Вестник серия «Филологические науки» основан в 2008 году выходит 4 раза в год астана 2015 2



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата06.02.2017
өлшемі4,65 Mb.
#3493
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Список литературы: 
1.
 
Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева  народу Казахстана. Стратегия вхождения 
Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира Казахстан на пороге нового рывка 
вперед в своем развитии//Мысль. – 2006. - №3. – с.5 
2.
 
Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.Назарбаева  народу  Казахстана.  Новый  Казахстан  в 
новом мире. Астана -2007г, с.66. 
3.
 
Антология гуманной педагогики. Конфуций. - М., 1996. – 158с. 

 
 
227 
4.
 
Анцибор М.М. Активные формы и методы обучения. Тула 2010. – 57с. 
5.
 
Калимулина О.В. Ролевые игры в обучении диалогической речи. – М., 2003. – 105с. 
6.
 
Олейник Т.И. /Ролевая игра в обучении диалогической речи. – М., 1989. – 128с. 
7.
 
Педагогика  межнационального  общения:  учеб.пособие  для  вузов/Под  ред.  Д.И.  Латышиной.  -  М.: 
Гардарики, 2004. – 320c. 
8.
 
Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развитии: Учебное пособие.  - М., 
1996. – 164с. 
9.
 
Современные образовательные технологии в практике учителя мировой художественной культуры. – 
М., 2003. 
10.
 
Сластенин В.А и др. Педагогика: учеб.пособие для вузов/Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н.; 
Междунар.  Академия  наук  пед.  образования/Под  ред.  В.А.  Сластенина.  -  3-е  изд.,  стереотип.  -  М.: 
Академия, 2004. – С.328 
11.
 
Финкельштейн Э.Б. Исследовательская деятельность школьников и интеграция. – М., 2005. 
 
 
Джакипова Гульсана Амантаевна  
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ  
ШАҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫН САЛЫСТЫРУ 
 
 
Аңдатпа 
 
Берілген  мақалада  қазіргі  заманның  талабы  ретінде  ағылшын  тілінің  етістік 
шақтары  мен  қазақ  тілінің  етістік  шақтары  арасындағы  ерекшеліктерді  табу, 
салыстырмалы талдау жасалынды. Салыстырмалы тілдердің практикалық және теориялық 
денгейін  жоғарылату  арқылы,  осы  тілдерді  меңгерту  әдістерін  жеңілдету  жолдары 
зерттеледі.  Салыстырмалы  тілдердегі  етістік  шақтарын  теориялық  және  практикалық 
тұрғыда  салыстыру  барысында  жеке  –  жеке  айырмашылықтарын  нақтылап 
көрсетпеген.Сол себептен ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтары тереңнен, кең 
ауқымды зерттеуді талап етеді. Мақала ана тіліміздің ағылшын тілдері жүйесіндегі орнын 
белгілеуге,  жекелеген  морфологиялық  көрсеткіштердің  өзгеру  тетігін,  сол  арқылы  тілдің 
грамматикалық құрылысының даму үрдісін айқындауға себін тигізеді.  
 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  шақ  категориясы,  басқа  да  категориялар  сияқты,  бірте  -  бірте 
дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне 
лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған 
лайық, формалары мен қызметтері адамның сөйлеп я сөйлесіп отырған кезіне байланыстырыла 
айқындалады.  Өйткені  амал  я  әрекет,  қимыл  я  қозғалыс  тәрізді  үрдістердің  қай  -  қайсысы 
болсын  не  сөйлесіп  отырған  уақытқа  дейін  істеліп  тынған,  не  сол  сөйлесіп  отырған  уақытта 
істеліп  жатқан  (әлі  тынбаған),  не  сөйлесіп  отырған  уақыттан  кейін  істелінбекші  амалдар 
есебінде қабылданады (оқыдым; оқып отырмын, оқымақшымын). 
 Бірақ  шақтарды  бір  -  бірінен  ажыратуда  қиыншылықтар  бар.  Ол  қиыншылықтыр,  бір 
жағынан, шақ мазмұнының бір - бірімен ұштастығымен, соған орай, шақ формаларының бір  - 
бірінен  жіктері  ашылмағандығымен  байланысты  болса,  екінші  жағынан,  шақ  категориясымен 
рай  категориясының  бір  -  бірінен  мазмұн  шегі  де  ажыратылмағандығымен  байланысты.  [1, 
322,] 
Сөйлеп  тұрған сәтпен  байланысты  қимылдың мезгілі,  шақтық мағынасы    төмендегідей 
болады: 
 1) Үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс  - қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып  жатқан 
қимыл, іс - әрекет.  
 Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс - әрекет.  
Сөйлеп  тұрған  кезде  әлі  болмаған,  бірақ  кейін  болуға  тиісті  қимыл  -  іс  -  әрекеттер. 
Мысалы,  
Өнер, білім бар жұрттар 

 
 
228 
тастан сарай салғызды (Алтынсарин).  
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі (Абай) 
Енді бүгін қарасам, 
Айналам бақыт кең жатыр. 
Бірімен - бірі туысқан,  
Қол ұстасқан ел жатыр (Жамбыл). Бұл сөйлемдердегі  қалмайды, құлпырар, жатыр 
етістіктері  мезгіл  (шақ)  мағынасын  білдіруі  жағынан  бірдей  емес.  Салғызды  деген  салғызу 
қимылының  сөйлеп  тұрған  сәттен  бұрын  болып  кеткенін  білдірсе,  қалмайды  құлпырар 
етістіктері  қалмау,  құлпыру  қимылдарының  әлі  болмағанын,  сөйлеп  тұрған  сәттен  кейін 
болатынын,  ал  жатыр  етістігі  бұл  қимылдың  сөйлеп  тұрған  сәтте  болып  отырғанын  білдіріп 
тұр. 
 Мерзімдік мәнді білдіретін сөздердің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, 
Ертеңгі  елдің  қамын  ойлайтын  азаматтарымыз  азып  -  тозғанын  көрген  қария  қатты  күрсініп, 
үлкен  ойға  кетті.  («Ана  тілі»)  деген  сөйлемде  ертеңгі  сөзі  мезгілдік  мән  білдірсе  де,  оларда 
шақтық қасиет жоқ. Бұл сөзде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық мағына жоқ. 
Демек,  шақтық  мағына  сөздің  жалпы  мағынасынан  ғана  көрінбейді,  ол  мағынаны  білдіретін 
арнайы грамматикалық тұлға болу керек.  
 Сонымен,  сөйлеп  тұрған  сәтпен  байланысты  қимылдың  болу  мезгілі  үш  түрлі.  Соған 
сәйкес етістіктің  шақ  түрі де  -  үшеу. Сөйлеп  тұрған сәтке  байланысты, яғни сол сәтте  болып 
жатқан  қимылды  осы  шақ,  әлі  болмаған,  бірақ  кейін  болатын  қимылды  келер  шақ,  сөйлеп 
тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді. Шақтық мағынаны білдіретін 
етістік  көбінесе  жіктеліп  келеді  де,  сол  арқылы  жақтық  мағына  беріледі.  Жіктік  жалғау  шақ 
көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.  
Күрделі етістікке жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады.  
 Қазіргі  қазақ  тілінде  шақ  категориясы  мофологиялық  белгісіне,  шақтық  мағынасына 
қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.  
 Ағылшын тілінің қазақ тілінен өзгешелігі – етістіктің шақтары төрт топқа бөлінеді:  
Ι. Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы.  
II. Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы. 
III. Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы. 
IV. Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы.  
 Ι. Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:  
 1.  The  Present  IndefiniteTense  немесе  The  present  Simple  Tense  -  Жалпы  (белгісіз)  осы 
шақ. 
 2. The Past Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) өткен шақ.  
 3. The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) келер шақ.  
II. Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы үш шаққа бөлінеді: 
The Present Progressive Tense – Созылыңқы (Нақ) осы шақ.  
The Past Progressive Tense - Созылыңқы өткен шақ.  
The Future Progressive Tense - Созылыңқы келер шақ.  
III. Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы үш шаққа бөлінеді: 
The Present Perfect Tense – Аяқталған осы шақ.  
The Past Perfect Tense – Аяқталған өткен шақ.  
The Future Perfect Tense – Аяқталған келер шақ.  
Perfect  progressive  (Continiuos)  Tenses  -  Аяқталған  созылыңқы  шақтар  тобы  үш  шаққа 
бөлінеді: 
The Present Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы осы шақ.  
The Past Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы өткен шақ.  
The Future Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы келер шақ. [12, 79]  
  Менің  ғылыми  жұмысымның  ізденісі  «Perfect  Continuous  -  Аяқталған  созылыңқы 
шақпен  байланысты  болғаннан  кейін  қазақ  тіліндегі  етістік  шақтарын  Perfect  Progressive 
(Continuous) Tenses  

 
 
229 

Аяқталған  созылыңқы  шақтарды  жеке  қарастырайық.  Ағылшын  тілімен 
салыстырғандағы өзгешеліктерін қарастырайық:  
 Perfect Progressive (Continuous) Tenses  
Аяқталған созылыңқы шақтар 
 
Етістіктің бұл шақтары белгілі бір кезеңге дейін болған нәтижелі іс – әрекеттің болып 
жатқанын,  Present  Perfect  Progressive  (Continuous);  болғанын,  аяқталғанын  Past  Perfect 
Progressive  (Continuous); болатынын,  жалғаса  беретінін, Future  Perfect Progressive  (Continuous) 
арқылы білдіреді. 
 
Бұл топтағы шақтар іс - әрекеттің нәтижелілігін және созылыңқылығын білдіреді.  
The Present Perfect Progressive (Continuous) 
Аяқталған созылыңқы осы шақ 
 
The  Present  Perfect  Progressive  шағы  бұрын  басталған  іс  –  әрекеттің  осы  кезге  дейінгі 
болып  жатқан  созылыңқылығын  білдіреді:  I  have  been  waiting  for  you  a  long  time  -  Мен  сізді 
ұзақ уақыттан бері күтіп жүрмін.  
 The Past Perfect Progressive tense  
 Аяқталған созылыңқы өткен шақ 
Бұл  шақта  бұрын  басталған  іс  –  әрекеттің  белгілі  бір  уақытқа  дейін  болғанын  және  оның 
созылыңқылығын,  яғни  осы  кезге  дейін  жалғасқанын  білдіреді.  Бұл  шақтағы  іс  –  әрекеттің 
ертерек,  бұрынырақ  болғандығын  білдіреді:  The  businessmen  had  been  discussing  the  contract 
terms  for  2  days  -  Іскер  адамдар  келісім  шартын  екі  күннен  бері  талқылап  жатқан.  It  had  been 
snowing  heavily  for  2  hours  when  we  left  our  house  -  Біз  үйден  шыққан  кезде,  қалың  қар  екі 
сағаттан бері жауып тұрған. [33, 98] 
 The Future Perfect Progressive Tense 
 Нәтижелі аяқталатын созылыңқы келер шақ 
 Белгілі  бір  уақыт  кезеңіне  дейін  басталып,  болашақта  осы  кезге  дейін  созылатын,  созыла 
беретін  қимылды  білдіретін шақ.Мысалы, By the end of this year they will have been here  for 2 
years - Осы жылдың аяғында, олардың мұнда тұрғанына екі жыл толады. [2, 120 ] 
 Ал  енді  ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  The  Present  Perfect  Progressive  шағын  салыстыру 
жүргізейік.  
 The Present Perfect Progressive шағын салыстыру 
Етістіктің бұл шағы бұрын басталған іс әрекеттің қазіргі кездегі созылыңқылығын білдіру үшін 
for, since (бойы, бері) предлогтарымен қолданылады: Мысалы, My husband has been working for 
the  same  plant  for  25  years  -  Менің  күйеуім  бұл  зауытта  25  жылдан  бері  жұмыс  істеп  келеді.I 
have been learning the irregular verbs almost since 2 hours - Мен екі сағат бойы бұрыс етістіктерді 
оқып отырмын.  
Бұл шақтағы іс - әрекеттің болып жатқаны, белгілі бір уақытқа дейін, созылып аяқталатынын 
for  предлогты  сөз  тіркестері  мен  мезгіл  пысықтауыштары  көрсетеді:  for  all  day  long  –  күні 
бойы, for the whole month – бір ай бойы т.б. Мұндай мезгіл пысықтауыштар how long? қанша 
уақыттан бері?, қашаннан бері? Сұрақтарына жауап береді. She has been preparing for the exam 
all  day  long  -  Ол  емтиханға  күні  бойы  дайындалып  жатыр.  Ағылшын  тіліндегі  аяқталған  – 
созылыңқы  осы  шақтағы  сөйлемдерді  қазақ  тіліне  аударғанда  20  –  кестеде  көрсетілгендей 
кейбір кезде жедел өткен шақ мағынасына сай келетінін көре аласыздар.  
 The Present Perfect Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру  
Ағылшын тілі 
Қазақ тілі 
Қазақ тілі шақ формасы 
1.  I  have  been  drawing  the 
picture for a long time.  
1. Мен  суретті салғаныма  көп 
уақыт болды. 
Жедел өткен шақ 
2.  I  have  been  writing  the 
article since six o’clock. 
2. 
Мен 
мақаланы 
сағат 
алтыдан бері жазып отырмын. 
Ауыспалы осы шақ 
3. Although the sun is shining, 
it  is  still  cold  as  it  has  been 
snowing hard. 
3.  Күн  жарқырап  тұрғанымен, 
қатты  қар  жауғандықтан,  күн 
әлі суық. 
Ауыспалы осы шақ 
The Past Perfect Progressive шағын салыстыру 

 
 
230 
 
Бұл шақта іс – әрекеттің қанша уақытқа дейін созыла аяқталғаны for some time – біраз 
уақыт бойы, біршама уақыттан бері, for 2 hours – екі сағат бойы т.б. мезгіл пысықтауыштары 
арқылы  қолданылады:  The  students  had  been  working  for  some  time  when  the  teacher  came  in  - 
Мұғалім  келгенде,  студенттер  біршама  уақыт  бойы  жұмыс  істеуді  мұғалім  кірместен  бұрын 
бастап,  ал  ол  класқа  кіргенде,  олар  жұмыстарын  әрі  қарай  жалғастыра  берді.  When  my  father 
returned,  we  had  been  watching  TV  for  an  hour  -  Әкем  қайтып  келгенде,  біз  бір  сағаттан  бері 
теледидар қарап отырғанбыз. The mother thought we had been playing the piano since 3 o’clock  - 
Шешем бізді сағат үштен бері күйсандық тартып отыр екен деп ойлады. She had been sleeping 
for three hours when  we returned  – Біз қайтып келген кезде, оның ұйықтап жатқанына үш сағат 
болған. Бұл сөйлемдерде for предлогы болған іс - әрекеттің созылыңқылығын көрсетсе, since іс 
– әрекеттің қай кезден бастап іске асқандығын көрсетеді. 
 
Етістіктің  бұл  шағы  белгілі  бір  іс  –  әрекеттің,  тағы  бір  өткен  шақтағы  іс  –  әрекеттің 
басталар  кезінде  болғанын,  созыла аяқталғанын  көрсету үшін  қолданылады: Мысалы, My son 
looked  very  tired  when  he  came  home  as  he  had  been  playing  football  -  Ұлым  үйге  келгенде  өте 
шаршап,  тұрған  еді,  өйткені  ол  футбол  ойнап  келген  болатын.  (ол  үйге  келгенше,  біршама 
уақыт бойы, футбол ойнаған еді). [3, 509]  
21 - кестеге сүйенетін болсақ, ағылшын тіліндегі өткен шақ формасын қазақ тіліне аударғанда, 
мағынасы өзгермей өткен шақ мағынасында қалғанын байқай аласыздар. 
 The Past Perfect Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен  
салыстыру 
Ағылшын тілі 
Қазақ тілі 
Қазақ тілі шақ формасы 
1. I had been watching TV for 
three  hours,  when  my  friend 
came. 
1.  Досым  келгенде,  теледидар 
көргеніме  үш  сағат  болған 
(болды) 
Жедел өткен шақ 
2.  My  friend  felt  tired  as  he 
had  been  playing  tennis  for 
several hours. 
2.  Ол  бірнеше  сағат  футбол 
ойнағандықтан, 
қатты 
шаршағанын сезінді. 
Ауыспалы өткен шақ 
 The Future Perfect Progressive шағын салыстыру 
 
Бұл шақ көбінесе мынадай етістіктермен қолданылады:  
to study – оқу, зерттеу, to work - жұмыс істеу, to travel - саяхат жасау, to write – жазу, to listen 
– тыңдау, to watch – қарау, байқау, to read - оқу т.б.  
When Anar gets her Diploma she will have been studying at the Academy for 4 years - Анар диплом 
алғанша Академияда 4 жыл оқиды. I shall have been riding a bicycle for two hours when I meet you 
for the  second time  – Мен сізбен екінші рет кездескенде, екі  сағат  велосипед  тебемін. We shall 
have been working for a long time – Біз көп уақыт бойы жұмыс істейміз.  
Бұл шақ өте сирек қолданылады, көбінесе ағылшын тілінде Future Progressive пен Future Perfect 
қолданылады. 
 Aғылшын  тіліндегі  аяқталған  созылыңқы  келер  шақтың  сөйлемдерін  аудару  кезінде,  қазақ 
тіліндегі  етістіктің  келер  шақ  категориясына  дәлме-  дәл  сәйкес  келеді.  Егер  төмендегі  22  - 
кестеге қарасаңыздар нәтижесін көре  
аласыздар.  
Кесте – 22 
 The Future Perfect Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру  
Ағылшын тілі 
Қазақ тілі 
Қазақ тілі шақ формасы 
1.I  shall  begin  to  read  the 
morning  newspaper  at  ten 
o’clock in the morning. 
1.  Мен  таңертеңгілік  газетті 
оқуды 
таңертеңгі 
онда 
бастаймын 
Мақсатты келер шақ 
2.  When  my  daughter  return 
home  at  five  o’clock,  I  shall 
have  been  playing  computer 
fоr seven hours. 
2.  Менің  қызым  сағат  бесте 
үйге  келгенде,  мен  жеті 
сағаттай 
компьютер 
ойнаймын. 
Ауыспалы келер шақ 
3. By the  3
rd
 of August, 2003, 
he  will  have  been  working  at 
3. 2003 жылы үшінші тамызда 
оның  фабрикада  істегеніне 
Болжалды келер шақ 

 
 
231 
the factory for twenty years. 
20жыл болады. 
 Жоғарыда  көрсетілген  кестелерге  сүйенетін  болсақ,  біз  ағылшын  және  қазақ  тілі  етістік 
шақтарының  аударып  салыстырғанда,  құрылымдарындағы  гамматикалық  өзгешеліктерге  ие 
болдық.  Өздеріңіз  байқағандай,ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  етістіктің  шақ 
категорияларын  салыстырып  талдау  осы  шақ,  өткен  шақ  және  келер  шақ  категорияларында 
жүргізілді.  
Қолдану  аясында  қазақ  тілінің  етістік  шақтарын  ағылшын  тілінің  етістік  шақтарымен 
салыстыра  отыру  барысында  әртүрлі  өзгешеліктер  анықталды.  Ағылшын  және  қазақ  тілінің 
етістік шақтарының бір - бірінен толығымен ерекшеленетініне көз жеткіздік.  
  
Ұқсамайтын екі топқа жататын тілдерді - герман тобына жататын ағылшын тілін және 
түркі тілдері тобына  жататын қазақ тілінің фонетика  –  грамматикалық өзгешеліктері өте  көп. 
Мысалы,  Ағылшын  тіліндегі  етістік  шақтары  ағылшын  тілін  меңгерудің  ауызша  -  кіріспе 
бөлімінен басталады, көбінесе ағылшын және орыс тілдеріндегі етістік шақтарының мағынасы 
жағынан  да,  құрылымы  жағынан  да  сәйкес  келеді.  Ал  жеке  қазақ  тілі  мен  ағылшын  тілін 
қарастыратын  болсақ,  етістік  шақтарының  құрылымы  жағынан  да,  шақтарының  мағынасы 
жағынан да ұқсастықтарынан көптеген айырмашылықтар табылды, өйткені ағылшын тіліндегі 
етістік шақтарын ана тіліне аударғанда әр түрлі лексика – грамматикалық айырмашылықтар  
кездесті.  
  
Қорыта  айтқанда  ағылшын  тіліндегі  етістік  шақтарын  салыстыра  оқыту  негізінде 
шетел тілі және ана тілінің арасындағы лексика – грамматикалық айырмашылықтарды ажырата 
білуге, шетел тілінде дұрыс сөйлеуге мүмкіндік тудырады.  
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.
 
Аханов К. Грамматика теорияларының негіздері. А, 1972 – 322б  
2.
 
Арпабеков С. Қазақ тілі (анықтамалық) А, 2004 – 120б  
3.
 
Арын Е. Қазақ тілі: Энциклопедия А, 1998 – 509б  
 
 
Әбдікәрімова Тазагүл 
АДАМГЕРШІЛІК ТҰҒЫРЫ: БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ 
 
 
Аңдатпа 
 
Мақала авторы қазіргі таңда білім мен тәрбиенің ұрпақ үшін маңызы екендігі жайын 
қарастырған. Жеке тұлғаның отаншылдық сезімін арттыруда білімнің мәні, тәрбиенің зор 
екендігі туралы әңгімелейді. Ұрпақ тәрбиесінде ата-ана мен мектеп мұғалімнің өзара тығыз 
байланысының тиімді жолдары жайында айтады. 
 
Кілт сөздер: адам, тәуелсіздік, білім, дүниетаным, руханилық, адамгершілік, тәрбие, 
құндылық, жақсы мінез 
 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  дамыту  тұжырымдамасында  «Білім 
беру  жүйесінің  мақсаты  –  қоғамның  жоғары  білікті  мамандарға  деген  қажеттігін 
қанағаттандыра  аларлықтай  білім  берудің  тиімді  ұлттық  моделін  жасау»  деп  көрсетілген. 
Осыған  орай  еліміздің  ертеңі  –  жастарға  білім  мен  қатар  тәрбие  берудің  маңызы  бүгінгі 
жаһандану  заманында  барша  құндылықтардың  мәнін  жан-жақты  түсіндіре  алуға  бағытталуы 
қажет.  Құндылықтар  қатарынан  руханилық  пен  ұлттық  тәрбиені  бір  сәтке  естен  шығаруға 
болмас. Ал осыған саятын адамгершілік құндылықтары, сөз жоқ, жастардың орта, арнайы және 
жоғары дәрежеде білім алуы мен отбасында берілетін тәрбие арқылы жеке тұлға негізін қалау, 
одан қалды, қоғамның ықпалы арқылы көзқарасы мен дүниетанымының қалыптасуы – бәрі де 
адамның өмір сүру үрдісін көрсетеді. 
 
Адамгершілік мәселелерін қарастыру ерте кезден ерекше назар аударғаны баршаға аян. 
Өйткені тәрбиесіз білім, білімсіз тәрбие жоқ екені тағы белгілі. Тәрбиенің ұлы іс екендігі сан 
алуан еңбектерде айтылып келеді. Ал білім тәрбиесіз адамның санасынан орын алмайтыны да 
анық.  Қоғамда  неше  түрлі  қылмыстың  орын  алып  жатуы  да  осы  білімсіздікпен  байланысты 
болып  жатады.  Жеке  адамның  тағдыры  да  тәрбиесі  мен  алған  біліміне  тығыз  қатысты.  Өз 

 
 
232 
кезінде  Д.И.Менделеевтің  «Тәрбиесіз  білім  –  есуастың  қолындағы  қылыштай»  дегені  -  білім 
мен тәрбиені тең меңгерген парасатты адамдардың ойында қалыптасқан қағида.  
 
Осы арада тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана 
рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. 
 Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның адамгершілігі 
әрекеттерінің  ар  жағында  адами  қасиеттер  тұрады.  Олардың  көрініс  беруі  арқылы  шын 
адамгершілік  деп  баға  беруге  бола  ма?  Яғни  адамның  мінез-құлқына  қарап  оның  шынайы 
адамгершілікті  екені  туралы  айту  үшін  адам  бойындағы  кері  түрткілер  мен  сезімдер  жатуы 
мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Ендеше білім мен тәрбие адам бойындағы 
түрлі  жағымды  қылықтар  мен  адамгершілік  құндылықтарының  негізін  қалайды  деген  пікірді 
жоққа  шығару  қателік  болар  еді.  Шын  адамгершілік  руханилық  болады  деген  тұжырым  бар. 
Руханилық  ізгі  ақылдың  шешімі,  ізгі  сезім,  махаббат  пен  жанашырлық  саналы  және  санадан 
тыс әрекеттерден тыс көрінуі. 
 
Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилық негізінде адамның 
мінез-құлқы  қалыптасады,  ұят,  ар,  өзін-өзі  адамгершілік  бақылау  мен  бағалау  жүзеге 
асырылады.  Руханилыққа  жету  бала  жүрегінде  махаббаты,  мейірімді  ұялатады,  ол  сыртқы 
сұлулықты  түйсінуден  ішкі  рухани  сұлулыққа  дейінгі  дамудан  өтеді.  Ал  махаббат  адамның 
мінез-құлқына  рух  береді,  оны  өзгертеді,  шығармашылық  және  жасампаздық  әрекеттерге 
жетелейді.  Ал  жастардың  тұлға  болып  қалыптасып,  адал  махаббатқа  ие  болуы  өзекті  мәселе. 
Жеке тұлғаның туған жер, Отанына деген сезім отбасынан басталатыны белгілі. 
 
Ұлы  Абай  айтқандай,  адамгершілік  махаббат  пен  әділдік  екенін,  олардың  барлық 
нәрседе бар екенін және бәрін де шешетінін білетін болады. 
Адамгершілік тәрбиесі  жастарды адамгершілік ұғымы, ұстанымдары, мінез-құлық нормалары 
жайындағы  біліммен  кемелдендіреді.  Жас  ұрпақ  оларды  оқып-үйренумен  шектелмей,  оқу, 
тәрбие, еңбек үрдістерінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. 
 
Адамгершілік  қатынастар  моральдық  нормалармен  өлшенеді.  Моральдың  негізгі 
міндеті  –  адамның  мінез-құлқын  тәрбиелеу,  осы  арқылы  олардың  бойында  әдеп  сақтау 
қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. 
Адамгершілік тәрбиесі жас ұрпақтың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары 
мен әдеттерін қалыпастырады /2/.  
 
Ұлттық  тәрбиенің  ең  негізі  –  адамгершілік  қағидаттары.  Жасөспірімдер  –  ұрпақ 
жалғастығы.  Бұларға  ата-ана  күнделікті  дүниетанымын  тереңдете  отырып,  ұлттық 
құндылықтар  жайында  түсіндіріп  отыруы  өте  маңызды.  Қазіргі  жаһандану  кезінде  бүгінгі 
ұрпақты қай бағытта тәлім беріп, тәрбиелеу күрделі істердің бірі.  
 
Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы асыл 
қасиеттерді  қастерлеп,  өмір  талабына  сай  заңдылықтарды  түсіндіреміз  және  үйретеміз. 
Әдептілік,  имандылық,  инабаттылық,  мейірімділік,  қайырымдылық  құндылықтары 
қалыптасқан  халқымыздың  асыл  да  абыройлы  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  сана-сезіміне,  ақыл-
парасатына асыл қасиеттерді ұялата білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан 
ғасырларда  қалыптасқан  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыптарды  жан-жақты  терең  білумен  қатар, 
өзінің  бойына  адамдық  қасиеттерді  терең  сіңірген,  рухани  жаны  таза  адам  болуы  шарт.  Ол 
рухани-адамгершілік  тағылымдарды  әр  адам  болуы  шарт.  Ол  рухани-адамгершілік 
тағылымдарды  әр  ұстаз  барлық  сабақ  кезеңдерінде  негізге  алып,  өмірмен  байланыстыра 
отырып өткізсе, көкірегі ояу, мінез-құлқы дұрыс, саналы адам тәрбиелеп шығарады. 
 
Қазақтың  бас  ақыны  ұлы  ақын  Абайдың  қара  сөздерінде  аталмыш  тақырып  терең 
мәнге ие. Мәселен, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Сонда толық боласың елден ерек,- 
демекші,  әр  бала  өз  жүрегінің  қалауымен  ұстазды  қабылдауы,  оқушыға  әсер  ететіндей 
ұстаздың  жеке  басының  мәдениеттілігі,  сабырлы,  салмақтың  жеке  қарым-қатынас  кезінде 
инабаттылық, әдептілік, мейірімділік қасиеттері болу керек.  
 
Осындай  мақсатты  негізге  ала  отырып,  ұстаздың  бойындағы  жақсы  қасиеттердің 
оқушыға  берілуі,  кез  келген  пәнді  оқытудағы  ұйымдастырушылық  қабілетімен  тығыз 
байланысты.  Рухтың  мекені  –  адамның  жүрегі.  Сәби  жүрегі  қашанда  пәк.  Алайда  қоршаған 

 
 
233 
ортаның  әсерімен  өсе  келе  жасөспірімнің  мінезіне  өзгерістер  байқалады.  Жүректің  жылуы, 
махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.  
 
Ұлы  адамдардың  аталмыш  тақырып  төңірегінде  топтастырлған  өнегелі  сөздері  – 
тәрбие  құралы.  Тәрбие  –  адамгершілік  арқауы.  Арқаусыз,  негізсіз  дүние  –  мәнсіз.  Айталық, 
«Адамгершілік  кімде  болса,  соны  ер  деп  есепте»  деген  Ахмед  Югнаки  бабамыздың 
адамгершілік  азаматтың  бойында  болатындығын  меңзесе,  өз  кезінде  ұлы  педагог 
А.С.Макаренконің  «Егер  менен  педагогикалық  тәжірибеңізге  бір  сөзбен  анықтама  беріңізші 
деп  сұраса,  былай  дер  едім:  адамға  мүмкіндігінше  көбірек  талап  қойыңыз,  адамды 
мүмкіндігінше  көбірек  сыйлаңыз»  дегені  ұстаздар  қауымына  артылар  жауапкершілік  деп 
білеміз.  
 
Орыстың ұлы тұлғалары В.М.Шукшин «Адамгершілік дегеніміз - шындық» десе, И.И. 
Скворцов-Степанов: «Ақылды, адамгершілігі мол өзіне-өзі сеніп, жұртқа байыппен және ешбір 
үдіксіз  қарайды»  деген  ұлағатты  пікір  қалдырған.  Біз  білетіндей,  анығы,  жоғарыда 
көрсеткендей, білім мен тәрбиелеудің жеке тұлға өмірінде баға жетпес орны бар.  
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»-деп, адамзаттың ұлы ұстазы әл-Фараби айтып 
кеткендей, отбасынан басталатын тәрбиенің маңызы зор. Қазіргі ұлттық білім беруде ұстаздар 
қауымына  жүктелетін  жауапты  да  мәртебелі  жауапкершілік  -  қоғамға  қажетті,  елжанды, 
отаншыл, сезімі асқақ ұрпақ тәрбиелеу және терең білім нәрімен сусындату. 
 
Жаһандану  жағдайында  білім  мен  тәрбиелеудің  маңыздылығы  артуда.  Өйткені 
батыстық  үрдіс  жасөспрімдерге  кері  ықпал  етуде.  Осы  орайда  Тәуелсіздігіміздің  тұғырының 
берік болкы ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Аға ұрпақ алдындағы негізгі мәселе – әрбір 
жас ұрпақтың өз елінің патриоты болу және ата-ана міндеті ұлтжанды ұрпаұ тәрбиелеу. Тәрбие 
білімсіз қалыптаспайды, ол – анық. Алайда, ұлтжандылық – тәрбие өзегі. Сондықтан да бүгінгі 
тәрбиенің  басты  міндеті  –  адамзат  мәдениетінің  сан  ғасырлық  өркениеттік  жетістіктері  мен 
ұлттық  рухани-мәдени  байлықтарын  саралай  отырып  меңгеру.  Осыған  орай,  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамыту  тұжырымдамасында  «Білім  беру  жүйесінің 
мақсаты – қоғамның жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыра аларлықтай 
білім  берудің  тиімді  ұлттық  моделін  жасау»  деп  көрсетілген.  Яғни  терең  білім  алу  тәрбие 
арқылы  қабылданатын  болса,  тәрбие  басы  әдепке  келіп  саяды.  Бұл  пікір  бастауыш  сыныптан 
негізі  қаланатын  тәрбиеге  қатысты.  Қазіргі  қоғамда бұрынғы  кезеңге  қарағанда бала  тәрбиесі 
үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Өйткені  ақпараттық  технологияның  молдығы  бесіктегі 
баладан  бастап, тіпті еңкейген қартқа  дейін, сөз  жоқ, әсері мол. Ендеше  жаһандану  кезеңінде 
жастарға  ұлттық  білім  беруде  ұлттық  мұраттарды  игеру  -  мүддесін  көздей  отырып,  жүзеге 
асыру  мектептегі  көзге  көрінбейтін,  ұрпақты  өмірге  дайындауда  қажырлы  еңбек,  адами 
ыждаһаттылықты  қажет  етеді.  Бұл  -  мұғалімдер  қауымының  төгілген  ащы  терімен  ақталатын 
мәртебелі, педагогикалық ізгілікке толы әрекеттер жиынтығы. 
 
Қай  халықтың  болмасын  табиғи  болмасын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-
бітімін  даралап,  өзіндік  бет-бейнесін  айқындайтын  басты  белгі  –  ұлттық  менталитет.  Ұлттың 
рухани  болмысы  болып  табылатын  мәдениет  –  жаны,  ақыл-ойы,  парасаты,  мәдени, 
экономикалық  және  тарихи  мұраларының  маңызды  қазынасы  болмақ.  Ал  өркениетті  ұлт,  ең 
алдымен,  тарихымен,  мәдениетімен,  ұлты  ұлықтаған  ұлы  тұлғаларымен,  өзінің  әлемдік 
мәдениетінің  алтын  қорына  қосқан  көрнекті  үлесімен  айқындалады  және  өзінде  бар 
құндылықтармен өзгелерді тамсандырып, басқаларға танытады. 
 
Бүгіндегі бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманында әркім немесе барша адам 
өзіндік  жемісті  ісімен,  нәтижелі  бастамаларымен  таңғалдыра  отырып,  ғылым  мен  тәрбие 
үрдісін паш  етеді.  Ғылым білімнен бастау алады, ал мұрагерлік мұраты  отбасынан қаланады. 
Олай болмаған сәтте жаһанданудың табанының астында қалу қаупі төнері әбден мүмкін.. Ұлт 
ұрпағының тәрбиесі үшін сіңірген еңбек, берілген білім – отбасында ата-ананың және мектепте 
мұғалімнің жемісті істерінің негізгісі болмақ. 
«Ұяда көргенін, ұшқанда ілетін ұрпағының» өзіне ұят келтірмеуі үшін әрбір ата-ана отбасылық 
өнеге мектебінің іргесін мықтап қалауы тиіс.  
 
Өткен ғасырда өмір сүрген, айтқандары ғасырдан ғасырға жол тартатын ұлы ғалымдар 
мен  ойшылдардың,  дала  ұстаздары  мен  дала  заңгерлері  атанған  қазақтың  би-шешендерінің 

 
 
234 
өсиетке  толы  сөздері  –  тәрбие  құралы,  өмірлік  сабақ.  Айталық,  тәрбие  мен  білім,  өнер  мен 
мәдениет,  еңбек  пен  адамгершілік  жайында  сөз  қалдырмаған  даналардың  бірі  –  Ыбырай 
Алтынсарин.  
 
Ы.Алтынсарин  адамның  өмір  тіршілігіндегі  оқудың  арқасында  іздемей  табылатын 
игіліктерді таусылмас байлыққа теңеді және соны сөз етті, оқушының санасына әсер ету үшін 
ұлттық тәрбиеге аса мән берді.  
 
Білім беру жүйесінде тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін ешкім жоққа шығармайды. 
Алайда білім беруге қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – нарықтық экономиканың 
даму  қарқынына  сәйкес  жаңа  технология  талаптары  деңгейлеріндегі  еңбек  резервтерін 
дайындауды  қамтамасыз  етуге  қажетті  жағдайлар  туғызу  күн  тәртібінен  түспек  емес.  Осы 
орайда ұлттық білім беру мәселесі кезек күттірмейтін рухани мәселеге айналуы қажет екендігін 
жиі айтамыз. Ал мұндай өзекті мәселе  бойынша, «Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік  бірінші 
кезекте терең білімдік деңгейімен анықталады. Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігін 
ескере отырып, олардың оқудағы белсенділігі мен өзіндік әрекетінің табиғатын зерттеуде түрлі 
бағыттар  көп.  Баланың  өзін  тұлға  ретінде  толық  танытуына  мүмкіндік  беруге  бағытталатын 
саналы  әрекет  -  өзін-өзі  тәрбиелеу.  Баланың  мектеп  жасынан  өзіне  деген  сенімін  арттыру  – 
ертеңгі қиындыққа қарсы тұра алатын азамат болуға дайындау деген сөз. 
 
Мектептегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық мәдениет пен өнердің, тәрбие  мен 
білімнің  тарихында  Ы.Алтынсарин  шығармаларының  алар  орны  ерекше.  Көрнекті  қоғам 
қайраткері,  ақын,  педагог  қазақ  қоғамының  мәдениет  пен  экономика  жағынан  кенже  қалған 
тұсында  өмір  сүріп,  халқымыздың  демократиялық  мәдениеті  мен  өнерінің  біршама  өсіп-
өркендеуіне  айқын  жол  ашып,  баянды  негіз  қалады.  Бұл  ойымызды  педагог-ақынның 
шығармаларынан табамыз. Ол «оқыған адамның тілегені алдынан шығып», абзал істерге арқау 
боларын қайта-қайта айтты. Сөйтіп, шығармалары арқылы үлгілі, өнегелі сөздерімен өрнектеп, 
сол кездегі ұрпаққа  жол сілтеді, ал қазірде де ол айтқан ұлағатты сөздер білім мекемелерінде 
мәртебелі сөзге айналуда. Ал бүгінгі жаһандану кезеңінде  ұлттық құндылықтарды сақтау мен 
өзінің  бет-бейнесін,  ізгі  дәстүрлерін  сақтау  жолындағы  күрес  -  ұлттық  сананы  сақтау  күресі 
екенін  түсіну.  Бүгінгі  білім  беру  жүйесінде  аса  мән  беріліп  жүрген  адамдардың  бойында 
қалыптасқан  имандылық  қадір-қасиеттердің  рухани  құндылықтарға  жататыны  анық.  Алайда 
өзіміздің  ұлттық  құндылықтардың  қатарында  «бала  –  болашақ,  отбасылық  тәрбие  –  бесіктен 
берілетін өнеге» десек, осы мәселенің мәні жаһандану жағдайында өз маңызын жойып алмауы 
керек.  Ол үшін  не  істеу керек деген саңызды  сауалға, әрине, адамгершілік қасиеттердің адам 
бойындағы  асыл  қасиеттер  екенін  тілге  тиек  ету  орынды.  Сондықтан  «қазіргі  заман 
отбасындағы  ұрпақ  тәрбиенің  дұрыс,  тәлімнің  талапқа  сай»  екендігіне  күмән  келтіретін 
сәттердің  кездесуі  мақала  тақырыбының  өзектілігін  арттыра  түседі.  Жалпы  бала  жасынан 
дұрыс тәрбие, сапалы білім беру – ертеңге берілетін сенімді жолдама. Бұл бастауыш сыныпта 
қалыптасатын тұғыр, білімнің іргетасы.  
 
Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы жайында айтар болсақ, 
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық ...» деген Елбасының сөзі 
толғануға тұрарлық пікір. Білімді ұрпақ өсіріп, тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу адамзат өркениетінің 
қазіргі кезеңі  -қоғамдық  дамудың бар саласын  қамтыған жаһандану кезеңінің  теріс  жағы мен 
көлеңкелі тұстарын ұлттық тәрбие беруде кері әсерінің ықпалы зор болмауына себін тигізеді. 
Шын мәнінде, қазіргі білім беру жүйесін дамыту барысында ұлттық тәрбие үдерісі мен ұлттық 
білім  беру  үрдісін  тең  ұстау  ешкімнің  назардан  тыс  қалмауы  тиіс.  Осыдан  келіп,  еліміздің 
ұлттық  білім  беру  жүйесі  орналасқан  Еуразиялық  білім  беру  кеңістігін  айқындайтын 
ұстанымдар мен қағидалар жайында ой-пікірлер жинақталады. 
 
Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата 
тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы. Ал біз 
жоғарыда  атап өткен ұлттық мәдени құндылықтар  –  белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына  тән зат, 
адами қадір-қасиет,  яғни  халық ғасырлар бойы  жинақтаған ұлттық рухани және  материалдық 
құндылықтар.  Ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  жаһандану  жағдайында  ұлттық  білім  беру 
жүйелерінде  қолдану  азаматтық  іс,  ұрпақ  болашағына  арналған  игілікті  шара  болары  анық. 
Яғни  оқыту  процесіне  енгізу  арқылы  ұлттың  тұнып  тұрған  асыл  мұра-рухани  байлығынан 

 
 
235 
болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен 
отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды 
тәрбиелеп шығару. 
 
Жаһандану  жағдайында  отбасылық  үрдістің,  өмір  сүру  дағдыларының,  тіршілік  ету 
дәстүрінің келбеті өзгерістерге толы ағымға ие болуда. Осындай келеңсіз де көңілге қонымсыз 
жағдайда  ата-ана  баласын  танудан  қол  үзіп,  мектеппен  байланысты  бәсеңдетпеуі  керек. 
Керісінше,  ата-ана  ұрпақ  тәрбиесіне,  оның  болашағына  алаңдаушылық  танытып,  барынша 
сынып  жетекшілерімен  тығыз  байланыс  орнату  керек.  «Мектеп  –  кеме,  білім  –  теңіз»  деп 
қалыптасқан  қанатты  сөздің  мазмұнына  мән  берсек,  бала  тәрбиесінің  жауапкершілігін  тек 
мектепке  жүктеп  қою  жеткіліксіз.  Өйткені  «отбасы  –  тәрбиенің  алтын  бесігі».  Сол  бесікте 
тербетілген,  ана  уызынан  нәр  алған  ұрпақ  ұлтжандылық  сезіміне  бөленеді.  Осыдан  келіп, 
халық ауызында айтылатын «ана уызына жарыған» деген инабат пен ізгілкке толы ұғым пайда 
болады. Шын мәнінде, отбасы - бала үшін қай кезде де – жылы ұя, ата-ана мейірімі теңдесі жоқ 
құндылық. Сондай-ақ, отбасы - әнге әуес, күйге құмар, жаны сұлу, өмірге ғашық болып өсетін 
ұрпақтың алғашқы ұстаздары – ата-ана өмір сүретін мекенжай.  
 
Адамгершілік  қасиеттерінің  өмірде,  тұрмыста,  көпшілік  орында  және  отбасы  қарым-
қатынаста,  өзгелерге  өнеге  болатын  ғұламалардың  терең  ойларынан  жоғарыда  мысал 
келтіргендей, сабақ алуға болады. Сондықтан жас ұрпақ бойында адамгершілік анық. 
Білім  мен  тәрбиенің  адамгершілік  негізі  екендігін,  тәрбие  процесінің  күрделі  іс  екенін  барша 
қоғам  болып  жауапкершілік  деп  сезіне  отырып,  мектеппен  тығыз  байланыста  болудың 
дұрыстығы,  баласы  оқитын  сынып  мұғалімімен  түсінушілікпен  ортақ  мүдде  қалыптастыруда 
түсінбестіктің туындамауына жағдай жасау және  кімнің болса да мектеппен байланыс орната 
отырып,  шешуге  жол  іздегені  тиімді  болар  еді.  Өйткені  жеке  тұлға  қалыптастырудағы  білім 
мен тәрбиенің рөлі зор. 
 
Қорыта  келгенде,  тәуелсіздіктің  бақытын  сезінген  халықтың  ұлттық  білім,  ұлттық 
тәрбие, ұлттық таным, ар-намыс, ұят, мәдениет үрдістерін ой-санасында мықтап қалыптасуын 
қарастыру - білім беру мекемелерінің ұрпақ алдындағы қасиетті парыз.  
Бүгінде  ұлттық  білім  беру  жүйелерінің  дамуы  қоғамға  қызмет  ете  алатын  жеке  тұлға  болып 
қалыптастыруды мақсат етуімен тығыз байланысты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет