы өзгеретінін
ескермейтіндері де анықталды. Ал «ө» дыбысының айтылуын орыс тілді студенттер
үшін олардың тілінде ұқсас дыбыс жоқ болуына байланысты «ү», «ұ» дыбыстарымен
шатастырып, ол дыбыстадың графикалық бейнелеулерінде қате жіберетін жағдайлар
көптеп кездесті. Осылардың барлығы қазіргі кезде қазақ тілін дұрыс игермеген
жоғары оқу орындары студенттері үшін міндетті түрде қазақ фонемаларының
айтылу ерекшеліктері игертілетін арнайы курстың өтілуін талап ететіндігін көреміз
және де курстарда міндетті түрде өзге тілді студенттердің қазақша сөйлеуіндегі
интерференция түрлерінің ескерілуі тиіс.
Осы күнге дейін қазақ тілін оқытудағы итерференциялық құбылыстар туралы
проблема өзінің арнайы зерттеуін таппай отыр. Интерференцияның әлеуметтік
лингвистикалық, психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық қырлары
өзге ұлт өкілдері-қазақ, орыс-қазақ қостілділіктері негізінде қазақ тіл білімінде де
зерттелмей келеді. Интерференциялық құбылыс тек қана қазақ-орыс қостілділігі
жағынан зерттелген болатын (А.Е. Карлинский, З. Ахметжанова, М. Жусупов).
Интерференцияны зерттеуді А.Е. Карлинскийге сүйене отырып,
М. Жусупов төрт кезеңде өткізілетінін айтады:
1) бірінші кезеңде ана тілі мен екінші тілдің жүйесі белгілі бір
лингвистикалық мектеп позициясынан парадигматикалық, синтагматикалық
және де трансформациялық тұрғыда сипатталады;
2) екінші кезеңде ана тілі және оқытылатын тілдің салыстырмалы типологиялық
сипатталуы негізінде потенциалды интерференция аясы айқындалады;
3) үшінші кезеңде интерференция типтері мен классификациясының
болжанылуы іске асырылады.;
4) төртінші кезеңде алынған мәліметтер экспериментальды түрде тексеріледі
және зерттеуге алынған информант-билингвтерге әсер ететін экстралингвистикалық
Вестник ПГУ №1, 2010
74
факторлар есепке алына отырып, деректі нақты интерференция анықталады,
материал статистикалық өңдеуден өткізіледі [2, 155] .
Сонымен қазіргі кезде қазақ тіл білімінде орыс-қазақ қостілділігінің
негізінде осы айтылған зерттеу процедуралары толығымен ескерілген
зерттеулер жоқтың қасы. Осы уақытқа дейін қазақ тілі екінші тіл ретінде
қатысатын қостілділік әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан толықтай
жіктелгенмен (Б.Хасанов), олардың негізінде болып жататын интерференция
түрлері ажыратылып, айқындалмай отыр.
Дегенмен де негіз болатын теориялық материалдардың жоқтығына
қарамастан, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар тарапынан жоғарыда
көрсетілген фонетикалық интерференциялардың студенттердің сөйлеу
тәжірибелерінде кездесіп жататындығы ескеріліп отыр. Қазақ тіліне тән
дыбыстардың айтылуында кетіп жататын қателерді біз М.Жүсіповтің
дыбыстық интерференциясы типтері негізінде айқындап, оларды сөйлеуде
болдырмауға арналған жаттығулар тобын жасаған болатынбыз.
М.Жүсіпов деңгейлік интерференцияны парадигматикалық және
синтагматикалық деп екіге бөледі де, олардың әрқайсысының өздерінің
іштей бөлінулерін көрсетеді. Парадигматикалық интерференция жартылай
саралану (недодифференциация), үстілей саралану (сверхдифференциация),
субституция, реинтерференция болып ажыратылады. Ал синтагматикалық
интерференция ресегментациялық болып бөлінеді [2, 156-158].
Жартылай саралану интерференциясына біз орыс тілді студенттердің
«ң» дыбысын «н» дыбысымен айтуын, [ұ], [ү] дыбыстарын [у] дыбысымен
айтуын жатқыздық. Ал үстілей саралануға [ы], [і] дыбыстарының орыс
тіліндегі [ы] [и] дыбыстарымен айтуларын жатқыздық, субституцияға орыс
тілді студенттердің [қ], [ғ], [ң] дыбыстарын айтудағы ерекшеліктерін және
[о] дыбысының қазақ тіліндегі сөзде кездесу орнына қарамай-ақ, өзінің
бастапқы қалпында айтылуында жіберілетін интерференцияны жатқыздық.
Өйткені [о] дыбысы орыс тілінде екпіннің түсуіне қарай өзгеріп отыруына
байланысты [a] болып та айтылуы ескерілді. Біздің тарапымыздан жүргізілген
бұл классификация шартты болып табылады. Жіктелген интерференция
соңғы және дәл емес, ол тек қана орыс-қазақ қостілділігін қалыптастырудағы
интерференцияларды жіктеудің алғашқы тәжірибесі ғана деп ойлаймыз.
Жоғарыда аталып өткен интерференциялардың орыс тілді студенттердің
қазақша сөйлеуінде болдырмау және жою мақсатында жаттығулар тобы
жасалып, қазақ тілі сабақтарында пайдалынылған болатын.
Қазақ тілінде дұрыс айтуға «оқытудың барлық кезеңдері мен
артикуляциялық жаттығулар, тапсырмалар тіл теориясын, яғни тіл жүйесі
туралы білім қалыптастыру мен тілдік материалды талдау білігі мен дағдысын
қалыптастырумен бірге жүргізілуі тиіс. Дұрыс айтуға оқытудың нәтижелілігі
ситуативтік-коммуникативтік жаттығуларды енгізуді де талап етеді. Өйткені бұл
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
75
жаттығулар оқытылып жатқан тілде артикуляциялық біліктер мен дағдыларды
және сөйлеу қызметін қалыптастыру мен түзетуді көздейді. Оқу тапсырмалары
міндетті түрде коммуникативтік бағытта болып, шынайы болмыспен байланысты
ақпараттарды әкелуі тиіс.» [2, 210-211]. Осындай бағытта ұйымдастырылған оқу
материалдары ғана тілді үйретуді сапалы қылады.
Қазақ тілінде дұрыс айтуға үйретуде артикуляциялық базаның дұрыс
жаттықтырылуы көзделіп отырады. Мысалы, қазақ тіліндегі дауыстыларды
айтып үйреткенде тілдің функциясының ерекшелігін айту және оны жіңішке,
жуан дауыстыларды айтудағы қозғалысы мен жағдайы ерекшеліктерін түрлі
жаттығулар арқылы үйрету қажет. Ол үшін біз студенттерге мына жаттығулар
түрін ұсынып, жіңішке және жуан дауыстыларды айтуды жаттықтырдық:
1. Тіліңізді тереңірек артқа тартыңыз, сонан соң алға итеріп, төменгі
тістеріңізге тіреңіз.
2. Тіліңізді тереңірек артқа тартып [а] дыбысын айтыңыз.
3. Аузыңызды кеңірек ашыңыз, сонан соң керіңіз.
4. Ерніңізді кеңірек ашып, тіліңізді артқа жіберіп [а] дыбысын
айтыңыз.
5. Ерніңізді керіп, тіліңізді алға жіберіңіз, астыңғы тісіңізге тіреп [ә-æ]
дыбысын айтып көріңіз.
Осындай артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстардың
айтылу ерекшеліктеіне байланысты сипатталып артикуляциялық аппарат
жаттықтырылды. Мұндай жаттығуларды жасатуымызға Ә.Жүнісбековтың
«көптеген оқыту тәжірибелері дыбыстардың артикуляциялық-физиологиялық
классификациясының жасалып берілуінің дұрыстығын дәлелдеп отыр, сондықтан
да қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың артикуляциялық жағынан сипатталуы
қажет. Ал акустикалық сипаттаманың берілуі мұндай классификацияның
құндылығын арттырмақ» [3, 61-62] деген тұжырымы арқау болды.
Ал қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардың айтылуына қатысты мына
артикуляциялық жаттығулар жасатылды:
1. Тіліңізді артқа тартып ауаны мұрныңызбен жіберіңіз.
2. Тіліңіздің ортаңғы бөлігін таңдайыңызбен біріктіріп ауаны
мұрныңызбен жіберіңіз.
3. Тіліңізді тереңірек артқа тартып, жоғары көтеріңіз де жылдам, дыбыс
шығаруға тырысыңыз.
Артикуляциялық жаттықтырулар дыбыстардың дұрыс айтылуына
үлкен септігін тигізетінін тәжірибелеріміз көрсетті. Өйткені фонетикалық
дағдыны қалыптастыру тілді үйренушіге қалыпты артикуляциясын өз
тіліндегі және оқытылатын тілдегі (біздің жағдайымызда орыс тілі мен
қазақ тілі) ұқсастықтар мен айырмашылықтар негізінде қайтадан құруды,
фонематикалық естуді, өзге тілдегі сөздер мен сөйлемдерде, сөйлеу, оқу
үдерісінде айтылымдар мен айту ағымында айту техникасын қалыптастыруды
Вестник ПГУ №1, 2010
76
көздейді. Осындай мақсаттар көзделгенде ғана орыс тілді студенттердің қазақ
тілінде толыққанды, ешқандай қатесіз сөйлей білуіне жол ашылады.
Артикуляторлық жаттығулар арқылы біз қазақ дыбыстарын айтуға
артикуляциялық аппаратты жаттықтыруды мақсат еткен болатынбыз.
Ал фонематикалық естуді, айту дағдысын қалыптастыру үшін арнайы
жаттығулар жүйесі жасалып, өткізілді. Бұл жатығулар студенттердің орыс
тіліндегі дыбыстардың қазақ тіліндегі дыбыстармен шатастырылмай айтуын
көздеді. Ол тыңдау, визуалды табу, дыбыстарды буындарда, сөздерде
тыңдау арқылы жазбаша түрде көрсету, диктордың артынан қайталау,
оқытушының артынан қайталау, берілген сөздерден айтылған дыбыстарды
айырып көрсету, қайталап айту, дауысты дыбыстарды оппозицияда айту
сияқты жаттығулардан тұрды. Осындай жаттығулар тобының кейбіреулерін
төменде беріп отырмыз.
1. Дауысты дыбыстарды тыңдаңыз, қайталаңыз, өзіңіз оқыңыз.
Послушайте гласные звуки, повторитев паузах за диктором.
а) а о ұ ы б) ә ө ү і
ә ө ү і а о ұ ы
2. Дауыссыздарды тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз. Послушайте
согласные звуки, повторите в паузах за диктором
а) ғ, қ, ң, һ.
б) Дауыссыздарды буында тыңдаңыз. Қайталаңыз.
қа-кә ақ-әк ға-гә ағ-әг аң -ңа
құ-кү ұқ-үк ғұ-гү ұғ-үг ұң үң
қы-кі ық-ік ғы-гі ығ – іг ың-ің
қо-кө оқ-өк өң-оң
3. Сөздерді тыңдап, жазыңыз! Послушайте слова, напишите!
Ғалам, ғалым, ғаламдық, ғаламшар, ғарыш, ғимарат.
Қазақстан, қазақ, қазына, қала, қазіргі, қаржы, қарулы, қару.
Аңыз, оң, сең, ертең, өң, өңір, таңба.
Жиһаз, жиһангер, гауһар, қаһарман, сыртқы.
4. Дауыстыларды буындарда тыңдаңыз, қайталаңыз.
ба-бә бә-бе ал-әл
бо-бө бо-бұ ол-өл
бұ-бү бу-бү ұл-үл
бы-бі би-бі ыл-іл.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
77
5. Жіңішке дауыстыларды тыңдаңыз, қайталаңыз. Послушайте
мягкие гласные звуки, повторите за диктором.
а) ә ө ү і и е
ә) ә-е б) ү-і в) ә-і г) ү-і
ө-ү ә-і ә-ү ү-ә
і-и ө-і ә-е ү-и
6. Сөздерді тыңдаңыз. Айтыңыз. Послушайте слова и проговорите
в паузах.
Әке, әже, әкім, әкімшілік, әдемі, әдет, әдеп, әлеумет, әлем.
Ілгек, іле, ілік , іні, іс, істер, ізгі, ізгілік, ілеспе, ірге, іргелес, ішкі.
Өжет, өзара, өзі, өзге, өзек, өзгеріс, өзара, өкіл, өкілеттік, өкілдік, өкім, өндіріс.
Үгіт, үлгі, Үкімет, үйлестіру үлкен, үрдіс, үдеріс.
7. Жуан дауыстыларды тыңдаңыз. Послушайте твердые гласные
звуки. Постарайтесь повторить за диктором.
а) а о ұ ы - а ы о ұ
б) а – о о – а ұ – а
а – ы о – ы ұ – о
а – ұ о – ұ ұ – у
8. Сөздерді тыңдаңыз. Қайталаңыз. Послушайте слова и повторите.
Адал, азамат, азаматтық, аймақ, айналыс, айрықша, айып.
Ынтымақ, ықпал, ымыра, ықтияр, ынта, ынтамақтастық.
Ұлт, ұлттық, ұлты, ұйым, ұмтылыс, ұйымдық, ұжым.
Отбасы, ой, оң, оқиға, оңтүстік, оқу, оқыту, оқу орны,орталық, ортақ.
9. Сәлемдесіп үйреніңіз. Дикторды тыңдаңыз үзілісте қайталаңыз. Научитесь
правильно приветствовать. Послушайте диктора, в паузах повторяйте за ним.
Сәлеметсіз бе? Сәлеметпін! Ассалаумағалейкум! Уағалейкүмассалам!
Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Қайырлы түн! Сәлем. Амансыз
ба? Амансың ба?
10. Дикторды тағы бір рет тыңдап, әріптерді қойып жазыңыз,
сөздерді қайталап оқып отырыңыз. Послушайте диктора, впишите
пропущенные буквы.
С...леметс...з бе? Ассалаума...алейкум! Уа...алейк...массалам! ...айырлы
та...! ...айырлы к...н! ...айырлы кеш! ...айырлы т...н! С...лем! Аман... ба?
Аман... ба?
Вестник ПГУ №1, 2010
78
Осындай жаттығулардың жүргізілуі студенттерді қазақ тілінде дұрыс
сөйлей білулеріне төселдіріп, сөйлеу ағындарында интерференцияның
болдырмауына үлкен септігін тигізеді.
Ал қазақ тіл білімінде өзекті болып табылатын өзге тіл- қазақ, орыс-
қазақ қостілділігі негізіндегі интерференциялық құбылыстың толыққанды
және жан-жақты зерттелуі қазақ тілін оқыту әдістемесін белгілі бір сапалық
деңгейге көтере алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Словарь методических терминов. -Санкт-
Петербург,1999.
2. Джунусов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог.
Интерференция. Обучение произношению. - Ташкент,1991.
3. Джунисбеков А. Акустико-артикуляторные характеристики гласных
казахского языка. Фонетика казахского языка. - Алма-Ата: Гылым,1969.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы интерференции в речи
студентов, изучающих казахский язык в вузах. Сделана попытка
классификации интерференции в речи русскоязычных студентов и
ряд упражнений по устранению интерференции.
Resume
The problems of the interference in the speech of students who study
Kasakh in institutes of higher education are considered. The classification
of the interference in the speech of Russian speaking students are made
and the exercises for the interference removal are given.
УДК 37.036.5
СТИХИ К. МЫРЗА АЛИ В ПЕРЕВОДЕ И. ФОНЯКОВА
З.Х. Латыпова
Инновационный Евразийский Университет, г. Павлодар
Известно, что национальный колорит (итальянское colorito, от латинского
color (цвет) – совокупность характерных особенностей какой-либо нации,
национальности, ее своеобразие, отраженные языковыми средствами и вопло-
щенные в образной системе в произведениях литературы и искусства.
Передача национального колорита любого оригинального произведения
является одним из основных проблем и важным условием, представляющим
Достарыңызбен бөлісу: |